«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет54/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   151
Тауар қоймасында сақтау. ҚР АК -де қоймада сақтау шартының жеке анықтамасы берілмеген (ҚР АК 769 баптық 1 -т есептемегенде). Осы шарт бойынша да сақтаушы мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге және оны жүк берушіге шарт талаптарына сәйкес беруге міндеттенеді. Қоймада сақтау шартының негізгі ерекшеліктерінің бірі - сақтаушы болып әрқашан тауар қоймасы табылады. Тауарлар сақтауды жүзеге асыратын және кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтауға байланысты қызметтер көрсететін коммерциялық ұйымдар тауар қоймасы деп табылады. Тауар қоймасында сақтау шарты жеке анықталған заттарды иесіздендіріп сақтауды да реттеуге бағытталуы мүмкін. Тауар қоймасында сақтаудың тағы бір ерекшелігі болып орындалуы ерекше құжаттарды қойма куәліктерін беру жолымен жүргізілетін шарттың ерекше жазбаша нысаны болып табылады. Аталған қойма кұжаттары жай куәліктеріне және қос қойма куәліктеріне бөлінеді. Қос қойма куәлігі, сондай-ақ оның әрбір бөлігі және жай қойма куәлігі бағалы қағаздар болып табылады. Заңның тікелей нұсқауына (ҚР АК-ң 798 бабы) орай жай қойма куәлігі ұсынып көрсетушіге бағалы кағаз болып табылады, ал қос койма куәлігі, ҚР АК 799-бабының мәнісі бойынша, атаулы бағалы кағаз болып табылады. Қос койма куәлігі қойма куәлігінен және кепілдік куәліктен тұрады. Аталған екі құжат та мазмұны бойынша бірде қажет болған жағдайда біреуін басқасынан айыруға болады. Қойма куәлігі және кепілдік куәлік беру жазбасы (индоссаменттер) бойынша бірге немесе бөлек беріле алады. Қос қойма куәлігінің әр бөлігінде:

а) қос қойма куәлігінің тиісті бөлігінің атауы, яғни бұл куәлік қойма немесе кепілдік куәлік екені;

б)тауарды сақтауға қабылдаған қойманың атауы мен мекен-жайы;

в) қойма тізімі бойынша қойма куәлігінің ағымдағы нөмірі;

г) сақтауға тауар қабылданған ұйымның атауы немесе азаматтың
аты жөні сондай-ақ, тауар иесінің орналасқан жері (тұрғылықты жері);

д) тауардың атауы мен мөлшері, тауарларға арналған орындардың саны;

е) қабылданған тауардың сомасы;

ж) сақтауға алынаған тауардың, егер ол белгіленген болса сақталу
мерзімі;

з) сақтауға ақы төлеудің тарифтері мен тәртібі;
и) қойма куәлігінің берілген күні;

к) уәкілетті адамның (қойма менгерушісінің қабылдаушының) қолы және тауар қоймасының мөрі көрсетілуге тиіс.

ҚР АК 801 - бабында қойма куәлігімен кепіл куәлігін беру жазбасы (индоссаменттер) бойынша бірге немесе бөлек беру мүмкіндігінің көрсетілуі іс мәнісіне білдірілген біздің көзқарасымызда да өзгертілмейді. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі кепіл құрылымының барлық ерекшеліктерін де ескеру қажет. Кейбір жағдайларда кепіл куәліктерінің атаулы да және ордерлік бағалы қағаздарда болу мүмкіндігімен байланысты варицацияны да жоққа шығармаймыз.

Жай койма куәлігінде сондай реквизиттер көзделеді. Ол куәлік бөліктеріне қатысты нұсқауды қамтымайды. Жай қойма куәлігі ұсынып көрсетушіге арналған бағалы қағаз болғандықтан онда тауар иесінің (жүк берушінің) атауы (аты) көрсетілмейді. Жай қойма куәлігінде оның ұсынып көрсетушіге берілгендігі жазылуға тиіс.

Қос койма куәлігі бойынша сақтау шартында оның кәсіпкерлік сипаты айқын көрсетілген. Кәсіпкерлік айналымының ерекшелігі - меншік иесінің. өзгенің мүліктік құқығын иеленуші тауар тағдырын әртүрлі тәсілдермен анықтай алатындығында. Бұл қарастырылып отырған қос қойма куәлігі бойынша сақтау шартында да айқын көрінеді.

Жалпы пайдаланыстағы тауар қоймалары мен ведомстволық (корпоративтік) қоймаларда сақтауды ажыратады. Егер заң актілеріне сәйкес ол шектелген тұлғалар аясынан тауарларды сақтауға қабылдай алатын қоймаларға жатқызылмаған болса, тауар қоймасы жалпы пайдаланыстағы қойма деп танылады.

Жалпы пайдаланыстағы тауар қоймасымен бекітілетін қоймада сақтау шарты жария шарт ретінде танылады. Мысалы, базарлар (рыноктар) кез келген саудагер мен немесе сақтау қызмет көрсетуді өтініп жүгінген кез келген тұлғамен өз қоймасында сақтау шартын бекітуге міндетті.

ҚР АК 793-бабының 1-тармағына сәйкес, тауар қоймасы стандарттарда, техникалық талаптарда технологиялық нұсқаулықтарда, сақтау жөніндегі нұсқаулықтарда, тауарлардың жекелеген түрлерін сактау ережелерінде, қойма үшін міндетгі өзге де арнаулы нормативтік құжаттарды белгіленген сақтау талаптарын (режимін) сақтауға міндетті.

Тауар қоймасы, тауар иесіне тауарларды немесе олардың үлгілерін ескеру, егер сақтау иесіздендіре отырып жүзеге асырылатын болса, көру және тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуі үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беруге міндетті. Тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтау жағдайларын дереу өзгерту қажет болған жағдайда тауар қоймасы профессионал ретінде талап етілген шұғыл шараларды өз бетінше қабылдауға құқылы. Ол қабылданған шаралар туралы тауар иесіне хабарлауға міндетті.

Тауардың бүлінуі байқалған жағдайда койма дереу акт жасауға және тауар иесін оның тауар қоймасына мәлімдеген мекен-жайы бойынша хабардар етуге міндетті, яғни тауар қоймасы, егер жүк беруші (тауар иесі) оларды өзгерткен болса, оның іс жүзіндегі орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін анықтау бойынша шаралар қолдануға міндетті емес.



Тауар иесінің сақтау бойынша арыздануына қатысты тауар қоймасының міндеттері басқаша реттелген. Егер шартты өзгеше көзделмесе тауар иесі қоймадан тауар алу кезінде дұрыс сақталмаудың салдарынан тауардың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені туралы, ол көзге байқалмайтын бүлінулер туралы оларды табу үшін қажет әдеттегі мерзім ішінде тауар қоймасына мәлімдеуге міндетті. Яғни сақталып жатқан заттарды пайдалануға беру, оларды сату алдындағы дайындық және т.с.с. сәттен бастап есептелетін мерзімдер туралы сөз болып отыр. Егер тауардың бүлінгені және кем шыққаны туралы тиісті мерзімде мәлімденбеген болса, бұл залалдар оның қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан келтірілген жағдайларды қоспағанда тауар қоймасы залалдар үшін жауапты болмайды.

Қос қойма куәлігін ұстаушының қоймада сақтаулы тауарға толық көлемде билік етуге құқығы бар. Кепіл куәлігінен бөліп алынған қойма куәлігін ұстаушы тауарға билік етуге құқылы, бірақ оны кепіл куәлігі бойынша берілген несиені өтегенге дейін қоймадан ала алмайды.

Егер тауар қоймасы тауарды бере отырып кепіл ұстаушының тауарға деген құқықтарын қамтамасыз етпесе, онда тауар қоймасы кепіл ұстаушыға тиесілі барлық соманың төленуі үшін өзі жауапты болады. Қоймада сақтау шарты бойынша сақтау жөніндегі тауар қоймасының шығындарын өтеу кейбір ерекшеліктерге ие. Әдеттегі шығындардан басқа, қойманың жүк берушінің мүдделерінде жүзеге асырылған қосымша операциялар бойынша, шартта көзделген немесе заң актілерінде белгіленген шығындар ставкаларының орнын толтыруға құқығы бар. Олардың қатарына тауарларды сақтандыруға, тиеу түсіру жұмыстарына кеден баждарын төлеуге және т.б. төленген сомалар кіруі мүмкін. Бұл құқық сақталатын тауарды қойманың ұстап қалу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. (ҚР АК 795-бап).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет