«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет141/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   151
Шарттың тараптары мен өзге де қатысушылары. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының тараптары болып кешенді лицензиар және кешенді лицензиат табылады. Шарттың екі тарабы да кәсіпкерлер болып табылады.

Кешенді лицензиар - бұл лицензиялық кешенге деген айрықша құқықтар кешенін беретін субъект. Бұл құқықтардың көлемі олардың шарт бойынша одан әрі беру үшін жеткілікті болуға тиіс. Әдетте, лицензиялар ретінде интеллектуалдық меншік объектілеріне (лицензиялық кешенге) құқықтардың бастапқы иесі болады. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша құқықтарды беру рәсімі жағынан кәсіпкерлік қызмет болады және субъект оны жүзеге асыра отырып өзін кәсіпкер ретінде көрсететіндігін атап өту маңызды. Осыдан франчайзинг шартының басқа шарттардан соның ішінде, мүлікті сенімгерлікпен басқару шартынан ерекшелігі көрініс табады. Соңғы шарт, кейбір жағдайларда өзі арқылы кәсіпкердің мүмкін беруді қамтамасыз ете отырып, сонымен бірге оның кәсіпкерлік қызметке қатысуының аяқталғандығын (мүмкін уақытша) білдіреді.

Кешенді лицензиат болып өзіне айрықша құқықтарды беру туралы шартты бекіткен, кәсіпкерлік қызметтің кез келген субъектісі табылады. Алынған лицензиялық кешеннің көмегімен тұрақты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру туралы сөз болып отырғандықтан, лицензиаттар ретінде коммерциялық заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер шығуға тиіс. Осы құқықтық қатынастарға коммерциялық емес заңды тұлғалардың мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөліністердің қатысуына жол берілмейді.

Шарт пәні. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының пәні болып лицензияларға тиесілі айрықша құқықтар табылады. Интеллектуалдық меншік объектілерінің үлгілі тізімі АК-ң 961 -бабында келтірілген. Жоғарыда атап өткеніміздей, лицензиялық кешеннің негізгі құрамдас бөлігі болып азаматтық айналым қатысушыларын және олардың тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерін дараландыру құралдары табылады. Оларға аталған баптың 3-тармағына сәйкес фирмалық атаулар, тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері) жатады. Объективті себептерге байланысты лицензиялық кешеннің құрамында тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын (шығатын жерлерін көрсету) беру бірқатар жағдайларда орынсыз болады. Егер заңды актілермен тауарларды (жұмыстарды қызмет көрсетулерді) дараландырудың басқа да құралдары көзделетін болса, онда олар да лицензиялық кешендердің құрамына енгізілетін болады.

Заңнамада кешен деген ұғым қолданылғанымен, оның франчайзинг қатынастарына қатысты түсінігі басқаша болып табылады. Құқықтар кешенінің бөлінбейтіндігі туралы талап жоқ. Тараптар лицензиялық құқықтардың өздерінің көңілдерінен шығатын "пакеттерін'' өз беттерінше құрастыра алады. Оның барлығы тараптардың (ең алдымен кешенді лицензиаттың) іс жүзіндегі қажеттіліктеріне, кешенді лицензиаттың төлем қабілеітілігіне байланысты.

Кәсіпорындарды иеліктен айырумен байланысты мәмілелерге қарағанда франчайзииг кезінде материалдық ресурстарды беру орын алмайды, материалдық емес мүліктік ресурстарды беру орын алады бұған конверциялык кешенді кәсіпкерлік лицензияны беру жағдайы жатпайды. Бұл лицензиялық кешендерді беру актісін іс жүзінде шектеусіз "тираждауға'" мүмкіндік береді. Шектеулер тек бастапқы кезде бекітілген франшизм келісімдерінің талаптарымен және нарықтағы осы тауар түріне деген сұраныспен белгіленетін болады.

Осы айтылғанға сүйене отырып, біз кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының пәні болып айрықша текті тауар (денесіз заттар немесе басқаша айтқанда мүліктік құқықтар) табылады деп айта аламыз. Осы мүліктік құқықтардың басқаларынан ерекшелігі - олар оның иесіне кейіннен кімнен болса да қандай да бір ақшаны немесе заттарды беруді талап етуге мүмкіндік бермейді. Олар өз алдына жеке бір құндылық болып табылады.

Азаматтық айналым қатысушыларын, тауарларды жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарынан басқа лицензиалық кешен құрамына шығармашылық интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне деген құқықтар кіруі мүмкін. Лицензиялық кешеннің мұндай құрамдас бөліктері әдетте франчайзингті өндірістік аялар үшін пайдалану кезінде қажетті болып табылады. Өндіріс салаларына қарай интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелеріне деген берілетін құқықтар түрленетін болады. Мысалы, ауыл шаруашылық өндіріс аясындағы франчайзинг селекциялық жетістіктерге деген құқықтарды компьютерлерді өндіру жөніндегі технологияларды интегралды микросхемалардың топологияларына деген құқықтарды және т.б беруге себепші болады.

ҚР АК 896-бабының 2-т.сәйкес лицензиялық кешенмен қатар кәсіпкердің(лицензиардың) іскерлік беделі мен коммерциялық тәжірибесі сияқты интеллектуалдық меншік сипатына ие емес игіліктерді беру мүмкіндігі көзделеді. Кешенді кәсіпкерлік лицензия пәнінің аясы берілуге жатпайтын игіліктер мен әрекет етуші заңнамаға сәйкес оларға іскерлік бедел жатпайтын кәсіпкер құқықтарымен шектелуге тиіс.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын қолдану яғни лицензия бойынша айрықша құқықтардың жекелеген түрлерін беру (оларды шарт пәніне енгізу) бойынша шектеулер заңи актілермен белгіленуі мүмкін, Мәселен, франчайзинг бойынша құпия түрде ойлап табылғандарға және т.б. мүліктік құқықтар беріле алмайды. Лицензиялық кешендерді беруге мүмкіндік бермейтін объективті фактор болып лицензиялармен қатар шығармашылық интеллектуалдық қызмет нәтижелелерінің құқық иелері болып табылатын субъектілердің мүдделеріне зиян келтіру мүмкіндігі табылады.



Осы айтылғанға сүйене отырып, бұл шарттың негізгі құқықтық мақсаты болып лицензиатқа тиісті лицензияны беру табылатындығын атап өткен жөн. Ол, сондай-ақ айрықша болып табылатындығына қарамастан, әрекет ету аясында белгілі бір аумақтар мен уақыт кезеңдерімен шектелуі мүмкін. Кешенді кәсіпкерлік лицензия белгілі бір қызмет аясына қатысты беріле алады. Мысалы, лицензиялардан алынған немесе пайдаланушымен өндірілген тауарларды сатуға ғана немесе лицензия лицензиатты өзге коммерциялық қызметті (жұмыстар атқаруға, қызмет көрсетуге) жүзеге асыруға уәкілдендіруі мүмкін. Лицензия, әрине, лицензиар жүзеге асыратын қызметтің барлық түрлеріне де беріле алады. Лицензияны беру лицензиатқа берілген құқықтарды жүзеге асырудың іс жүзіндегі мүмкіндігін беру қажеттілігін білдіреді.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының мазмұны. Франчайзинг шарты консенсуалды болғандықтан, қатысушылар арасындағы заңи байланыс, олар шарттың елеулі талаптары бойын-ша келісімге келген сәттен бастап туындайды. Сондықтан лицензиар тиісті лицензиялық кешенді барлық құқықтарды шартпен көзделмеген мерзімдер мен көлемде беруге міндетті, ал лицензиат оларды өзіне беруді талап етуге құқылы. Сонымен бірге, франчайзингтің ерекшелігі қандай да бір мүлікті физикалық түрде (яғни қолдан қолға) беру орын алмайтындығында, өйткені ол материалдық емес. Лицензиар жоғарыда аталған мақсаттарда лицензиатқа құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндігін беру үшін лицензиар белгілі бір ақпартты беруге міндеттелетін болады.

Кешенді лицензиар лицензиатты оған берілген құықтарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша оқытуға және оған кеңес беруге міндетті. Сонымен қатар кешенді лицензиар лицензиаттан алынған құпия коммерциялық ақпаратты жария етпеуге міндетті. Шартга лицензиардың басқа да міндеттері көзделуі мүмкін. Қазакстан Республикасының "кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы" Заңның 14-бабына сәйкес кешенді лицензиар мынадай құқықтарға ие.

1.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша лицснзиатпен шығарылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасын бақылау;

2. Лицензиат өз кәсіпорнын (кәсіпорындағы өз үлесін) иеліктен айырған кезде оны басымды түрде сатып алу;



З.Үшінші тұлғалар алдында лицензиатқа қатысты кепіл болу үшін немесе кепілші болу;

  1. Кешенді лицензиатпен өзге де шарттар бекіту, атап айтқанда оған қатысты лицензия беруші болу;

  2. Кешенді лицензиат өз міндеттерін орындамаған кезде кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын біржақты тәртіпте бұзу және одан келтірілген залалдарды өндіру, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша берілген айрықша құқықтар кешенін беруге бағытталған әрекеттерді жүзеге асырмау. Заңнамамен немесе кешенді кәсіпкерлік лицензия шартымен кешенді лицензиардың өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.

Жоғарыда айтылғаннан туындайтындай, франчайзинг шартының алдына қойған міндеттерінің бірі болып лицензиялық кешен бойынша лицензиатпен құқықтарды жүзеге асыруда нақты шектеулерді белгілеу табылады. Оны шешкен кезде франчайзинг екі тараптың да қызығушылығын тудырады. Лицензиар жаңа орында өндірісті, игерілген технология бойынша болса да, шексіз қалпына келтіру қажеттілігімен әртүрлі мемлекеттердің билік басындағылармен тиісті формалдылықты жөнге келтіру т.с.с. босатылады. Сонымен бірге ол өзінің интеллектуалдық меншігін, бизнесті жүргізу тәсілдерін және тіпті басқа тұлғалармен іскерлік беделді пайдалануды лицензиялау арқылы елеулі көлемде табыс ала алады.

Лицензиат шығындарды көтереді, бірақ ол оларды тезірек және кепілді түрде қайтару мүмкіндігін алады. Егер сол бір немесе өзге кәсіпкерлік қызметтің қалыптасқан пайдалылық көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, шығындармен алынатын кірістер әрқашанда бір-бірімен арақатынаста болады. Лицензиар үшін лицензиаттың алатын пайдасы немесе өзге де олжасы оның шығындарымен салыстырғанда көп болмауы маңызды болып табылады, олай болмаған жағдайда оның құқықтары елеулі түрде кемсітілген болады.

Кешенді лицензия бойынша құқықтардың белгілі бір көлемінің лицензиатқа өтуі белгілі бір шамада оның құқықтарын азайтады. Алайда дәл қандай шамада азайтатынын анықтау қиын. Лицензиар мен лизенциаттық ұқсас құқықтарының өзара бәсекелестігі туралы мәселеде өзекті болып қалып отыр. Заңнама мәнісінен туындайтындай лицензиар құқықтарының толықтығы туралы болжам негізгі болып табылады. Оған соңғысы жекелеген құқықтарын тікелей жоққа шығарылатын жағдайлар ғана күмән келтіре алады.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартымен тікелей көзделгенде, лицензиарға лицензиатқа бекітілген аумақта қолдану үшін басқа ұқсас кешенді кәсіпкерлік лицензияларды бермеу не осы аумақта тікелей дербес қызметті жүргізуден тартыну міндеті жүктеледі.

Заңнамада шектеу талаптарын лицензиат үшін де белгілеу мүмкіндігі көзделген. Оларға мыналар жатады:

а) лицензиаттық кешенді кәсіпкерлік лицензияны пайдалану аумағында лицензиат лицензиарға тиесілі айрықша құқықтарды пайдалана отырып жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке қатысты лицензиармен бәсекеге түспеу міндеттемесі;

б) лицензиардың бәсекелестерінен (әлеуметті бәсекелестерінен) басқа да кешенді кәсіпкерлік лицензияларды алудан лицензиаттың бас тартуы. Бұл жағдайда пәні бойынша ұқсас (құқықтар жиынтығы бойынша ұқсас) лицензиялық кешені бар лицензияларды алудан бас тартуы көзделеді;

в) шарт бойынша берілген айрықша құқықтарды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын үй-жайдың орналасқан жерін, сондай-ақ оның сырты мен ішін безендіруді лицензиаттң лицензиармен келісу міндеттемесі көзделуі мүмкін.

Жоғарыда лицензиаттың қызметіне лицензиардың қатал бақылау мен бақылау бойынша белгілі бір әрекеттер (лицензиаттың қызметін заңсыз шектеу) жасау мүмкіндігі туралы айтылғанына қарамастан лицензиатқа кешенді кәсіпкерлік лицензия талаптарымен көзделген келесі шектеу міндеттемелері жарамсыз болады:

1) лицензиат сататын тауардың бағасы немесе лицензиат орындайтын (көрсететін) жұмыстардың (қызметтердің) бағасы, не аталған бағаның жоғарғы немесе төменгі шегі лицензиармен белгіленетіндігі туралы талап;

2) лицензиат белгілі бір санаттағы сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) ғана не шартта белгіленген аумақта ғана орналасқан жері бар (тұратын орны) ерекше сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) тауарлар сатуға, жұмыстар орындауға немесе қызметтер көрсетуге құқылы болатын талап.

Шарт бойынша құқықтар берілгеннен кейін лицензиат лицензиялық құқықтарды шарт талаптарына, заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.

Франчайзингтік қатынастардың тұрақтануы мен тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау да және шарт бойынша басқа да мәселелерді шешу кезінде, сондай-ак іскерлік айналым дағдыларын да қолдану жоққа шығарылмайды. Жалпы кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты оны орындау басталғаннан кейін (одан талап етілетін іс-әрекеттерді лицензиармен жасау) лицензиат міндеттерінің басым болуымен сипатталады.

Егер шартта өзгеше көзделмесе лицензиат:

  • лицензияларды өзінін өндірістік аумағына жіберуге, оған қажетті құжаттаманы беруге, яғни лицензиарга өнімнің шығу көлеміне оның таралу (сатылу) аумағына және т.б. бақылау жасауға мүмкіндік беретін құжаттарды беруге;

  • берілген айрықша құқықтардың дұрыс пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға көмек көрсетуге яғни лицензиаттық кәсіпорнында жүргізілген тексеріс нәтижелерінің шынайылығы үшін лицензияларға өзінің тауарлық белгісін пайдаланумен сатылып кеткен өнімнің сапасын қосымша тексеру, оның қосымша саны лицензиатпен жасырын түрде шығарылатын-шығарылмайтындығын және тағы баска анықтау талап етіледі;

  • лицензиялардың пайдалануға берілген айрықша құқықтардың сипатына, пайдалану әдісімен шарттарына қатысты барлық нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтауға;

  • лицензиялардың өндіріс құпиясын және одан алынған коммерциялық жасырын ақпаратты жария етуге;

  • сатып алушыларды (тапсырыс берушілерді) олар үшін мейлінше айқын әдіспен фирмалық атауын тауар белгісін, қызмет белгісін немесе даралаудың өзге де құралын кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты негізінде пайдаланылатындығы туралы хабардар етуге міндетті. Бұл лицензиармен лицензиаттың өзара қарымқатынасы олардың ішкі мәселесі болып табылатындығымен байланысты. Лицензиар сенім білдіріп немесе ойланбастан кешенді кәсіпкерлік лицензияны лицен-
    зиатқа бергендігі, оларды лицензия бойынша өндірілген тауарлардың,
    атқарылған жұмыстардың көрсетілген қызметтердің сапасы төмендеді деп жаңылыстыру салдарынан тұтынушылардың құқықтарын бұзбауға тиіс. Лицензиаттың аталған міндеті тауарлар, жұмыстар (қызметтер) тұтынушыларының олар туралы жан-жақты және сенімді ақпарат алуға деген құқықтарымен байланысты.

Лицензиат шарт талаптарына сәйкес сыйақы төлеуге міндетті. Көмекші міндеттемелер нысанында құрылатын қосалқы франчиздік қатынастардың пайда болуы әбден мүмкін. Онда лицензиаиттың өзі қосалқы лицензиатқа қатысты лицензиар ретінде табылады. Бұл кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында лицензиатқа берілген барлық немесе жекелеген айрықша құқықтарды басқа тұлғаларға пайдалануға рұқсат ету құқығы лицензиармен келісілген немесе шартта белгіленген жағдайларда көзделуі мүмкін. Негізгі шарт бойынша сыйақы, кешенді кәсіпкерлік қосалкы лицензияға қатысты барлық талаптар атап айтканда, қосалқы лицензия негізінде өндірілетін өнімнің сапасы оны сатып алу және т.б. реттелуге тиіс. Лицензиат үшін қосалқы лицензияның кімге берілетіндігі манызды болады.

Кейбір жағдайларда кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының өзінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдалану аумағы көрсетіліп немесе көрсетілмей, лицензиаттың белгілі бір мөлшерде қосалқы лицензия беру міндеті қамтылуы мүмкін. Мұндай міндетті белгілеу лицензиардың мүддесімен байланысты болуы мүмкін. Өйткені ол оны шартта белгілей отырып, сыйақы бағасында оған қосалқы лицензияны сатудан түсетін сома лицензиатпен ескерілетін болғандықтан, лицензияны сатудан мүмкіндігінше көп пайда табу мақсатын көздейді.

Қосалқы лицензиялық франчиздік келісімнің көмекшілік сипаты АК бірқатар нормаларынан көрініс табады. Атап айтқанда кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты лицензиармен лицензиаттың негізгі шартынан неғұрлым мерзімге бекітуге болмайды. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының тоқтатылуы осыған сәйкес жасалған барлық кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шартын токтатады. Егер заң актілерінде көзделген негіздер бойынша негізгі шарт жарамсыз деп танылса, осыған сәйкес жасалған кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарттары да жарамсыз деп танылады.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты құқықтардың нақты анықталған көлемімен сипатталады. Бұл оны бөтеннің мүлкін пайдалану көзделетін, мысалы мүлікті жалға алу шартынан басқа да шарттардан ерекшелендіреді. Онда мүлікті пайдалану кезінен тек жалпы категориялармен, мерзіммен, мүлікті мақсатына сай пайдалану талабымен және өте сирек жағдайда пайдалану көлемінен ғана анықталады. Сол себептен жалға алу шартының негізінде көмекші шартты бекіту осындай шартты франчайзинг шартының негізінде бекітуден елеулі түрде ерекшеленеді. Бірінші жағдайда қосалқы жалға алушының құқықтары белгілі бір өзіндік мазмұнға ие болады. Екінші жағдайда олар іс жүзінде арифметикалық түрде бірінші лицензиат құқықтарынан алынады. Осыған орай АК 904-бабының нормасы да көзделген. Оның әрекеті қосалқы лицензиат өзіне берілген құқықтарды жүзеге асырмаған жағдайларға арналған. Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында өзгеше көзделмесе, ол мерзімінен бұрын токтатылған кезде, кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты бойынша лицензиаттың құқықтары мен міндеттері осы жағдайда негізгі шарт бойынша лицензиат ретінде шығатын лицензиарға ауысады.

Шарт тоқта тылғаннан кейін лицензиат, егер оларды өзінде қалдыру көзделмеген болса, лицензиарга тиісті құжаттаманы қайтарута тиіс. Шартпен егер ол болса, лицензиатпен өндірілген артық өнімнің тағдыры туралы мәселе шешілуі мүмкін.

Кешенді лицензиат кешенді лицензиармен негізгі франчайзинг шартынан басқа өзге де шарттар бекітуге құқылы. Заңнамамен немесе шартпен кешенді лицензиаттың өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.



Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты өзінің әрекет етуін, лицензиат өзіне берілген құқықтарды жүзеге асыратын бүкіл кезеңге сақтап қалады. Сол бір немесе өзге себептер бойынша (мысалы қайта құрылу) лицензиар өзінің фирмалық атауын өзгерткен жағдайда да шарт өз күшінде сақталады. Бұл орайда лицензиялық кешеннің құрамында берілген ескі фирмалық атауды жаңа фирмалық атауға ауыстыру жүзеге асады. Лицензиаттың еркі бойынша ол шартты бұзуды талап ете алады. Шарт күші сақталған жағдайда лицензиат лицензиарға тиесілі сыйақының тиісінше азайтылуы талап етуге құқылы.

Осыған ұқсас норма лицензиялық кешен құрамындағы бір немесе бірнеше құқықтарды өзгерту жағдайлары үшін көзделген. Бұл мысалға патенттің әрекет ету мерзімінің өтіп кетуі салдарынан өнертапқыштыққа деген құқықтың заң бойынша қорғалуы тоқтатылған жағдайларда орын алуы мүмкін. Лицензиар бұл уақытта ескі өнертапқыштықтың орнын толтыра алатын жаңа өнертапқыштықты пайдалану құқығына ие болуы мүмкін және т.б. заңнама мәнісінен туындайтындай, ең бастысы лицензиялық кешен элементтерінің (құқықтарының) негізгі бөлігі өзгермесе болды. Сондай-ақ ауыстыру нәтижесінде үлкен пайда әкелетін интеллектуалдық меншік объектісіне деген құқыққа ие болған лицензиат бұл үшін сыйақыны үлкен мөлшерде төлеуге міндетті емес. Керісінше, егер интеллектуалдық меншіктің жаңа объектілерін пайдалану тиімділігі төмен болса лицензия кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты өз күшінде сақталған кезде, лицензиарға тиесілі сыйақы мөлшерін сәйкесінше азайтуды талап етуге құқылы. Лицензиялық кешен құрамында бір немесе бірнеше құқықтар өзгертілген кезде шарт күшін сақтап қалуға мүдделі емес лицензиат оны бұзуға құқылы.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының қолданылу мерзімінде шарт бойынша пайдалануға берілген кешенге кіретін қандай да бір айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өтіп кеткенде не мұндай құқық өзге де негіз бойынша тоқтатылғанда шарт сақталады. Ал егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат лицензиарға тиісті сыйақыны мөлшеріне қарай азайтуды талап етуге құқылы.

Кешенді кәсіпкерлік шарты бойынша жауапкершілік. Франчайзинг шарты бойынша жауапкершілік жағдайларына оның кәсіпкерлік сипаты әсер ететіні сөзсіз. Талаптардың әрқайсысы шартты орын дамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен егер олардың өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісті түрде орындамауы бой алдырмайтын күш жағдайларының әрекет ету салдарынан орын алуын дәлелдесе босатылуға тиіс.

Лицензиар тарапынан құқық бұзушылықтар одан талап өтілетін құжаттаманы ақпаратты бермеген көрініс табуы мүмкін. Бұған қоса лицензиар егер лицензиат үшін негізсіз шектеулер белгілесе оны фирмалық атаудың беделділігі, интеллектуалдык меншіктің сол бір немесе өзге объектілерінің кұндылығы туралы жаңылыстырылса және осымен оған зиян келтірсе, жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Егер лицензиат шартты лицензиардың фирмалық атауын өзгерту немесе лицензиялық кешеннің құрамына кіретін бір немесе бірнеше құқықтарды өзгерту салдарынан бұзса, онда лицензиар лицензиатқа келтірілген залалдарды өтеуте міндетті (ҚР АК 905, 906-баптар). Лицензиардың лицензиат алдындағы жауапкершілігінің басқа да жағдайлары жоққа шығарылмайды.

Франчайзинг шарты бойынша лицензиат алдында лицензиар жауапкершілігінің туындауы ықтималдырақ болып табылады. Лицензиат лицензиардың барлық негізделген нұсқауларын ұстануға тиіс. Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия талаптарынан ауытқуларға жол берілсе, лицензиялардың құқықтары мен мүддесі бұзылса, зиян келтірілсе, онда лицензиат толық көлемде соның ішінде лицензиардың барлық залалдары үшін жауапты болады. Бұған коса сапасыз өнімді шығаруға және оны сатып алушыларға сатуға берген лицензиат лицензиардың іскерлік беделін түсіргені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Жауапкершілік мәселесіндегі тағы бір аспект шарт бойынша көзделетін жауапкершіліктің өзіне емес ал лицензиялық кешенге кіретін құқықтарды пайдалану салдарынан зиян келтірілгендегі үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікке қатысты. Заңнама құқықтардың лицензиарға тиесілі екендігін, лицензиатты таңдағаны және оған көрсетілген сенім үшін оның жанама жауапкершілігін ескереді. Осы айтылғанаға орай АК 901-бабына сәйкес лицензиар кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша сатылатын (орындалатын, көрсетілетін) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасының сәйкессіздігіне байланысты лицензиатқа қойылған талаптар бойынша субсидиарлы жауапты болады.

Осыған ұқсас жағдай қосалқы лицензиатпен жасалған әрекеттер үшін жауапкершілік туралы мәселе туындаған кезде қалыптасатын болады. Заңнама мәнісі бойынша оның іс-әрекеті үшін субсидиарлы жауапкершілікке негізгі лицензиар да, лицензиар-лицензиатта тартылуға тиіс.

Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия шарттарымен өзгеше көзделмесе қосалкы лицензиаттардың іс-әрекеттерімен лицензиарға келтірілген зиян үшін лицензиат субсидиарлық жауапты болады. Субсидиарлық жауапкершілікке тартылған лицензиар не лицензиат, сәйкесінше лицензиат немесе қосалқы лицензиат үшін оларға регрестік талап ету құқықтарына ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет