«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


тақырып. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (Франчайзинг)



бет140/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   151
13 тақырып. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (Франчайзинг)

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының түсінігі мен элементтері. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты рента, лизинг, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына қарағанда, бұл ТМД елдері ғалымдарымен басқа да мамандарымен жасап шығарылған құрылым емес, ал кұқықтың англо-саксондық және континентальдық жүйелерінде тұрақты түрде қалыптасуға ие болган шарттық қатынастардың апробацияланған түрі. Сонымен бірге оның үш ғасырлық тарихы бар және ол өзінің өміршеңдігін толык дәлелдеді.

Франчайзинг келісімі бұл - лицензиар белгілі бір іскерлік операцияларды (бизнесті) лицензарға тиесілі атаумен жүргізуге және оның кәсіпкерлік қызметінің әдісін пайдалануға лицензия беретін шартты түсінеміз. Әдетте, франшиздік келісім лицензиарға рұқсат етілген іскерлік белсенділікке лицензияның әрекет ету мерзімі ішінде қатал бақылау жасау мүмкіндігін береді.

Франчайзинг шарты әртүрлі салаларда қолданылады. Патенттердің тауар белгілері мен интеллектуалдық меншіктің басқа да нысандарының иелері оларды басқа тұлғаларға лицензия бере отырып шетелдерде жиі пайдаланады. Яғни франчайзинг кең таралған халықаралық - жеке құқықтық институттардың бірі болып табылады.

Қазіргі заманғы Қазақстан жағдайында франчайзингтік қатынастардың шынайы жай-күйі туралы айту оңай емес. Оның себептері алуан түрлі. Қазақстанда өндірістік сектор аса қиындыкпен дамуда. Соның салдарынан франчайзинг сірә, ең алдымен қызмет көрсету аясында белсенді қолданысқа ие болады. Өндірістің ұлғаюы және франчайзингті тиісінше қайта бөлу потенциалды түрде жоққа шығарылмайды.

Құқықтық классификация тұрғысынан алып қарағанда қазақстандық заңнамада франчайзинг шарты мен кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты, синонимдер бола отырып, Азаматтық кодекстің 966-бабының мағынасы бойынша лицензиялык шарттың бір түрі болып табылады.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты Азаматтық кодексте, дәл сол атаумен, 45-тарау 896-909-баптардың нормаларымен реттелген.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша бір тарап (ке-шенді лицензиялар) екінші тарапқа (кешенді лицензиатқа) сыйақыға айрықша құқықтар кешенін (лицензиялық кешен), соның ішінде лицензиардың фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензиаттың кәсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектілерін (тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, патент және т.б.) беруге міндеттенеді.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты белгілі бір көлемде лицензиялық кешенді лицензиардың іскерлік беделі мен коммерциялық тәжірибесін (атап айтқанда, пайдаланудың мейлінше аз және (немесе) мейлінше кең көлемін белгілей отырып) белгілі бір қызмет аясына қолданатын аумақты көрсетіп немесе көрсетпей пайдалануды көздейді. Франчайзингтің лицензиялық келісімдердің басқа түрлерінен ерекшелігі кешенді кәсіпкерлік лицензия арқылы айрықша лицензияны беру қамтамасыз етілетіндігінде. Оның тағы бір ерекшелігі - ол интеллектуалдық меншіктің жеке объектісіне деген құқықтарды беру жөнінде бекітілмейді, ол лицензиялық кешенге деген құқықтарды беруді білдіреді. Франчайзинг шарты қызмет көрсету элементтерімен күрделенуі мүмкін. Ол айқын кәсіпкерлік сипатқа ие. Бұл шарттың мақсаты болып халық тұтынатын тауарларды (тауарлардың өзін, қызмет көрсетулерді, жұмыстарды) өндірудің бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялык тәсілдерін, тауарларды (өндірістік) өндірудің құралдарын тарату табылады.

Осыған сүйене отырып кешенді кәсіпкерлік лицензияның (франчайзингтің) түрлерін ажыратуға болады. Оларға мыналар жатады: 1) кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) - жұмыс орны, соған сәйкес лицензиар дайын жұмыс орнын құрады және оны лицензиялық кешенмен бірге лицензиатқа - жеке кәсіпкерге береді; 2) кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) кәсіпорын, бұл кезде лицензиар кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен бірге лицензиатқа береді; 3) конверсиялық кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), бұл жағдайда тараптар құрылымдық бөлімшелерді жеке кәсіпорындарға қайта құру негізінде шарт бекітеді; 4) көбейтілген кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), соның негізінде лицензиат бірнеше кәсіпорындар құрады; 5) өндірістік кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) бұл жағдайда кешенді лицензиар кешенді лицензиатқа кешенді лицензиармен немесе оның келісімімен жеткізілетін шикізатты, материалдарды, технологияларды және жабдықтарды пайда-ланумен өз тауар белгісіне дараландырудың өзге де құралымен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіруге немесе оларды өндіріп сатуға деген құқықты береді; 6) тауарлы кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), бұл орайда кешенді лицензиар кешенді лицензиатқа кешенді лицензиармен берілетін не оның келісімімен белгіленетін маркетинг технологиясын пайдаланумен өз тауар белгісі бойынша немесе дараландырудың өзге де тауарларды (жұмыстарды қызмет керсетулерді) сату құқығын береді. Заңнамамен кешенді кәсіпкерлік лицензияның (франчайзинггің) өзге де түрлері көзделуі мүмкін.

Құрылымы бойынша кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты консенсуалды, екі жақты және ақылы шарт болып табылады. Франчайзинг шарттары бойынша төлем жүргізудің нысандары, тәсілдері мен мерзімдері кешенді кәсіпкерлік лицензия шарттары тараптарының келісімдерімен анықталады. Сыйақы төлеудің қалыптасқан тәжірибесі бар. Олар лицензиатпен лицензиарға белгіленген бір кезеңдік төлемдер нысанында, түскен сомадан бөлу нысанында, қайта сату үшін лицензиармен берілетін тауарлардың көтерме бағасын өсіру жолымен және шартпен көзделген басқа да нысанда мүмкін. Әлемдік тәжірибеде шарт бекіткеннен кейін бірден бекітілген соманы бас кезінде енгізп, ал содан кейін мерзімді төлеу кең таралған болып табылады. Франчайзинг шарты кәсіпкерлік болғандықтан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Осы тұста интеллектуалдық меншік обьектілеріне құқықтарды беру сол объектілердің өзін және берілетін құқықтардың шарттағы көлемін нақтыламайынша мүмкін емес екенін атап еткен жөн. Сондықтан осы шарттың елеулі талаптар ретінде мерзім және берілген лицензияның әрекеті таралатын аумақ танылатын болады. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының елеулі талабы болып баға, яғни, лицензиатпен лицензиялауға төленуге тиіс сыйақы табылады. Бұл сол бір немесе өзге жағдайларда рынокта теленуге тиесілі сыйа-қының әдеттегі (орташаландырылған) ставкаларына сүйене отырып, оның (оның жекелеген беліктерінің) құндылығын анықтауға келмейтін шарт пәнінің ерекшеліктерімен байланысты. Осы айтылғанның негізділігі франчайзинг шартының пәнін қарастырумен расталатын болады.

Тараптардың келісімі бойынша елеулілік маңыздылығы шарттың өзге де талаптарға берілуі мүмкін. Лицензиялық кешеннің кейбір бөліктеріне құқықтарды беру мәміле бекітудің заңнамамен көзделген арнайы тәртібін талап ететін болады. Бірақ, басым жағдайларда, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартындағы тараптар тауарлардың жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыратын құқықтарды берумен шектелетіндігін ескерген жөн. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты мерзімді шарт және мерзімсіз шарт (оның әрекет ету мерзімін көрсетусіз) ретінде де бекітіле алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет