«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет53/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   151
Қонақ үйде сақтау. Қызмет көрсетудің тиісті кешенінде көрсету көзделетін қонақ үйлерде, яғни адамдардың уақытша тұруына арналған үй-жайларда сақтаудың ерекшелігі - сақтау міндеттемесінің қонақ үйде тікелей заң нұсқауы бойынша туындайтындығында. Мұндай міндеттеменің болуын, әрине құрамдас бөлік ретінде сақтау бойынша міндеттеме кіретін, жоғары да қарастырылған күрделі шарт құрылымына сүйене отырып түсіндіруге болады, бірақ қонақ үйлік қызметтерді көрсету шартында қонақ үйдің сақтау бойынша міндеттері көрініс таппауы да мүмкін. Соның салдарынан уақытша тұрушылардың заттарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қонақ үйдің міндеттемесі сақтау туралы жалпы нормаларға сәйкес анықталатын болады. Мұнда қонақ үйдің бөлмелерінде орналасқан уақытша тұрушылар-дың жеке заттары туралы сөз болып отыр. Егер де бұл алдырмайтын күштің, заттың өз қасиетінен не тұрушының оның қасындағы тұлғалардың немесе оған келушілердің кінәсінен болмаса, олар заттың жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауап беретін болады.

Өз заттары жоғалған немесе бүлінген жағдайда тұрушы тұлғаға өз құқықтарын жүзеге асыру үшін шырақтық таныту қажет. Ол бүл туралы дереу қонақ үй акімшілігіне хабарлауға міндетті. Бұлай жасалмаған жағдайда қонақ үй заттың сақталмағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.



Даулы заттарды сақтау секвестр. Бұрын әрекет еткен заңнамамен секвестр көзделмеген болатын. Нарық пен толыққанды меншік қатынастарының қалыптасуымен барлық қажетті құқықтық атрибуттар да қалыптаса бастады. Олардың қатарына секвестрді де жатқызуға болады. Секвестр дауласушы тараптардан дау пәнін "бірдей аластатуға" мүмкіндік береді, яғни дауға қатысушылардың мүдделерін камтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Секвестр туралы шарт бойынша затқа деген құкық жөнінде араларында дау туған екі немесе бірнеше адам даулы затты даудың шешілуі бойынша соттың шешімі не дауласып жүрген барлық тұлғалардың келісуі бойынша бұл зат кімге берілсе, соған қайтаруды міндетіне алатын үшінші адамға береді. Мұндай секвестр шарттық секвестр деген атауға ие, өйткені ол нағыз борышқорды затты беруге мәжбүрлеуге негізделмеген.

Бұған қарағанда соттық секвестр бойынша зат үшінші тұлғаға, соттың басқа да актілері сияқты барлық тұлғалар үшін міндетті сипатқа ие болатын сот анықтамасының негізінде беріледі және сол себептен секвестр мәжбүрлеуші болып табылады. Секвестрді Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізушілік кодексінің 15-тарауына сәйкес борышқордың мүлкін арестке алу сияқты талап арызды қамтамасыз ету бойынша осындай шараны жүзеге асырудың нотариалды-құқықтық механизмі ретінде қарастыруға болады.

Зат сақталу үшін сотпен тағайындалған адамға да немесе дауласушы тараптардың өзара келісуі бойынша белгіленген адамға да беріле алады. Екі жағдайда да, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, осы аДамдар даулы мүлікті сақтайтын сақтаушы болуға өз келісімдерін беруге міндетті. Егер сақтау шартымен немесе заң актілерімен өзгеше көзделмесе, секвестр ақылы болып табылады. Секвестр ерекшеліктерінің бірі болып, оның пәні ретінде жылжитын да, жылжымайтын да заттар бола алатындығында. Басқа жағдайларға карағанда жылжымайтын мүлік іс жүзінде сақтаушының иелігіне берілетін болғандықтан секвестр үшін осыған қатысты ерекшелік беріледі. Бұған мұндай шешім секвестрді қолданудың ерекшелігімен де қамтамасыз етіледі. Яғни мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін басқа амалды болмауымен. Секвестрге жылжымайтын заттар берілгенде, сақтау мәмілелері белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге алынуға жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет