«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет130/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   151
Сақтаудың жекелеген түрлері. Ломбардта сақтау. Жылжымалы мүлікті кепілге қою арқылы азаматтарға несие берумен қатар, ломбардта оларға сақтау бойынша қызметтер де көрсетеді. Ломбардтың осы қызмет түрлеріндегі көрінген айырмашылықтарға қарамастан оларды біріктіретін белгілер де бар. Ломбардтар басым жағдайларда табиғаты жағынан банктік болып табылатын қызметті жүзеге асырады.

Сол себептен ломбардтар барлық жағдайларда қаржылық банктік емес ұйымдар ретіндегі олардың арнайы құқық қабілеттілігімен қамтылатын құқықтық қатынастарға қатысады. Олардың қызметі ломбардтар туралы қызметтен басқа Ұлттық Банк басқармасымен 23 тамыз 1997 жылы бекітілген банктік емес қаржылық мекемелер туралы Ережемен реттеледі. Ломбард кепілге несие беру үшін де, азаматтардың құныдылықтарын сақтау үшін де Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алуға міндетті. Заттарды салу кезінде де ломбард олардың сақталуын қамтамасыз ету міндетін алады, яғни бұл жағдайда да сақтау қатынастары пайда болады.

Ломбард заттарды сақтаудың жария шартын жасасады және осыған орай ол өзіне жүгінген тұлғалармен шарт бекітуден бас тартуға құқылы емес. Егер клиент жүгінген сәтте ломбардта сақтау үшін қажет алаңдар (сейфтер, шкафтар немесе үй-жайлар) болмаса ғана бас тартуға жол беріледі. Заттарды ломбардта сақтау шарты сондай-ақ қосылу шарты да болып табылады. Әрбір ломбард ҚР АК мен ломбардтар туралы ереженің негізінде заттарды сақтаудың ішкі ережелерін шығарады, олар заңнаманың императивтік нормаларына қайшы келмеуге тиіс. Сақтауға бекітілген қосылу шартының жағдайлары негізінен осындай ережелермен реттеледі. Біздің білуімізше, косылу шартының негізгі белгілерінің бірі - бұл оның барлық тұтынушылар үшін бір ізге түсірілген мазмұны. Заңнама нормаларының мазмұнына сәйкес ломбардта сақтау шартының нысаны ауызша болып табылады. Алайда, шарттың бекітілуін куәландыратын арнайы жазбаша нысан - атаулы сақтау түбіртегі көзделген. Егер ломбардтың кінәсі бойынша осындай түбіртек берілмеген болса немесе ол жоғалтылса, шартты бекіту фактісі басқа дәлелдемелердің көмегімен аныкталуға тиіс.

Ломбард жүк берушінің пайдасына сақтауға қабылданған заттарды сақтандыруға міндетті (олардың жоғалу кем шығу немесе бүліну қаупін). Сақтандыру кезіндегі сақтандыру сомасы сақтандыру шартын бекіту үшін есептеліп, заттың толық бағалау құнына сүйене отырып анықталады. Сақтандырушыға заттың толық бағалау құнына сүйене отырып анықталады. Сақтандырушыға төленетін сақтандыру премиялар оның мөлшері жүк беруші ломбардтқа төлеуге міндетті болатын сыйақы мөлшеріне тиісінше әсер ететін болады.

Әдеттегі сақтау шартына қарағанда, ломбардта сақтау шарты бойынша сақтауға өткізілген затты қайтып алудан жалтарып жүрген жүк берушіге ықпал етудің өзге тәртібі көзделген. Жүк беруші затты қайтарып алудан жалтарған жағдайда ломбард оны үш ай бойына сақтауға міндетті. Осы мерзім ішінде жүк беруші сақтау үшін төлем жасауды жалғастыруға міндетті.



Бұрын ломбард салынған және сақталып жатқан заттардың (уақытында қайтып алынбаған) сатуды өз бетінше ұйымдастыруға құқылы болған. Меншік иелері құқықтарын кепілдендіру мәселесіне қатысты заң шығарушылардың ерекше көңіл аударуына орай, енді ломбардтта сақталып жатқан затты алып қоюға деген өздерінің сөзсіз құқығын растайтын сот бұйрығын шығару туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті. Сақтау мерзімі өткеннен кейін үш ай сақтау ломбард үшін міндетті болып табылады. Өз білгенінше (клиент мүддесі үшін) ломбард затты аталған мерзімнен асатын уақыт ішінде де сақтай алады.

Құндылықтарды банкте сақтау. Жалпылама түрде құндылықтар түсінігі ҚР АК 786-бабының 1-тармағында берілген. Оларға бағалы қағаздар, қымбат металлдар, тастар және өзге де құндылықтар, сондай-ақ құжаттар жатады. Көріп отырғанымыздай олардың тізімі жалпы түрде белгіленген, бұған қоса, бірқатар жағдайларда құндылықтар болып табылмайтьш құжаттар да сақтауға жатады. Құндылықтарды сақтау туралы нормалардың мәнісіне сүйенсек, банкте ақшалар да сақтала алады. Бірақ бұл экономикалык мақсаттылыққа ие емес және ол сірә жекелеген жағдайларда ғана пайдаланылатын болады. Азаматтар өз ақшаларын еркін сақтай алады, ақшаны кәсіпкерлік қызмет субъектілерімен сақтау сірә, қаржылық айналым мен салық салуды реттейтін жария құқық нормаларымен қайшылыққа түседі.

Құндылықтардың (бағалы қағаздарды қоспағанда) толығырақ түсінігін арестке алынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен жағдайлары туралы жоғарыда бірнеше рет аталып өткен нұсқаудан таба аламыз. Оларға жататындар: "Өндірістік немесе зертханалық мақсаты бар қымбат металдардан, қымбат тастардан жасалған бұйымдар, ювелирлік бұйымдар, қымбат металдардан жасалған тиындар, кесектелген, шлих, самородка, жартылай фабрикат түріндегі қымбат тастар немесе металдардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ аталған бұйымдардың сынықтары, қымбат, коллекциялық ақша белгілері, тарихи немесе көркемдік құндылығы бар мүлік".

Құндылықтарды банкте сақтау шарты реалды шарт болып табылады, ол банктің жүк берушіге атаулы сақтау құжатын беруімен рәсімделеді. Оны ұсынып көрсету банктің жүк берушіге немесе оның өкіліне сақтаудағы құндылықтарды беруі үшін негіз болып табылады.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк беруші кез келген уақытта сейфтен құндылықтарды алуға, оларды қайта қоюға, сақтаулы жаткан құжаттармен жұмыс істеуге құқылы. Банк жүк берушінің құндылықтарды алғандығын және қайтарғандығын есепке алуға құқылы. Жүк беруші сейфтегі құндылықтардың бір бөлігін алған жағдайлардың барлығында банк құндылықтардың қалған бөлігін сақтауға міндетті құндылықтарды банкте сақтаудың осындай шарты кезінде ол бөлек сейфті (сейф ұяларын), үй-жайды бөлусіз де және бөлумен де бекітіле алады.

Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау. Бұл шарт жолаушыларға, алдағы уақытта тасымалдануға жататын өз заттарын сақтауға мүмкіндік бере отырып, көліктік қызмет көрсету шарттарын логикалық тұрғыдан толықтырады. Заңнама шартты аталған мақсатына сай қолдану талаптарын қамтымайды, яғни ол басқа мақ-саттарда да қолданыла алады. Азаматтық кодекс (787-6, 1-т), керісінше, көлік ұйымдарының қарамағындағы сақтау камераларын жолаушылардың және өзге де азаматтардың заттарын, олардың тасымалдау шарттарын бекітуіне (жол жүру құжаттарының болуына) қарамастан сақтауға қабылдауға міндеттейді.

Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты жоғарыда қарастырылған сақтау шарттары сияқты жария шарт болып табылады. Сақтауға өткізіле алатын заттардың мөлшері (салмағы) бойынша арнайы шектеулер белгіленуі мүмкін. Жануарлар мен құстарды, атыс қаруын, сасық иісті, өртке қауіпті уландыратын тез тұтанатын жарылған немесе өзге де қауіпті заттарды, сондай-ақ басқа жолаушылардың заттарын және камераның өзін ластайтын немесе бүлдіретін заттарды сақтауға өткізуге болмайды. Арнайы (лицензиясы бар) сақтау камерасы болмаған кезде ақшаны, бағалы кағаздарды, басқа да құндылықтарды, сондай-ақ құжаттарды сақтауға өткізуге рұқсат етілмейді. Заттардың сақтау камерасына (автоматты камерадан басқа) қабылдануын растап жүк берушіге түбіртек немесе нөмірлі жетон беріледі. Түбіртек немесе жетон жоғалған жағдайда сактау камерасына өткізілген заттар жүк берушіге бұл заттардың оған тиесілі екендігіне дәлелдер көрсетуі бойынша беріледі. Сақтаудың басқа шарттарына қарағанда көлік ұйымдарының сақтау камераларында заттарды сақтау шарты жүк беруші үшін артықшылықтар көздейді. Сақтау камерасына өткізілген заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлінуінен жүк беруші шеккен залалдардың сомасы егер заттарды сақтауға өткізу кезінде оған бағалау жүргізілген болса не егер тараптар өтелуге тиісті залалдардың сомасына қатысты келісімге келген болса, жүк берушіге тәуліктік мерзімде төленуге тиіс. Осы ережені енгізу негізінен жүк берушілер болып жолаушылар табылатындығымен және олар жол жүру барысында елеулі қиыншылықтар көрмеуге тиістігімен байланысты. Әйтпесе мүліктік емес залалды өтеу сомасын да қамтитын елеулі талаптар үшін негіздер пайда болады. Затты алып қойғаннан кейін алынған соманы бөлу жалпы ережелер бойынша жүргізілетін болады.



Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау. Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау, ең алдымен, олардағы белгіленген тәртіпте сақтау қажеттілігімен тікелей байланысты болатындығын ескере отырып, осы сақтау жалпы ереже бойынша ақысыз сипатқа ие болады. Коммерциялық емес ұйымдар, егер бұл оларға рұқсат етілген кәсіпкерлік негіз аясында немесе бір жолғы негізде мәселен, семинар конференция, съезд не соған ұқсас басқа да іс-шаралар өткізілгенде, сақтау үшін төлем белгіленуі мүмкін. Киім ілгіште сақтаудың шығындары аталған іс шараларға қатысу үшін белгіленген төлемге енгізілуі мүмкін. Мем-лекеттік мекемелер, егер ақылы сақтау оларға белгіленген тәртіпте рұқсат етілген ақылы кызмет көрсету қатарына кіретін болса, сақтау үшін ақы белгілей алады. Заңда осы шарттың жария сипаттылығына қатысты нұсқау жоқ. Ол логикаға сүйенетін болсақ, керісінше, мақсатты сипатқа ие болуға және сол бір немесе өзге ұйымның келіп-кетушілерінің заттарын сақтау үшін арналуға тиіс.

Шарт нысаны ауызша. Сақтаушы заттың киім ілгішке сақтауға қабылданғанын растап, жүк берушіге заттың сақтауға қабылданғандығын растайтын нөмірлі жетон немесе басқа да таңба береді. Осындай шарт бекітілетін өзіне тән жағдайларды ескере отырып, заңнама жүк берушіге заттарды киім ілгіште сақтау шартын бекітудің атаулы растау белгісін емес, затты оны ұсынып көрсеткен кез келген тұлғамен алу құқығын куәландыратын белгіні беруді көздейді. Зат киім ілгіште қалдырылған және жүк беруші оны қайтып алуға оралмаған жағдайда затты мерзімінен артық сақтауға қатысты сақтау шарты туралы жалпы ережелер қолданылуға тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет