Энергиямен жабдықтау шартыныц мазмұны. Сатушы (энергиямен жабдықтаушы ұйым) абонентке энергия беруге міндетті. Бұл міндет жеткізілетін энергияның саны (қуаты), сапасы, сонымен бірге оны тарату тәртібі бойынша сұраныс арқылы нақтыланады. Жеткізілетін энергия саны электр энергиясын тұрмыстық тұтыну үшін тапсырмаған жағдайда мәнді болады, мұндай жағдайда ол тікелей шартпен анықталады. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен берілген және абонентпен қабылданған энергия саны оның нақты тұтынуымен сәйкес анықталады. Анықтау есеп аспаптарына сәйкес, ал ол болмағанда есептеу жолымен жүргізіледі.
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда ол энергияны өзіне қажетті мөлшерде пайдалануға құқылы. Тауар өндірумен айналыспайтын электр энергиясын өндірістік тұтынуды талап ететін құрал-жабдықтарды пайдаланбайтын электр энергиясын тек әртүрлі ұйымдастыру техникаларының жұмысын жарақтандыру үшін пайдаланатын ұйымдар тұтынатын энергия саны бойынша тұрмыстық тұтынушылар құқығымен теңестірілуі қажет.
Энергиямен жабдықтау бойынша міндеттеме мәні энергияның абонентке үздіксіз берілу қажеттілігіне негізделеді. Толық мөлшерде бұл электр энергиясын тұрмыстық тұтыну шартына үйлесімді болып табылады. Тұтынушының өзіне қажетті көлемде электр энергиясын пайдалануға мүмкіндігі болатын болса, онда ол уақыт кезеңіне тәуелсіз тәулік бойы берілуі қажет. Энергия жабдықтаушы ұйымға кәсіпкерлік шарттың құқықтық тәртібінен бірқатар ерекше болып табылатын құқық беріледі. Егер сатушыда электр энергиясының қажетті саны болмаса, онда ол оны тарату тәртібін ұстап тұра алмайды. Электр энергиясын босатудың талап етілетін қуатының болмауы, сатушының шарт жағдайының сапасы бойынша сәйкес келмейтін энергияны таратуға мәжбүр болуына әкеледі. Электр энергиясын тұтынудың тәуліктік нормасының болуы оны таратудың тәртібіне әсер етеді ж.б.
Энергияны беру төмендегі жағдайлар бойынша тоқтатылуы мүмкін:
а) шартпен бекітілген мерзімге электр энергиясы үшін тө-
лемнің болмауынан;
б) электрді тұтынудың шарттық мөлшерінде электр энергиясын жұмсаудың артуы немесе бекітілген электр тұтыну тәртібін бұзу;
в) электрмен жабдықтаушы ұйым желісіне тоқ қабылдағышты өз бетімен жалғау немесе қуатты бекітілген шарттан жоғары арттыру;
г) тоқ қабылдағыштарды есеп аспаптарынан қатыссыз жалғау немесе электр энергиясы есебінің схемасын бұзу;
д) электрмен жабдықтаушы ұйымдар және басқа тұтынушылардың электр қондырғыларының қалыпты жұмысын бұзушы мәнге дейін тұтынушы кінәсінен электр энергиясының сапа көрсеткіштерінің төмендеуі;
е) энергиямен жабдықтаушы ұйымның өкілдерін электр
энергия есебі аспаптарына жібермеу.
Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты
Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының бір түрі болып табылады. Оның мазмұнының ерекшелігі кәсіпорынның мүліктік кешен ретіндегі ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Кәсіпорынды сату тәртібі Қазақстан Республикасы АК 493-500-баптарында белгіленеді, одан басқа кәсіпорындарды сату қатынастарына жекешелендіру туралы заңнама қолданылады.
Кәсіпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен міндеттер косылмайды.
Кәсіпорынды сату шартының элементтері. Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының тараптары болып сатушы және сатып алушы табылады, оларға азаматтық-құқықтық қатынастардың кез келген субъектілері - жеке және заңды тұл-ғалар жатады. Кәсіпорын кәсіпкерлік мақсаттарда пайдаланатын мүліктік кешен болатындығы осы құқықтық қатынастар қаты-сушыларының құрамына белгілі әсерін тигізу керек. Мысалы, жалпы тәртіп бойынша коммерциялық емес заңды тұлға кәсіпорын сатып алушы болмауы керек. Бұрын заңнамада кәсіпорынды сатып алушылар бір немесс өзге субъектілерге қатысты тікелей шектеу қойылмаған еді.
Кәсіпорынды мемлекет мүлкіне айналдыру жағдайында, мемлекеттік кәсіпорынды сатып алушы рөлінде болуы мүмкін. Осы жағдайда азаматтық құқықтар мен міндеттер күрделі заңдық құрамнан пайда болады. Теориялық көзқарастан мемлекеттік кәсіпорынның оған қажетті өндірісті (кәсіпорынды) жеке кәсіп-керлерден сатып алу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды. Сол сияқты, уәкілетті орган — мемлекеттің өкілі белгілі салада мем-лекеттік кәсіпкерлікті ұйымдастыру мақсатында осындай тең құқықтылыққа, тепе-теңдікке негізделгсн құқықтық қатынастарға кірісе алады.
Кәсіпорынды сату шартының нысанасы (заты) сатып алу-сату шарттарындай кәсіпорынды сату шартының нысанасы оның елеулі жағдайы болады. Олар негізінде нысана (кәсіпорынды сату шартында) анықтамайтын тәртіптердің кейбір ерекшеліктері бар. Кәсіпорын күрделі зат болып табылғандықтан, оған ҚР АК 121-бабында көзделген күрделі зат құрамын анықтаудың тәртібі қолданылады. Шарттың тараптары қандай мүлік кәсіпорынның құрамына кіретіндігін өздері белгілеуге құқылы. Бірақ ақырында (анықтау нәтижесінде) мүлік кейбір заттар алынғанына қарамастан кешен болып қала беруі керек. Кәсіпорын - дегеніміз жұмыс істеп тұрған өндіріс, немесе ол кішкентай жөндеуден, жинақтаудан кейін және т.б. жұмысқа қосылуы мүмкін болады. Егер тараптар жасалған сұрыптау нәтижесінде заттардың жиын-тығы бөлшектенген мүлікке айналып кетсе, онда оған сатып алу-сатудың жалпы нормаларын қолдануға болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық түрлері, соның ішінде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикізат, өнімдер, жер учаскесі құқығы енеді, барлық аталған кәсіпорынньщ ма-териалдык активтерін құрайды.
Мүліктік игіліктер болатын материалдық емес активтер (ҚР АК 115-бабы, 2-та.рмағы) дегеніміз -фирмалық атаулар, тауар белгілері қызмет көрсету белгілері және сатушыны оның өнімін дараландырудың өзге де құралдары. Осымен бірге оларға сату-шының лицензия негізінде пайда болған құқықтары да жатады. Қазіргі жағдайларда кәсіпорынның құрамында шығармашылық (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелеріне құқықтар (өнеркәсіптік меншік) және басқа да айрықша құқықтар маңызды орын алуы мүмкін.
Тиісті қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негізінде алынған құқықтар, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынды сатып алушыға ауыспауы тиіс. Кәсіпорынның құрамына борыштар кіруі мүмкін. Сондықтан кәсіпорынды сатуда дәстүрлі сатып алу-сатумен бірге өзінде борыш ауысуының элементі де бар. Әрине, бұүл айтылған шартты жасасу тәртібіне де әсерін тигізеді (ҚР АК 496-бабы).
Тараптар шарт арқылы міндеттерін орындау және құқықтарын жүзеге асыру үшін кез келген мерзімдерін бекітуі мүмкін. Кәсіпорынды сату шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс. Кәсіпорынды сату шарты мемлекеттік тіркелуге тиіс, тіркелген кезінен бастап жасалған болып есептеледі. Мемлекеттік тіркеудің талабын орындамау кәсіпорынды сату шартының жарамсыздығына әкеп соғады.
Сатушы кәсіпорынның құрамына кіретін мүліктің барлығын, әрбір жеке заттарға немесе мүліктік объектілерге заңмен немесе шартпен койылатын талаптарын сақтап беруге міндетті. Сондықтан, кәсіпорынның жиынтығына қойылатын талаптар бар болатынын айта аламыз.
2Тақырып. Рента және өмір бойы асыруда ұстау
Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері.
Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента төлеушіге) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші рента алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттелген. Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі. Мүлік рента төлеуші меншігіне өтеді және бір уақтылы мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі қаупі оны күтіп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады (оның мойнында болады). Сөйтіп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатып-алу, сыйға тарту т.б. шарттармен ұқсастықтары бар. Рентаның ерекшеліктерін тап өтетін болсақ, біріншіден, рента алушыда кәсіпкерлік тәуекел (қауіп) орын алады. Екіншіден, кәсіпкерді тіркеуге қатысты талаптар болмайды. Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінің жобасында тұжырымдалған ренталық міндеттемелер бойынша рента алушысы коммерциялық ұйым бола алмайды. Сол сиякты кәсіпкер ретінде әрекет ететін азамат та ренталық міндеттеменің тарабы бола алмайды. Шартты пайдалану тұрақты және қажетті жо-ғары пайда табу кәсіпкерлік қызметке байланыссыз. Рента шарты бойынша мүлік едәуір көп көлемдерде берілуі мүмкін. Сол сияқты рентаны тек жеке қажеттер үшін қолдану да жоққа шығарылмайды.
