«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет16/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

Рента шартының түрлері Қазақстан Республикасының заңнамасымсн рента шартының үш түрі көзделген: 1) тұрақты рента шарты; 2) ғұмырлық рента шарты; 3) өмір бойы асырауда ұсту шарты. Жалпы нормалар шарттың аталған үш түріне де қатысты болып табылады. Бұлардың әрқайсысының ерекшеліктері бар. Олар төлемдерін (асыраудың) нысанында, оның ең төмен мөлшерінде, мерзімдерінде көрініс табады. Сол сияқты олардың субъектілік қатары, олардағы құқықтық мирасқорлық және рентаны сатып алу құқығы, мүліктің кездейсоқ бүлінуінің немесе жойылуының ренталық қатынастарға әсері және басқасы ерекшеленеді. Рента шарттарын жіктеудің негіздері осымен шектелмейді. Тұрақты рента және ғұмырлық рента шарттары мүлік рента төлеушіге ақыға немесе тегін берілетініне, мүлік қозғалатын ба әлде қозғалмайтын ба, соған байланысты бөлінуі (жіктелуі) мүмкін.

Өмір бойы асырауда ұстау шарты осы екі шарттан едәуір ерек-шеленеді. Онда фидуциарлық (сенімділік) сияқты сипат айқын көрініс табады, осы сипаты азаматтық құқық шеңберінен шығып кетеді деуге болады. Біздің ойымызша, ондағы сенімділік отбасылық құқық ережелеріне де негізделуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет