“Брейн – ринг”.
Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Бірінші жауап берген команда, белгі береді.
Сұрақтар.
Экономиканың негізгі сұрағы?
Өндіріс процесіне тартылатын ресурстарға жататындар…
Экономикалық айналымға кімдер қатысады…..
"Жер" - өндіріс факторы өз иесіне қандай факторлы табыс әкеледі?
«Капитал» - өндіріс факторы өз иесіне қандай факторлы табыс әкеледі?
«Еңбек» - өндіріс факторы өз иесіне қандай факторлы табыс әкеледі?
«Ақпарат» - өндіріс факторы өз иесіне қандай факторлы табыс әкеледі?
«Кәсіпкерлік қабілет» - өндіріс факторы өз иесіне қандай факторлы табыс әкеледі?
Жеке табыстарды қалыптастырудың негізгі көздері…….
«Жинақтаулар» – бұл…
Егер уақыт қалса, мұғалім пікірталас өткізеді, кері байланыс береді
«Комплимент» жаттығуы Сабақты әсерлі аяқтау үшін «Комплимент» жаттығуларының бір нұсқасын қолдануға болады (Комплимент-мақтау, іскерлік қасиеттерге мақтау, сезімге мақтау), онда оқушылар бір-бірінің сабаққа қосқан үлесін бағалайды және бір-біріне және мұғалімдерге сабақ үшін алғыс айтады. Сабақты аяқтаудың бұл нұсқасы әркімнің жеке маңыздылығын тану қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Atameken Akademy білім
беру онлайн-
платформасының материалдары, бейнесабақтар (atameken.co).
Бағалау
Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар үшін onlinemektep.org. платформасында тапсырмаларды орындай отырып, қалыптастырушы бағалау жүргізуге болады
10.1.4.1 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторларды біледі;
10.1.4.2 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторлар арасындағы айырмашылықты түсінеді
Сабақтың мақсаты
табысқа әкелетін ресурстар мен факторлар арасындағы өзара байланысты қадағалау;
ресурстарды дұрыс таңдауды және оларды тиімді пайдалануды үйрену.