Егер мүлікте ерекше қасиеттер болса, онда меншік иесі өзіне еш қиындықсыз оны сата да алады. Сату бағасын да мүлік иесі болашақта алынуы мүмкін ренталық төлемдерді де ескере алады. Тараптар рента төленуі үшін берілген жылжымайтын мүлікке (жер учаскесіне, ғимаратқа, құрылысқа немесе өзге жылжымайтын мүлікке) рента ауыртпалық тудыратынын жоққа шығара алмайды. Егер рента төлеуші осындай мүлікті иелігінен шығарса, онда рента шарты бойынша оның міндеттемелері мүлікті иемденушіге өтеді. Бұл заңнамалық шешім негізде рента төлеушінің де рента алушының да мүдделерін ескереді. Болашақта рента алушы ҚР АК 533-бабы 2-тармағымен қарастырылған мүмкіншіліктерді пайдаланып құны аз емес мүлікті өзіне қайтарып алатынын жоққа шығармау керек. Ал, егер рента ауыртпалығы туралы 520-бабы нормасының әсерін жылжитын мүлікке де таратса, онда бұнымен рента төлеушінің құқықтары негізсіз кемсітіледі. Сондықтан, жылжитын мүлік иеліктен шығарылған кезде тараптардың катынасы ренталық міндеттеме көлемінде сақтала береді, одан асып шықпайды.
Рента ауыртпалығының мүлікпен бірге еру (ауысу) сипаты болғаныменен, өмір бойы асырауда ұстау қатынастарын қоспағанда, онын заттық-құқықтық мінезі болмайды. Қозғалмайтын мүлікті беру рента төлеушіні толық міндеттемеден босатпайды. Егер заңнамамен немесе шартпен олардың ортақ бірлескен жауапкершілігі қарастырылмаса, онда алғашқы рента төлеушісі жаңа рента төлеушімен бірге субсидиарлық (қосымша) жауапкершілікті көтереді.
Рента төленуін қамтамасыз ететін норманың міндетті мәні бар. ҚР АК 521-бабының 1-тармағына сәйкес, рента төле-нуі үшін жер бөлшегіне немесе өзге жылжымайтын мүлікке құқық (меншік құқығы) берілетін болса, рентаны алушы рента төлеуші міндетін қамтамасыз ету мақсатында сол мүлікке кепіл құқығына иеленеді. Рента төленуін өзге жолмен де қамтамасыз етуге болады, бірақ осы да аса қажеттілік болмауы мүмкін.
Рента төленуі үшін жылжымайтын мүлік берілетін болса, заң міндеттеме орындалуды қамтамасыз ету түрін тікелей анықтамайды. Бірақ, әрине, бұл реттерде ең тиімді болып келетін тәсіл бұл рентаға берілетін немесе өзге мүліктің кепілі. Рента төленуін қамтамасыз ету міндеті баламалы болып келеді. Қамтамасыз ету орнына рента төлеушісі бұл міндеттемелерін орындамаудың немесе тиісті орындалмаудың қаупін (тәуекелін) рента алушының пайдасына сақтандыруға құқылы. Таңдау құқығы рента төлеушісінде болады, бұл баламалы міндеттеме орындалуының жалпы ережесіне сәйкес келеді (ҚР АК 285-бап).
Ренталық міндеттемені орындамаған үшін жауапкершілік карастырылған. Азаматтық құқыққа жауапкершілікті қарастыратын нормалар әрқашан міндетті болып келеді, жауапкершілікті қолданудан бас тарту, туралы келісімдер жарамсыз болып келеді (ҚР АК 8-бабы 2-тармақ). Нақты рента шартының өзінде оны орындамау немесе тиісті орындамау үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар, ҚР АК 522-бабын қоспағанда, қарастырылмаған. Яғни, оған азаматтық құқықтағы жауапкершілік (шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін) туралы жалпы ережелср қолданылады.
Рента төлеу мерзімін өткізіп алған рента төлеуші ҚР АК 522-бабына сәйкес тұрақсыздық төлемді (айыппұлды) төлейді, ол ҚР АК 353-бабына сәйкес өндіріледі.