Қазақстан республикасының атынан үкім



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата17.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#50920
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
УƏЖДЕУ БӨЛІГІ:
Басты сот талқылауында сотталушы Л.Əсетілла өзінің кінəсін толығымен
мойындап, 2020 жылы БАƏ барып, сол жерде «гидпен» танысып, онымен
жақсы араласып, одан инвестиция қалай, қайда жасау керектігін білгендігін.
Кейін ол құрылыс компаниялары туралы сайттарын жібергендігін. Соны көріп
2-3 компанияның офисіне барып, ол жерде менеджерлермен сөйлесіп,
инвестиция арқылы жақсы ақша табуға болатындығын көріп, адамдар іздей
бастағандығын. Содан «Лаура» деген кісімен танысып ұялы телефон жəне
«Whаts App» хат алмасу желісі арқылы консультация алып, ол жақсы компания
керек деп интернет арқылы Дубай қаласындағы «Sevem Tiles International»
компаниясымен байланысып, олармен қалай жұмыс жасауға болатындығын
сұрағандығын. Олар субподрядчик ретінде қатысуға болатындығын түсіндіріп,
қанша ақша салып, қанша табыс табуға болатындығын түсіндіргендігін. Содан
өзінің таныстары арқылы ақша жинап, құрылыс жобасына қоспақшы болғанда,
«Виктория «деген менеджер құрылыс бітті деп келісім жасаймыз деген кезде,
бірінші ақшаларын салған адамдар, өз ақшаларын сұрай бастағанда, кейінгі
ақша салған адамдардың ақшаларын оларға беріп, өзінің де ақшаларын
бергендігін. Сонда жобаға басқа да адамдарды тартып, ақша жиналып, бірақ
Дубайға жетпей, бірінші салған адамдардың ақшаларын 2 еселеп
қайтарғандықтан ақша азайып кеткендігін. Содан 2-ші жəне 3-ші жоба жасау
үшін басқа адамдардан ақша жинағандығын. Сол кезде 1-ші жобаға ақша
қосып, ақша алған адамдар, өздерінің ақшаларын қайта қосып, команда жинап
жинап ақшаларын салғандығын. Бірақ ақша жиналып біткен кезде «Виктория»
деген менеджер кетіп қалып, орнына басқа менеждермен сөйлескендігін. Кейін
жəбірленушілер 
Ж.Ахаева, 
Г.Қожай, 
А.Магулбекова, 
Ш.Байымбетова,
Қ.Байымбетованы Дубай қаласына қыдыртып апарып, құрылыс болып жатқан
қонақ үйді көрсетіп, жоба туралы оларға айтып,инстаграммаға бейнежазба
салғандарын. Олар бұл жобаның жоқ екендігін білмей, өздері команда құрып,
адамдарды тартып ақша жинағандарын. Сондықтан кейбір жəбірленушілермен
өзі кездеспей, сырттай танысып отырғандығын. Сондай-ақ жобаға қосу үшін
банктан несие алған жəбірленушілердің ай сайынға пайыздық төлемдерін төлеп
отырғандығын. Сол уақытта «Гульжан» деген кісіге алданып оның шотына
көпақша салып, ол кісі ақшаларды алып кеткендігін. Құрылыс компанияларына
жəбірленушілерден ақша жинап екі есе қылып ақшаларын қайтармақшы
болғандығын. Бірақ өзі алданып, жобалары іске аспай қалғандығын. Қазіргі
кезде осы жобаға қаражат салған басқа да адамдарға қарыз болып, оларда
өздерінің 
ақшаларын 
ала 
алмай 
жүргендерін. 
Пирамида 
құрып
жəбірленушілерге ақшаларын қайтара алмағандығын мойындайтындығын.
Олардан түскен ақшаларды өз қажеттілігіне жаратпағандығын. Жасаған 
қылмысына өкініп, қазіргі кезде жəбірленушілерге келтірген материалдық
залалдың орнын толтырып беретіндігін. Олардың алдында кешірім
сұрайтындығын айтып. Бас бостандығынан айырмауды сұрады. (файл 2022-22-
08 10.11.07)
7513-22-00-
1_249_0509202292435_mix.mp3_m)
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан əрі-
ҚПК) 115-бабының 3-бөлігі бойынша, күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық
жасаудағы өз кінəсін мойындауы оның кінəлі екендігі іс бойынша қолда бар
дəлелдемелер жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау негізіне


жатқызылуы мүмкін.
Сот, сотталушы Л.Əсетілланың кінəсі, оның өзіне тағылған айыптарын
толық мойындауынан басқа, сотта зерттелген қылмыстық іс-құжаттарымен
толық дəлелін тапты деген тұжырымға келеді.
Басты сот талқылауында жəбірленуші Г.Малдыбекова, сотқа дейінгі
тергеп-тексеру кезінде берген жауаптарын қолдап, Л.Əсетілламен Шымкент
қаласы, «Айдана плаза» қонақ үйінде кездесіп танысқандығын. Дубай
қаласындағы 
болып 
жатқан 
«Sevem 
Tiles 
International» 
құрылыс
компаниясының жобасына ақша салып, кейін екі еселеп қайтарып аласыз деген
соң қолмақол жəне каспи голд қосымшасы арқылы жалпы 83 000 000 ақша
қаражатын беріп, алданғандығын. Қəзіргі кезде талап арызын қолдайтындығын
айтты. (файл 2022-22-08 10.11.07)
Басты сот талқылауында жəбірленуші Ж.Ахаева, сотқа дейінгі тергеп-
тексеру кезінде берген жауаптарын қолдап, 2020 жылы Л.Əсетілламен Дубай
қаласына қыдырып барып, сол жерде құрылыс болып жатқан жерді көрсетіп,
жобаға ақша салып екі есе ақша алуға болады деп алдап, 3 000 000 теңге ақша
қаражатын алғандығын. Қəзіргі кезде талап арызын қолдайтындығын айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет