Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет350/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы 25
минут

Мұғалім түйіндеме үлгілерімен таныстырып, 2тапсырманы береді.
2- тапсырмада мұғалімге жұмыс беруші дәрежесінде және ізденуші дәрежесінде және бақылаушы дәрежесінде болу мүмкіндігін ұсынуға болады. Оқушылар әртүрлі рольдерде болу арқылы әңгімелесу процесіне әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарай алады және процестің аспектілерінен жаңа мәліметтер алады.
Көмекшілердің міндеті — ізденуішінің күшті жақтары немесе жағымды сипаттары туралы әңгімелеп, маңызды сәттер туралы ескерте отырып ізденушіні барынша жақсылап дайындау.
Жұмыс беруші өкілінің міндеті — жұмыс берушіні қызықтыруы мүмкін сұрақтарды қою, сұрақтар арандатушы сипатта болуы мүмкін.
Сабақ ойын түрінде құрылады, теориялық бөліммен танысқаннан кейін жұмысқа қабылдаудың нақты жағдайын ұсыныңыз. Балаларды 4 адамнан тұратын топтарға бөлу ұсынылады.
Жұмысқа қабылдау жағдайын ойнатып көріңіз, үміткердің қалауын ескере отырып, оның қандай компанияға баратынын анықтаңыз (ізденуші болашақта жұмысқа тұрғысы келетін шынайы компания болуы мүмкін).
Көмекшілердің міндеті — қандай жағымды немесе күшті жақтары болуы қажеттігі туралы әңгімелеп, ізденушіні жақсылап дайындау. Жұмыс беруші өкілінің міндеті — жұмыс берушіні қызықтыруы мүмкін сұрақтарды қою, сұрақтар арандатушы сипатта болуы мүмкін («Бұрынғы жұмысыңыз өзіңізге ұнаған болса, одан неге шығып кеттіңіз?», «Егер сіздің тәжірибеңіз жоқ болса, сіз қалайша өзіңіздің тиімділігіңізге сенімді бола аласыз?»).
Ізденушінің міндеті — 3 минуттық әңгімелесу барысында жылдам, сенімді түрде, дәлелдер келтіре отырып және болашақта әңгімелесуден өтудің жеке стратегиясын қалыптастыра отырып, болашақта түйіндемеде көрсетуге болатын өзі үшін маңызды аспектілерді бөліп көрсете отырып, қысқа да нұсқа жауап беру.
Көмекшілер әңгімелесу кезінде көмектесе алмайды, бірақ тыңдап, белгілі бір сәттерді белгілеп ала алады. Сабақ соңында әңгімелесудің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы әрбір қатысушының әсерін тыңдау керек және тұжырымдалған нәтижелерді түйіндеу керек.
Осыдан кейін қатысушылар рольдерін алмастырады.

Оқушылар 2тапсырманы жұмысқа орналасудың оқу-ойын жағдайын қолдана отырып орындайды және мұғалімнің сұрақтарына
жауап береді

Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері.
11-сыныпқа арналған /Е. С.
Дүйсенхано в, Н.Е.
Жұлдызбаев
, С. А.
Щеглов — Алматы:
КөкжиекГоризонт,
2020. —297 бет.
Оқулық А4 форматты парақтар,
маркерлер
Оқулық, толтыру үшін
кестелер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет