2.Google Classroom.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында Google Classroom белсенді түрде енгізілуде, ол қазіргі цифрлық қоғамның жаңа сын-қатерлеріне жауап береді және оқыту процесін білім алушыларды өз білімдері мен дағдыларын жобалауға белсенді тартуға мүмкіндік береді.
Google Classroom - бұл білім беру процесін ұйымдастыруға арналған заманауи бұлтты платформа. Бұл платформа оқытушылар мен оқушылардың ынтымақтастығына негізделген нәтижелі оқу қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Google Classroom оқу процесін ұйымдастырудың кең мүмкіндіктерін ұсынады: Google Classroom қызметіне кіру – өз курсын құру, пәндер бойынша әртүрлі курстар қосу, оқушыларды сабаққа шақыру, сыныпта тапсырмалар құру, оқушылардың тапсырмаларын бағалау және қарап қайта жіберуге мүмкіндік береді. Google Glass көмегімен әр түрлі оқу ісәрекеттерімен жеке және топтық жұмысты ұйымдастыруға болады. Google Classroom платформасын қолдану білім мазмұнын жаңартуға, педагогикалық тәсілдерді кеңейтуге, сараланған оқыту технологиясын іске асыруға, сондай-ақ қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға ықпал етеді.
Google Classroom - LMS ретінде қолданылатын қосымшалардың бірі. Google Classroom-ды кеңейту және орнату өте қарапайым. Барлық деректер Google серверлерінде сақталады: YouTube бейне сабақтары, Google дискідегі электрондық оқулықтар, тыңдаушылар Google құжаттарында жазбаша жұмыстар орындайды. Google аккаунтын құру: 1) Google аккаунтын - gmail.com поштасын құру
Google Classroom-да жұмысты ұйымдастыру үшін сізде Google аккаунты болуы керек. Google аккаунт құру үшін сізге келесі әрекеттерді жасау қажет:
Браузерде Gmail.com енгізу;
«Создать аккаунт» түймесін таңдаңыз;
Аккаунтты құру терезесінде деректерді, логинді, парольді енгізіңіз, содан кейін «Далее» басыңыз;
Келесі терезеде телефон нөмірін, қосымша электрондық пошта мекенжайы, туған күніңізді енгізіңіз, содан кейін «Далее» басыңыз;
Телефоннан растау кодын енгізіңіз;
Google құпиялылық саясатымен келісеміз - содан кейін «Принимаю» басыңыз; - Google аккаунты жасалды. 2) мекен-жай жолына Google Classroom енгізіңіз. 3) Сіз өзіңіздің жеке Google Glass парағыңызда боласыз. Google Classroom-да курс құру:
Жаңа курс жасау үшін "+" белгісін басыңыз
Пайда болған мәзірден «Создать курс» таңдаңыз.
Біз сыныпты оқу орнында пайдаланбайтынымызға келісеміз - белгі қойып, жалғастырамыз.
курс құру терезесінде курс атауын енгізіп, «Создать» басыңыз.
Сіз курс құрдыңыз, бірақ онда білім алушылардың бірде-біреуі тіркелген жоқ.
Білім алушыларды қосамыз. Ол үшін курс атауын басыңыз.
Курс терезесіне түсесіз. «Пользователи» батырмасын басыңыз.
«Учащиеся» тармағындағы "+" белгісін басамыз
Оқушыларды шақыру терезесінде білім алушының gmail поштасын енгізіп,
«Пригласить».түймесін басыңыз
Осылайша барлық білім алушыларды қандай да бір топқа шақырамыз.
Олардың пошталарына курсқа шақырулар келеді, олар оны қабылдауы қажет болады. 10) Енді сізде Google Classroom-да өз курсыңыз бар және онымен жұмыс істей аласыз.