«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты



бет38/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   151
Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлері

Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, ал жолаушы теңдеме жүкті тап-сырған жағдайда теңдеме жүкті де апаратын мекенге жеткізуді және оны теңдеме жүкті алуға құқық берілген адамға беруге міндеттенеді; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде- теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді. Жолаушы тасымалдау шарты - екі жақты, ақылы және жүктерді тасымалдау шартына қарағанда консенсуалды.

Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шартының нысаны жазбаша, ол тиісінше жол жүру билетімен және теңдеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Тасымалдау шартының жария сипаты жолаушыны тасымалдау шарты үшін айрықша нақтыланады. Оған кез келген көлік түріне және жолаушылар тасымалы үшін ашық болатын кез келген бағыт бойынша билет алу құқығы беріледі. Бекітілген шарт бойынша жолаушы көлік құралында билікке сәйкес орынды иеленуге құқылы.

Тасымалдаудың мөлшеріне карай вокзалдарда теңдеме жүкті қабылдау мен беру бөлмелері, қол жүгін сақтау камералары, күту залдары, анықтама бюролары, транзиттік жолаушылардың, ана мен баланың демалу бөлмелері; ресторандар мен буфеттер, жолаушыларға мәдени-тұрмыстық және санитарлы-гигиеналық қызмет көрсететін үй-жайлар (почта, телеграф, радиожелілер, шаштараздар, дәрігерлік көмек пунктері және т.б.) жабдықталады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін және олардың жол жүру, түсу және өту қауіпсіздігін арттыру үшін станцияларда төбесі жабылған, павильондары бар платформалар, өту тоннельдері немесе көпірлер салынады.

Жолаушыға ішкі тасымалдар кезінде 7-ден 15 жаска дейінгі және халықаралық тасымалдар кезінде 5-тен 12 жаска дейінгі балаларға қатысты шартты билет құнын 50% мөлшерінде төлеумен жеңілдік жағдайларында бекітуге құқық беріледі. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған бала ересек адаммен бірге немесе бөлек жол жүретіндігі маңызды болып табылмайды.

Жолаушы көліктің барлық түрлерімен тасымалдау кезінде жүріс арасындағы аялдамада билет күшін 10 тәуліктен аспайтын мерзімге, қалалық және қала маңына қатынайтыннан басқа, көліктің барлық түрлерінде ұзартуға құқылы. Жүріс барысындағы аялдама кезінде билеттің әрекет ету күші тасымалдаушымен ұзартылуы мүмкін. Егер пайдаланылмаған темір жол билеттері темір жол станциясының кассасына поезд жөнелтілгенге дейін 24 сағат бұрын қайтарылса, онда жолдың толық құны қайта алынуы мүмкін, ал поездың жөнелтілуіне 24 сағаттан кем, бірақ 6 сағатқа дейінгі уақытта қайтарылса билет құнын және плацкарт құнының 50%-ын алуға болады. Егер билет поездың жөнелуіне 6 сағаттан кем уақыт ішінде қайтарылса тек билет құны қайтарылады, бұл кезде плацкарт кұны қайтарылуға жатпайды.



Егер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың тапсырыстары бойынша алынған жол жүру құжаттары поезд жөнелтілгенге дейінгі 7 тәуліктен кем, бірақ 3 тәуліктен кешіктірілмей қайтарылса плацкарт құнының 50%-ы ұсталады, егер олар поезд жөнелтілгенге дейінгі үш тәуліктен кешіктіріліп қайтарылса плацкарт құны толығымен ұсталып қалады.

Жолаушы өзімен бірге қол жүгін (теңдеме жүкті) алып жүруге құқылы. Әуе көлігінде, қалалық және қала маңына қатынайтын автобустармен тасымалдағанда салмағы 20 кг аспайтын кол жүгін және теңдеме жүкті тегін алып жүру белгіленеді. Темір жол, теңіз, ішкі су көлігінде, сондай-ақ халықаралык автобустарда салмағы 35 кг аспайтын қол жүгін және теңдеме жүкті тегін алып жүру белгіленеді. Тасы-малдаушылар өз шешімі бойынша көліктің барлық түрлерінде тегін тасымалданатын теңдеме жүктін салмағын ұлғайтуға құқылы. Темір жол тасымалы кезінде жолаушы жол жүру құжаты бойынша, ұсақ заттарды есептемегенде, салмағы 36 кг болатын теңдеме жүкті тегін алып жүру үшін тапсыруға құқылы, белгіленген тарифтер бойынша алып жүру ақысын төлей отырып ол салмағы 100 кг-нан аспайтын теңдеме жүкті алып жүре алады.

Теңдеме жүкті тасымалдау жөніндегі міндеттеме - тасымалдаушының жолаушы көрсеткен багытта теңдеме жүкті алып жүру мен оны тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап сатып алушыға бергенге оның сақталуын қамтамасыз ету міндеттемесі болып табылады. Теңдеме жүкті автомобиль көлігімен тасымалдаған кезде теңдеме жүк әдетте оны автобустың теңдеме жүк бөлімшесінде орналастыру үшін қабылданады. Дәл осылай теңдеме жүк су, әуе көлігімен де тасымалданады. Жолаушы мен теңдеме жүкті әртүрлі көлікпен тасымалдау да жоққа шығарылмайды. Темір жол тасымалдауы кезінде теңдеме жүкті тасымалдауға қабылдауға және оны сол немесе теңдеме жүк вагоны бар тиісті бағыттағы келесі поезбен жіберуге міндетті. Егер жолаушының мәлімдеуі болса, онда теңдеме жүк жол жүру құжатында көрсетілмеген басқа бағыт бойынша жөнелтілуі мүмкін. Көліктің барлық түрлерінде теңдеме жүкті тасымалдауға алуға болады.

Жолаушы теңдеме жүкті тапсыру кезінде тарифке сәйкес алымды төлей отырып оның құндылығын жария ете алады. Жолаушыдан теңдеме жүк ретінде тасымалдауға өзінің көлемі, буып түйілуі мен қасиеттері бойынша еш қиындықсыз теңдеме жүк вагонына тиеліп орналастырыла алатын және басқа жолаушылардың теңдеме жүктеріне зиян келтірмейтін заттар мен нәрселер қабылданады. Теңдеме жүкті жеткізу мерзімі баратын жеріне дейін теңдеме жүк бірге жөнелтілген көлік құралының жүру уақытымен анықталады. Егер теңдеме жүк жол бойында қайта тиеу маршруты бойынша жөнелтілсе, онда оны жеткізу мерзімі қайта тиеуге кеткен уақыт шығынын ескере отырып жол жүру уақытымен анықталады. Темір жол тасымалы бойынша әрбір қайта тиеуге бір тәуліктен қосылады. Егер теңдеме жүк оны жеткізу мерзімі аяқталғаннан кейін 7 тәулік ішінде баратын жеріне келмесе, онда жолаушы теңдеме жүкті жоғалтылды деп есептеуге және оның құнын талап етуге құқылы.

Темір жол тасымалдауы кезінде 60 күн ішінде талап етілмеген теңдеме жүк іске асырылу ушін жергілікті сауда ұйымдарына берілуге жатады. Жолаушылардың ұмытып кеткен және тауып алынған заттары да іске асырылуға жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет