«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет56/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   151
Комиссия шартының элементтері. Жоғарыда бірнеше рет атап өтілгендей, комиссия шартының тараптары - комиссионер және комитент деп аталады. Мүддесіне комиссия шарты бекітілетін жеке немесе заңды тұлға комитент болып табылады. Көлік кұралдары мен комиссиялык сауда жасаудың ережелеріне сәйкес көлік құралдары, техника және олардың қосалқы бөлшектері комиссияға олар меншік құқығы негізінде тиесілі болған, азаматтардан қабылданады (тиісінше, олар өздерінің меншік иесі екенін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті), не комитенттер сенім білдірілген өкілі ретінде әрекет ететін болады және олар белгіленген тәртіпте рәсімделген сату құқығына сенім хатты ұсынып көрсетуге міндетті. Барлық жағдайларда комитенттер төлқұжатты немес оны алмастыратын құжатты ұсынады. Егер көлік құралы шетелден әкелінген болса, онда комиссияға қабылдау кезінде кедендік рәсімдеу құжаттарын көрсету талап етілетін болады. Аталған заттар, егер олар тәркіленген болса немесе иесіздендірілген болса, иесіз қалған мұраның құрамына кірген болса, комиссияға қаржы органдарынан да қабылдана алады. Бұл орайда мемлекеттің меншік құқығы белгіленген үкімдерді шешімдерді немесе соттардың өзге де актілерің көрсету талап етіледі.

Комиссионер болып, әдетте, кәсіпкерлік қызмет субъектісі -жеке немесе заңды тұлға табылады. Кәсіпкер болып табылмайтын азаматтар бір жолғы негізде ғана комиссионерлер ретінде көріне алады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар, егер олар заңмен рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтті жүзеге асырмаса, тәжірибе жүзінде комиссионерлер ретінде комиссия шарттарын бекітпейді. Заңнамада комиссонерлерге арнайы талаптар белгіленуі мүмкін.

Комиссия шартының пәні болып азаматтык айналымның барлық аясындағы делдалдық қызметтер табылады. Заңнама логикасынан туындайтындай комиссия шарты субъектілердің жеке өзімен жасалуға тиіс мәмілелерді жасау жөнінде бектіле алмайды. Комиссия пәніне комиссионердің тек мәміленің өзін ғана емес, сондай-ақ оны жасауға қажетті іс-шараларды да жүзеге асыруды да жатқызуға болады. Сенім білдірілген өкілге қарағанда, комиссионер мәміле бойынша контрагентті еркін таңдау құқығына ие.

Комиссия шартының мазмұны. Комиссионер кәсіпкер бола отырып бірқатар жағдайларда өзімен комиссия шартын бекітуге жария оферта жасайды. Оның құқықтары мен міндеттері қосылу шартының шектерімен анықталады. Комиссионердің де комитенттің де құқыктары мен міндеттерін айқындауда заңнама АК) нормалары елеулі маңызға ие. Комиссионер бірінші кезекте, комиссия шарты арналып мәміллерді жасауға міндетті. Бұл - комиссионер үшінші тұлғамен бекіткен мәміледен туындайтын барлық міндеттерді орындауға және барлық құқықтарды жүзеге асыруға тиіс дегенді білдіреді. Ол үшінші тұлғамен бекіткен мәміле бойынша міндетке айналады және ол комитенттің мәміледе аталғанына немесе онын мәміле бойынша үшінші тұлғамен тікелей қатынастарға түскеніне қарамастан құқықтарға ие болады. Бірақ, егер комитент мұны талап етсе, комиссионер үшінші тұлғамен мәміле бойынша жасалған құқықтарды комитентке беруге міндетті, бұл орайда ол үшінші тұлғаны құқықтардың комитентке берілгендігі туралы хабардар етуге тиіс. Үшінші тұлға сонымен бірге комиссионерге осы мәміледен туындайтын өз талаптарының негізінде комитент талаптарына қарсылық білдіруге құқығы жоқ. Комиссионер мәмілелерді жасай отырып, комитенттің нұсқауларын басшылыққа алуға комитент үшін тиімді болатын сол бір немесе өзге жағдайларды ұстануға міндетті. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған кезде, комитент іскерлік айналым дағдыларына немесе өзге де әдетте қойылатын талаптарға сәйкес әрекет етуге тиіс.

