«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет129/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   151
Сақтау шартының пәні. Бұрын әрекет еткен заңнамада сақтау туралы сөз болған. Яғни сақтау пәні нақтыланбаған. Бұл шешім орынды және толық түсіндіріле алады. Бұрынғы заңнамада "мүлік" пен "зат" түсініктерінің арасындағы айырмашылық сірә теориялық сипатқа ие болды. Соның салдарынан сақтау пәнін анықтау үшін "мүлік" терминін де қолдануға болар еді. Қазіргі жағдайда, яғни заңнамаға сәйкес мүлік құрамы соншалықты біртектес болмаған кезде, шарт пәнінің мұндай анықтамасы шарт түсінігін бұрмалауға алып келуі мүмкін. Сақтау шарты өз бетінше "консервативті" түрде болады. Егер сатып алу-сату, жалға алу, сыйға тарту және кейбір өзге шарттар үшін олардың пәндері бола алатын объектілер аясы бірден кеңейтілсе, сақтау шарты үшін ол бұрынғы қалпын сақтап қалды.

Сақтау шартының пәні болып қозғалмалы заттар табылады. Олардың қатарына жеке анықталған заттарды да, тектік белгілермен анықталған заттарды да жатқызуға болады. Заттарды сақтауға беру бойынша шек қою (тыйым салу) конституциялық құрылымды қорғау мақсаттарында заңмен көзделген жағдайларда белгіленуі мүмкін. Мысалы діни экстремизмді тудыруға бағытталған, терроризмді (ланкестікті) насихаттау мен соған бағдарлайтын мазмұны бар әдебиеттерді сақтауға тыйым салу. Сол бір немесе өзге заттарды сақтауға шек қоятын басқа да негіздерге өзге тұлғалардың адамгершілігін, денсаулығын құқықтары мен заңды мүдделерін қам-тамасыз ету, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі жатқызылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының "Есірткі құралдары, психотропты заттар, прекурсорлар мен олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы әрекет ету шаралары туралы" Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес, "Есірткі құралдарын, психотропты заттар мен прекурсорларды сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қызмет түріне (мамандандырылған мекемелерге) берілген лицензия негізінде арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады". Сақтау шарты бойынша арнайы талаптар Қазақстан Республикасының 23 қараша 1995 жылғы "Дәрілік заттар туралы" Заңымен белгіленеді.

Тектік белгілермен анықталған заттар оларды иесіздендіру туралы сақтау шартының пәні бола алады. Басқаша айтқанда ол "қалыпсыз" сақталу деп аталады. Қозғалмайтын заттар сақтау объектісі бола алмайды. Мұндай көзқарас азаматтық құқық теориясында даусыз болып табылады. Азаматтық құқықтың басқа институттарын қолдану мүмкін болады, оларға мыналар жатады: 1) мүлікті мамандандырылған ұйыммен күзету бойынша өтелмелі қызмет көрсету шартын бекіту; 2) еңбек шарты немесе өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша күзетшіні жалдау.

Сақтау шартының мазмұны. Сақтаудың реалды шарты бойынша сақтаушы өзіне берілген затты, оның сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Сақтаушы сақтауды жүзеге асыра отырып затты қолайсыз ауа-райы, үй-жайдағы ылғалдылық сияқты факторлардың әсерінен сақтап қалуға тиіс. Мұндай факторларға сондай-ақ мүлікті бүлдіруі (жоюы), оны ұрлап кетуі мүмкін адамдардың құқыққа қайшы әрекеті де жатады. Соларға сақтаушы қарсы болуы тиіс.

Сақтаушы міндеттерінің нақты көлемі оның тұрмыстық кәсіби сақтаушы болып табылатындығына, сақтаудың сол бір немесе өзге жағдайлары және сақтауға берілетін заттардың қасиеттері жүк берушімен ескертілген немесе ескертілмегеніне байланысты болады. Шарттың ақылылығы немесе ақысыздығы сақталушы міндеттерінің аясын анықтау үшін шешу маңызға ие болмайды, өйткені оның барлық шығындары кез келген жағдайда өтелетін болады, бірақ дау туғанда сот шарттың ақысыз сипаты кезінде сақтаудың ерекше жағдайлары ескертілмегендікке көбірек мойынсұнуға тиіс.

Сақтаушы өзіне берілген заттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін шартта көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті (ҚР АК 775-б,1-т.). Осылайша, шарт сақтаушы үшін негізгі басшылыққа алатын құжат болып табылады және дәл соның өзі жүк берушінің сақтау бойынша қызметтерге деген мұқтаждығының іс жүзіндегі көлемін ескеруге мүмкіндік береді.

Егер шартпен сақтаушының оларды жүргізу жөніндегі сол бір немесе өзге шаралары (міндеттері) ескертілмесе, бірақ, дегенмен де, олар қажетті болып табылса, онда сақтаушы орын алған жағдайға сүйене отырып оларды да қолдануға тиіс.

Сақтаушы затты ақысыз сактауға қабылдаған кезде және затты күту бойынша белгілі бір әрекеттерді жасау тараптармен ескертілмеген кезде, сақтаушы сақтауға алынған затқа өз заты сияқты қамқорлық жасауға тиіс.

Кәсіби сақтау кезінде сақтау жағдайлары шартта толық сипатталмағанда сақтаушы тиісті іскерлік айналым дағдыларын (егер олар болса) басшылықка алуға тиіс. Кәсіби сақтаушыға сол бір немесе өзге заттарды сақтауға қабылдаған кезде оның өзі дербес олардың қасиеттерін ескеріп, тиісті шаралар қолдану жөніндегі талаптар қойылуы мүмкін. Бұған кәсіби сақтаушының өзі біле алмайтын заттардың ерекше (тән емес) қасиеттері кірмейді.

Барлық сақтаушылар, оларлың тұрмыстық не кәсіби сақтаушылар екеніне қарамастан, жария тәртіп ұстанымдарын сақтауға тиіс. Өйткені оларды ұстану немесе ұстанбау заттың сақталуына әсер етуі мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігінің санэпидемқадағалау органдары тиісті санитарлық-эпидимиологиялық талаптарды белгілейді. Осындай талаптардың сақталуын қамтамасыз етпеген субъектілер егер соның салдарынан заттардың бүлінуі немесе жойылуы орын алса, бұл үшін жүк беруші алдында жауапты болады.

Сақтаушыда сол бір немесе өзге жағдайлар орын алғанда ол бұрын өзі болған үй-жайды жөндеуден өткізеді, оны ауыстырады немесе қандай да бір табиғи, техногендік құбылыстардың және т.б. салдарынан затты сақтау жағдайлары өзгеретін болады, онда сақтаушы заттың сақталуын қамтамасыз ету үшін ағымдағы шараларды колдануға тиіс. Сақтаушы, сондай-ақ жүк берушіге сақтау жағдайларының өзгеретіндігі туралы дереу хабарлауға және оның жауабын күтуге міндетті, заттың жоғалу немесе бүліну қаупі туған жағдайда сақтаушы жүк берушінің жауабын күтпестен, сақтаудың шартта көзделген әдісі мен орнын өзгертуге міндетті.

Егер де қолданылған шараларға қарамастан, зат сақталу кезінде бүлінуге ұшыраса немесе оның сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін (мысалы желдеткіш жүйелер істен шықса, ал зат сақтау кезінде тұрақты түрде желдетуді талап етсе, бірақ сақтаушы аталған жүйелерді калпына келтіре алмаса) және жүк беруші тарапынан шаралар қолдануды күтуге болмайтын басқа жағдайлар туындағанда, сақтаушы сақтау және сату бойынша өз шығындарын өтей отырып, затты немесе оның бір бөлігін сатуға құқылы.



Затты сақтаушы ретінде ұстау кезеңінде, ол затты пайдаланудан тартынуға міндетті. Сақтаушының затты пайдалану мүмкіндігі сақтау шартымен көзделуі мүмкін. Сақтаушыға затты пайдалану құқығын беру кейбір жағдайларда сақтау үшін төленетін ақшалай төлемнің орнын алмастыратын болады. Егер бұл оның сақталуын қамтамасыз етуге қажет болса, сактаушы затты пайдалануға құқылы болады.

Сақтаушы өзіне сақтау үшін берілген мүліккке (затқа) заттық құқықтарды иеленбейтін болғандықтан, сақталған заттарданалынған (өсімдер) мен кірістерді меншік иесі мен өзінің арасында туралы да мәселе туындамайды. Сақтаушы затты қайтарумен бірге сақтау уақытысында алынған нәтижелер мен кірістерді де беруге міндетті. Шартпен басқаша көзделуі де мүмкін, жемістермен табыстар көптеген жағдайларда егер бұл жөнінде тараптардың келісімі болса сақтау үшін берілетін әдеттегі сыйақыны толықтай алмастырады және сақтаушының шығындарын өтей алады. Сақтаушы жалпы ереже бойынша өз міндеттерін жеке өзі атқаруға міндетті.

Сақтау шарты бойынша жауапкершілік. Тараптардың жауапкершілігінің жекелеген сәттерін белгілі бір мәселелер аясында жоғарыда қарастырып өткенбіз. Даулы жағдайларды шешу және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту үшін азаматтық құқықтағы жауапкершілік туралы жалпы ережелерді кеңінен қолданған жөн екенін атап өткен дұрыс. Сақтау стандартты шарттың институт, ал жауапкершілік бойынша талап етілмелі ерекшелік оны реттейтін нормаларда ескерілген.

Сақтау шартында кәсіпкерлермен катар кәсіпкер еместер де жиі көрінеді. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, сақтаушының жауапкершілігі, борышқордың жауапкершілігі сияқты. Оның кінәлі іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделеді. Сақтаушы сақтауға алынған заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені үшін егер ол заттың жоғалуы, кем шыққаны немесе бүлінуін өзінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, жауап береді. Сақтаушы шарт бойынша басқа міндеттемелерді орындамағаны, тиісті түрде орындалмағаны үшін де, егер соның салдарынан жүк берушіге зиян (залалдар) келтірілсе немесе айып төлеу түріндегі жауапкершілік санкциялары көзделсе, кінәлі жауапкершілікке тартылады. Егер мерзімді сақтау шартында көзделген сақтау мерзімі немесе мерзімсіз сақтау шарты бойынша затты қайтып алу үшін сақтаушымен көзделген қисынды мезгіл өткен соң жүк беруші затты қайтарып алмаған болса, сақтаушы өз тарапынан қасақана пиғыл немесе өрескел абайсыздық болғанда ғана бұл заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені үшін жауап береді.

Жалпы ереже бойынша жүк берушіге заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлінуінен келтірілген залалдар сақтаушымен ҚР АК 350-бабына сәйкес өтеледі. Яғни, ҚР АК 9-бабының 4-тармағына сәйкес анықталатын зиянды толық көлемде өтеу туралы сөз болып отыр. Табыс алу үшін жүк берушімен қолданылған шаралар және осы үшін онымен жасалған дайындықтар ескерілетін болады.

Кез келген жағдайда жоғалған, кем шыққан, бүлінген мүліктің іс жүзіндегі шығынының құны өтелетін болады. Егер сақтауға өткізу кезінде шартта немесе өзге жазбаша құжатта көрсетілгендей заттың бағалануы жүзеге асырылған болса, сақтаушының жауапкершілігі бағалау сомасына сүйене отырып анықталатын болады. Ол барлық жағдайларда даулана алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет