«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет142/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   151
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының тоқтатылуы. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты заңнамада көзделген жалпы негіздер бойынша тоқтатыла алады. Мерзімі көрсетіліп жасалған шарт оның әрекет ету мерзімі өткеннен кейін тоқтатылатын болады. Мерзімі көрсетілмей жасалған шарт лицензиат берілген құқықтардың барлық көлемін жүзеге асырғанда тоқтатылуы мүмкін. Егер құқықтардың көлемі бойынша шектеулер көзделмеген болса, онда шарт тараптар өзара келісім бойынша оның әрекетін тоқтатпағанша, әрекет ететін болады. Мерзімсіз кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында шарттан оның кез келген тарабы бас тарта алады. Бірақ екінші тарап бұл туралы айы бұрын хабардар етілуге тиіс. Бұл тарап императивтік болып табылады және хабардар ету мерзімі тараптармен азайтыла алмайды. Шарттағы осы жайлы талап егер шарт бұзылатын тарап өз құқықтарын қорғағысы келсе, жарамсыз болады. Шартпен мерзімі көрсетілмей жасалған кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын бір жақты түрде бұзу туралы хабардар ету үшін негұрлым ұзақ мерзім көзделуі мүмкін.

Лицензиаттың пайдалануына берілген құқықтар кешенінің құрамына кіретін айрықша құқықтардың бірі тоқтатылған кезде, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты әрекеті тоқтатылған құқықтарды пайдалануға қатысты өз ережелерінің бөлігіне тоқтатылған құқықты пайдалануға қатысты өз ережелерінің бөлігіне тоқтатылған деп есептеледі. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты белгілі бір шамада мирасқорлыққа жол береді.

Егер лицензиар - жеке тұлға болса және ол қайтыс болса онда кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша оның құқықтары мен міндеттері мұрагерге, егер ол кәсіпкер ретінде тіркелген болса немесе мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде (мұраны қабылдау мерзімінің ішінде) тіркелетін болса, ауысады. Өзге жағдайда шарт тоқтатылады.

Заңнама мәнісі бойынша лицензиаттың (жеке немесе заңды тұлға) құқық субъектілігін тоқтату кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын тоқтатуға алып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет