Байланысты: « аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-
Өмір бойы асырауда ұстау шарты. Өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзіне тиесілі қозғалмайтын мүлікті сол азаматты және (немесе) ол көрсеткен үшінші бір адамды өмір бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға міндеттенген рента төлеушінің меншігіне береді.
Өмір бойы асырауда ұстау қатынастарын реттеу ғұмырлық рента шартын реттейтін нормаларға негізделген (ҚР АК 535-бабы 2-тармаш). Айырықша реттеу ҚР АК 28-б, 4-тармағында қарастырылған, ол нормалар өмір бойы асырауда ұстау шартын тікелей реттеуге арналған.
Шарт элементтері. Өмір бойы асыраумен қамтамасыз етілетіндер (асыраудағылар) болып азаматтар ғана саналады. Өмір бойы ұстаушы да (рента төлеуші) азаматты азық-түлік-пен, тұрғын үймен, киім-кешекпен, егер керек болған жағдайда, денсаулығына қарап және тағы басқалармен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Тізіліп айтылғанның барлығы адам өмірінің жеке санасына жатады. Сондықтан адамның этикалық, діни, әдептілік, адамгершілік көзқарастары (әдеттері) ескерілуі қажет. Оның ар-намысы, қадір-қасиеті құрметтелуі қажет, және тағы басқа жеке құқықтары сақталуы тиіс. Біздің бірге тұрып жатқан рента төлеушісі мен рента алушы араларында бұл жағдайда өзіндік (жеке) құқықтық қатынастар пайда болады деп айтқанымыздың себебі осында.
Сондықтан өмір бойы ұстау шарты қазіргі жағдайда толығымен азаматтық құқық шартты болып келмейді, сондай-ақ кейбір отбасылық құқықтық реттеулерді талап етеді. Егер рента алушысы, яғни өмір бойы асырауда ұстауда болушы мен рента төлеуші арасындағы қатынастар тиісті дамыса, онда рента алушы рента төлеушінің тұлгасы үлкен манызға ие болады. Рснта төлеушіні басқа тұлғаға рента алушының рұқса-тынсыз ауыстыруға жол берілмейтіні ақылға сыйысатындай талал екенін түсінеміз. (ҚР АК 538-бабы 1-тармағы).
Шарт нысанасы (заты). Өмір бойы асырауда ұстау шартының нысанасы болып қозғалмайтын мүлік, яғни асырау төлемдері жасалуы үшін берілетін мүлік -түрғын үй, пәтер, жер аумақтары және басқалары жатады. Нысананың екінші элементі асырауға қатысты біздің өз пікіріміз орын алады. Шарт бойынша асыраудағы адам (рента алушы) тұрғылықты жаймен қамтамасыз етіледі. Асырау жағдайлары рента алушының тұрғын үй құқықтарының барынша нашарлатпауы қажет. Бұл шартта тұру үшін берілетін тұрғын үйдің мөлшеріне, оның санитарлық жағдайына, қауіпсіздігіне, жылытуына қатысты талаптарды бекітуді қажет етеді. Осы себептен өмір бойы асырауда ұстау шарты біршама тұрғын үй құқығы нормаларымен де реттелуі тиіс.
Тұрғын үйдегі, тағамдардағы, күтімдегі мұқтаждарды қамтумен қатар рента төлеуші материалдық жәрдем көрсетуге де міндеттелуі мүмкін. Мысалы, емделуге кездейсоқ бір шығындарды көтеруге, пошталық, телеграфтық байланыс шығындардың өтеуге және басқа мақсаттар қаражаттар жұмсалуы керек болса. Шартпен рента төлеушісі жерлеу рәсімдері үшін төлейтіні көзделуі мүмкін. Басқаша айтқанда, ол рента алушыға жақын адамды жерлеу, немесе рента алушының өзін жерлеу бойынша шығындарды өтейтіні қарастырыла алады. Шартта асыраудың жалпы көлемі (сомасы) аныкталып көрсетілуі тиіс. Тараптар шартта асыраудың қандай түрлері берілетінін көрсетіп қана қоймайды, асырауды берудің жағдайлары, әрбір асырау түрінің сандық және сапалық көрсеткіштері анықталуы мүмкін.
Заңнама асыраудың бір айдағы ең төмен мөлшерін бекітеді. Ақшамен бағалағанда ол ең төмен жалақының екі есе мөлшерінен кем болмауы керек. Асыраудың көлемі туралы дау туындаса, ол сот тәртібінде шешілуге жатады. Тараптардың өзінің дауды ерікті реттеуі де жоққа шығарылмайды. Сот, дауды шешкен кезде, шарттың жағдайлары нақты болмаса, немесе бір біріне қайшы болса, басшылыққа адалдық, әділеттілік, парасаттылық талаптарын алуы керек. Шартпен өмір бойы асырауды заттай беруді мезгіл мезгілді ақшалай төлемдермен ауыстыру қарастырыла алады. Осының нәтижесінде өмір бойы асырауда ұстау шарты ғұмырлық рента шартына айналады. Бірақ, рентаның ең төмен мөлшеріне қатысты талаптар сақтала береді. Міндеттеменің осылайша жаңғыртылуына (өзгеруіне) тек рента алушының келісімі бой-ынша және тек оның мүддесінде ғана жол беруге болады.
Шарттың мерзімі асырауды алушының өмірінің ұзақтылығымен шектеледі. Төлемдердің мезгілдігін анықтау үшін ҚР АК 532-бабы қарастырған ережелер қолданылады.
Шарттың мазмұны. Ғұмырлық рента шарты бойынша рента төлеушісі көбінесе құрамасында бірнеше бөлшегі бар асырауды көздейтін әрекеттерді жүзеге асыруға міндеттеледі. Тиісінше рента төлеуші оның түр түріне, сапасын және берілудің өзге жағдайларын қамтамасыз етуі керек. Рента төлеушіде оған өмір бойы асырауды қамтамасыз ету үшін берілген мүлікті иеліктен шығаруға, келісе салуға және өзге жолмен билік етуге құқығы бар, бірақ осының барлығына рента алушының алдын ала келісімі қажет. Сондықтан, біз рента алушы өз мүлкіне заттық құқықтардың (шектелген көлемде) сақтап қалатынын айта аламыз. Бұл құқықты өмір бойы асырауда болып келетін тұлганың бұрынғы мүлкіне шектеулі заттық құқық ретінде анықтауға болады. Бұдан бұрын айтылғандай, рента алушының заттық құқығы өзіне берілген тұрғын үйге (жайға) пайда болады.