9. «ЕСЕПТЕЛІНДІ/ЕСЕПТЕЛІНГЕН ЖОҚ» ҚОЮ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Формативті бағалау пәнді оқу барысында білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу және оқу процесінде оларға қолдау көрсету мақсатында жүргізіледі. Тоқсан мен оқу жылының соңында «есептелді» /«есептелген жоқ» қойылады.
10 сыныпқа арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша сынақ қою талаптары [8]:
1-тоқсан. «Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік». Оқушылар:
Кәсіпкерлік негіздерінің пәнін, мақсаттары мен міндеттерін түсінеді;
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі;
Экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді;
Микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді;
Кәсіпкерлікті жеке мотивация мен өзін-өзі іске асыру формасы ретінде қарастырады;
Кәсіпкер біліктілігі ретінде идеяның қалыптасу маңызын бағалайды;
Бизнес-идеяны қалыптастыру құралын қолданады;
Тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторларды біледі; - Тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторлар арасындағы айырмашылықты түсінеді;
Сұраныс пен ұсыныс заңдарын түсінеді;
Сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторларды біледі;
Нарықта тепе-теңдіктің қалыптасуы, артықшылық пен тапшылықтыбіледі;
Негізгі факторлардың өзгерісіне нарықтың бейімделу үрдісі ретіндесұраныс пен ұсыныс икемділігін түсінеді.
ATL, BTL арқылы соңғы тұтынушыға дейін зерттелетін өнімнің/қызмет көрсетудің құндылықтарын жеткізу жоспарын ұсынады;
Сандық маркетингтің мәнін түсінеді;
Сандық маркетинг арқылы соңғы тұтынушыға дейін зерттелетін өнімнің/қызмет көрсетудің құндылықтарын жеткізу жоспарын ұсынады. 4-тоқсан. «Ойлау дизайны». Оқушылар:
Ойлау дизайнының мәнін түсінеді;
Ойлау-дизайны қай жерде қолдануға болатынын түсінеді;
Ойлау-дизайны тәсілдерін бизнес-идеяларды іздестіру мен бизнес-үдерістерді ұйымдастырудың дәстүрлі тәсілдерімен салыстырғандағы артықшылықтарын салыстырады;
Жобаға тікелей немесе жанама әсер ететін тұтынушылар тобын анықтай біледі;
Эмпатия қағидаларын түсінеді және тәжірибеде қолдана біледі;
Сұхбат жасай білу және ондағы сұрақтар кезектілігін дұрыс ұйымдастыра алады
Мәселені дұрыс айқындап және сипаттай біледі;
Сұхбаттан алынған ең маңызды тұжырымдарды анықтайды;
Ақпараттың маңызды сәттерін бөледі және оларды ары қарай қолдану үшін тиімді рәсімдей алады;
Сұхбат кезінде алынған ақпаратты топтайды;
Брейнсторминг қағидалары мен қажеттілігін түсінеді;
Брейнстормингті жүргізу ережелері мен оларды сақтап, орындай алуды біледі;
Брейнсторминг кезеңдерін білу және кезеңдерін сақтап, айтылған идеяларды жүйелеу және солардың ішінен ең жақсысын таңдайды;
Прототип жасауды түсінеді және қағидаларын түсіндіреді;
Прототип жасаудың негізгі әдістерін біледі және қолдана алуды үйренеді;
Адамға бағытталған дизайн үшін тестілеудің маңызын түсінеді;
Шешім қабылдау кезінде кері байланыстың маңызын және эмпатияны тереңірек дамыту мүмкіндігін түсінеді;
Тәжірибеде алынған идеяларды қолдану мүмкіндігін бағалайды;
Жасалынған жұмыс үдерісін сипаттау үшін сторителлинг қағидаларын түсінеді;
Ойлау-дизайнымен жұмыс жасау кезінде алынған барлық білімдерді талдау, тұжырымдар жасау және болашақта берілген қағидаларды қолдана алатындығын дәлелдейді.
11 сыныпқа арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша сынақ қоюға арналған талаптар:
1-тоқсан. «Стартап акселератор (1)». Оқушылар:
Кәсіпкер (стартапшы) үшін питчингтің мәні мен мағынасын түсінеді;
Оқу-ойын жағдайында өз идеяларын іске асыру үшін питчинг дағдыларын қолданады; - Команда мүшелері арасындағы рөлдерді анықтайды;
Оқу-ойын жағдайында командаға қажетті адамдарды тарту үшін шешендік өнер дағдыларын қолданады;
Бизнес модель түсінігін сипаттайды;
Канва бизнес моделінің және бизнес-жоспардың құрылымын түсінеді;
Оқу-ойын жағдайында өз стартап идеялары үшін маңызды құндылықтарды қалыптастыру дағдыларын қолданады;
Стартап жоба үшін маркетингтің мәнін түсінеді;
Тұтынушылар сегменттерін мен олардың қажеттіліктерін, нарық сыйымдылығын талдайды;
Өміршеңдігі ең төмен өнімнің (MVP) қағидаларын түсінеді;
Өз стартапында ең аз мөлшерде өнімді сату туралы шешім қабылдайды;
Тұтынушыға құндылық «Қалай» (қандай арналар нәтижесінде) жеткізіледі? - деген сұраққа жауап береді;
Қандай да бір коммуникация арналарын таңдау қандай пайда әкелетінін түсіндіреді;
«Тұтынушылық және сатып алушылық бейілділік» түсінігін ажыратады;
Коммуникация каналдары арқылы тұтынушылармен өзара қатынас стратегиясын құрады;
AB-тест, пайда түсімі арналарының мәнін түсінеді;
Кіріс құрылымын талдайды;
Оқу-ойын жағдайында AB-тестіні талдау мақсатында қолданады.
2-тоқсан. «Стартап акселератор (2)». Оқушылар:
Стартаптарда ресурстардың мәні мен маңызын түсінеді;
Инвесторлардың назарын аудару үшін шешендік өнер (питчинг) дағдыларын қолданады.
3-тоқсан. «Кәсіпкердің өзін-өзі жетілдіруі». Оқушылар:
Актив және пассив, бюджеттің мәнін түсінеді;
Кірістер мен шығындарды ажырата біледі;
ҚР екі деңгейлі банктік жүйені ажыратады;
Депозиттер мен кредиттің мәнін түсінеді;
Кредиттік және депозиттік мөлшерлемеге әсер етуші факторы ретіндегі инфляция түсінігін түсінеді;
Әлемдік ақша бірліктерінің жүйесін сипаттайды;
Қолма қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ажыратады;
Депозиттік және кредиттік пайызды есептеуде дағдыларды қолданады;
Қор нарығының жұмыс механизмін біледі;
Қор нарығына экономикалық циклдардың әсерін біледі;
Құнды қағаз түрлерінің айырмашылығын анықтайды;
Жеке бюджетті басқарудың негізін түсінеді;
Жеке бюджетті басқару құралдарын қолданады;
Өзін-өзі алға жылжыту мәні мен оның құрамын және жеке брендингті түсінеді;
Құзыреттілік пен біліктіліктің айырмашылығын анықтайды;
Өз түйіндемесін құру дағдыларын қолданады;
Оқу-ойын жағдайында жұмысқа орналасуда өзін-өзі дамыту дағдыларын қолданады;
Адамдармен сенімді және ұзақ мерзімді қатынастың маңызы және өзара көмектесу
қажеттігін түсінеді;
Өз мәселесін шешу үшін екі жақты іс-әрекеттің кәсіби потенциалын пайдалану мүмкіндігін өз көзқарасымен суреттейді;
Кәсіпкер үшін келіссөздердің маңызын түсінеді;
Оқу-ойын жағдайы шеңберінде оқушылардың өзара қатынасындағы келіссөз дағдыларын қолданады;
Эмоционалды интеллект мәні мен мағынасын түсінеді;
Эмоционалды интеллектіні басқарудың көмегімен өз мақсаттарына жету мүмкіндіктерін зерттейді;
Тайм-менеджментінің мәні мен мағынасын түсінеді;
Өз тиімділігін арттыру мақсатында уақытты басқару дағдыларын қолданады.
4-тоқсан. «Даму стратегиясы». Оқушылар:
Бизнестің ауқымын кеңейту және оның мәнін түсінеді;
Нарық дамуының болжамын талдайды;
Дамудың базалық стратегияларының мәнін түсінеді;
Экономикалық өсу, ЖҰӨ, ЖІӨ мәнін түсінеді;
Бизнес дамуының қарқынды және экстенсивті тәсілдерін танып біледі;
Сапаны басқару құрамын және оның мәнін түсінеді;
Кайдзен қағидасын сипаттайды;
Халықаралық бизнестің мәні мен мағынасын түсінеді;
Ойындық түрде халықаралық нарыққа Қазақстан өнімдерін шығарудың стратегиясын құруда өзіндік көзқарасты қалыптастыру үшін халықаралық бизнестің аясынан факторларды синтездейді;
Тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған, мемлекет пен қоғамдық қозғалыс іске асырып отырған шаралар жиынтығымен танысады;
Тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымдарын ажырата біледі;
Оқу-ойын жағдайында тұтынушылардың құқығын қорғау дағдыларын қолданады; - Кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған, мемлекет пен қоғамдық қозғалыс іске асырып отырған шаралар кешенімен танысады;
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау ұйымдарын ажырата біледі;
Кәсіпкерлік пен бизнес қолдау институттарын сипаттайды;
ШОБ-ты мемлекеттік қолдау түрлерін түсінеді;
Оқу-ойын жағдайында кәсіпкерлердің құқығын қорғау дадыларын қолданады;
Кәсіпкерлердің экономикалық, әлеуметтік, заңды, экологиялық, этикалық жауапкершілік түрлерін танып біледі;
Мақсатты қоя білудің мәнін түсінеді;
Мақсатты тиімді қою үшін мақсатты болжау құралын қолданады;
Дұрыс мақсат қою арқылы жеке мансап стратегиясын құрады;
Жеке өмір стратегиясын қорғау кезінде шешендік өнер дағдыларын қолданады.