Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет338/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы 25
минут

Мұғалім 1-тапсырманы таныстырады (Тарату материалы 1):
Жоғары сынып оқушысы Нұрланның оқиғасы.
Нұрлан — 11-сынып оқушысы. Әр ай сайын ата-анасы Нұрланға белгіленген ақша сомасын (20 000 тг) түскі асқа, автобуста жол жүруге, ұсақ-түйек сатып алуға: шоколад, шырын, сағыз, және т. б. береді.
Күн сайын Нұрлан достарымен дүкенге кіріп, шырын мен шоколад сатып алады, кейде достарына да сатып алады.
Тіркелген сомадан басқа Нұрлан кейде киноға, достарының туған күндеріне сыйлыққа ақша сұрайды. Бұл сома айына шамамен 10 000-нан 20 000 теңгеге дейін. Нұрлан аптасына 3 рет ағылшын тілі сабағына қатысады. Әрбір сабақтан кейін ол бәліш немесе тоқаш пен сүйікті журналын сатып алады. Өкінішке орай, Нұрланға ата-анасы күнделікті шығындарға бөліп беретін сома үнемі жетпейді және ол ай сайын қосымша сома сұрауға мәжбүр болады. Нұрланның ата-анасы отбасылық бюджетті жүргізеді және ұлының тағы да ақша сұрайтыны оларды қынжылтады, себебі олардың барлық шығындарын есептеп, ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттарға бөлінген қаражаттан ақша бөлуге тура келеді. Бұл жағдайдың «артықшылықтары» және «кемшіліктері» қандай?
Бұл жағдайдағы «артықшылықтар»:
• Нұрланның ата-анасы бюджет жүргізеді — бұл олардың шығындарға белгіленген соманы бөліп отырғанынан түсінікті

Оқушылар оқулықтан тапсырмаларды орындайды. 1-тапсырманы орындау кезінде оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

  • Бұл

оқиға туралы не ойлайсыз? •Нұрланның және/немесе оның отбасының проблемасы неде?

  • Бұл жағдай үйреншікті ме? Жауаптарды тыңдап, келесі қорытындылар

Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері.
11-сыныпқа арналған /Е. С.
Дүйсенхано в, Н.Е.
Жұлдызбаев
, С. А.
Щеглов — Алматы:
КөкжиекГоризонт,
2020. —297 бет.
Оқулық, интерактив-
ті тақта, таратпа
материал







  • Нұрланның ата-анасы қаржылық жоспарлау

дегеннің не екенін біледі — оларда ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттар бар.
«Кемшіліктер»:

  • Отбасы Нұрланның күнделікті шығындарына байланысты алға қойылған қаржылық мақсаттарын үнемі кейінге ысырады (автомобиль сатып алу кейінге қалдырылды).

Бюджет — белгілі бір мерзімге арналған кірістер мен шығыстардың жиынтығы.
2. Қатысушылардың ұсыныстарын тыңдап, талқылаудың қорытындысын жасау керек. Төменде Нұрлан мен оның отбасына берілетін ұсыныстар берілген:

  • Бюджет құру және оның орындалуын бақылау. • Күнделікті шығындарды, әсіресе жоспарланбаған шығындарды қадағалау.

  • «Ақша тонаушылармен» күрес стратегиясын қабылдау, яғни отбасының өмір сүру сапасына зиян келтірмей өмір сүре ала- тын сатып алулармен күрес стратегиясы. (Бұл — адамдардың шынайы қажеттілігі туралы жоспарламай және ойланбастан кенеттен жасайтын шығындары). Нұрланның ата-анасына:

  • Нұрланға ақшаның «аспаннан түспейтінін», ауыр еңбекпен келетінін түсіндіру, оған ерекше тапсырманы орындауды тапсыру (түскі асты әзірлеу, үйді толық жинап-жуып шығу).

«Қол сұғылмайтын қор» деп аталатын қор құру және оны отбасы бір ай ішінде күтпеген шығыстарға жұмсайтын белгілі бір сомаға дейін үнемі толықтырып отыру. Бұл сырқаттанып қалу, үй техникасының ақауларын жөндеу, жедел жөндеу жұмыстары және т. б. сияқты жоспарланбаған оқиғаларға байланысты шығындарды жабу мақсатында жұмсалатын отбасының жеке жинағы. • Жиынтық табысты жиынтық шығыстармен салыстыра отырып (қордағы жарналарды қоса алғанда), Нұрлан қосымша сұраған соманы осы сомадан алып тастай отырып, отбасы ай сайын кейінге қалдыра алатын соманы бөлу.

  • Қаржылық мақсаттар қою және оларды жинақ мүмкіндіктерімен және қол жеткізу мерзімдерімен сәйкестендіру.

  • Қаржылық мақсаттарды олардың басымдылығы мен қол жеткізу уақыты тұрғысынан кезең-кезеңімен қайта қарау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет