Соңында мұғалім келесіні хабарлайды: «Егер сіз тапсырманы орындай алсаңыз — сізді құттықтаймыз! Сіз — тамаша командасыз, және сіздің табысыңыз — ол сіздің ұйымшылдығыңыздың және барлық қолда бар ресурстарды шебер пайдаланудың жемісі. Егер сіздің жұмыртқаңыз жарылып қалса — көңіліңізді түсірмеңіз және қайта ойыннан қандай тұжырым алуға болатынын ойланыңыз. Сіздің қатеңіз неде болды? Сізде екінші мүмкіндік болғанда, сіз оны қалай түзететін едіңіз? Сіз командалық жұмысыңызды басқаша ұйымдастырар ма едіңіз?» Оқулық бойынша оқушыларға сұрақтар қойыңыздар:
Берілген жұмыртқа немесе 5000 алтын нені білдіреді?
Ойын барысында командаңыздағы әр ойыншының өзіндік құзыреттілігінің қаншалықты маңызды рөлі болғаны туралы ойлаңыз? Ойын барысында командалар не себепті ойыншылармен алмасты? Одан қандай қорытынды шығардыңыз?
Сабақты қорытындылаңыз: тапсырмадан қандай нәтиже шығардыңыз?