ҚР АК 871-бап комиссионердің мәмілені комитент мүдделері үшін жасайтындығы айқын көрінетін норманы көздеген. Оның әрекеттесуі меншіктің өтуін, не мүлікке өзге де иелік етуді кейбір жағдайларда мүлікті басқарусыз онымен белгілі бір әрекеттер жасауды қамтамасыз ететін мәмілелерді жасасу жағдайларына таралатын болады. Комиссия шартының аясында кез келген негіз бойынша комитенттен комиссионерге келген мүлік шартпен меншік құқығының басқа субъектіге өтетіндігі сатылғанға дейін комитенттің меншігі болып қалады. Мүліктің комиссионерге келіп түскен сәтінен, не бастапқы меншік иесінен меншік құқығының өтуін өзі арқылы қамтамасыз ететін өзге сәттен бастап мүлік комиссионердің меншігі деп танылады. Осыған орай комиссия шартын үшінші тұлғалармен орнатылатын құқықтық қатынастар мен міндеттемелік құқықтық қатынастар белгіленетін шарт болып табылады деп атап өтуге болады. Заттық - құқықтық қатынастардың қатысушысы болып комитент табылады, сонымен біріе ол комитентпен тікелей міндеттемелік қатынастарда болады. Үшінші тұлғамен міндеттемелік қатынастарға қатысушы болып комитент табылады.

Комитенттің заттарын сату көзделген жағдайларда комиссионер комитенттің қатысуымен комиссияға қабылданатын заттардың жай-күйін тексеруді жүргізеді. Сатылатын заттардың (көлік құралдарының, техниканың, қосалқы бөлшектердің) бағасын комитент белгілейді. Комиссионер талап етілген жағдайда заттарды сараптамалық бағалаудан өткізеді. Егер олар сатылмаса өткізілген заттар арзандатылуы мүмкін. Мұндай ережелер көлік құралдары мен комиссиялық сауда жасаған кезде де қолданылады. Егер көлік құралдары, техника және нөмірлік агрегаттар он бес жұмыс күнінің ішінде сатылмаса, дүкен оларды комитенттен шақырылған (сенім білдірілген) тұлғамен бірге қайта бағалайды. Егер тауарлар бірінші рет арзандатылғаннан кейін тағы да он бес жұмыс күннің ішінде сатылмаса, комиссионер мөлшері комитентпен келісілетін екінші рет қайта бағалауды (арзандатуды) жүзеге асырады. Содан кейін он бес жұмыс күні ішінде тауарлар сатылмаса дүкен үшінші рет қайта бағалауды жүргізеді.

Егер үшінші рет арзандатқаннан кейінгі он бес жұмыс күні ішінде де заттар (көлік құралдары, техника, қосалқы бөлшектер) сатылмаса, комиссионер оларды сатуға мүмкін болатын бағаға дейін қайта бағалайды. Егер комитент мұнымен келіспесе, зат сақтау орнынан алынып, өзіне кайтарылады. Қазіргі таңда комиссияға өткізілетін заттарды қайта бағалау жағдайлары және осымен байланысты комиссионердің құқықтары мен міндеттері негізінен комиссия шартының тараптары арасындағы келісімдер мен анықталатын болады (басқа комиссия шарттарымен деген ой) заттарды қайта бағалаудың ұзақ немесе қысқа мерзімдері белгі-ленуі қайта бағалаудың саны қысқартылуы немесе көбейтілуі, қайта бағалаудың белгілі бір адымы белгіленуі мүмкін және т.б.



Тапсырма шартындағы сенім білдірілген өкілге қарағанда комиссионер комитент үшін мәмілелерді және өзі жасаудың орнына оны үшінші тұлғаның орындалуымен алмастыра алады. Міндеттерді үшінші тұлғаға жүктеу қосалқы комиссия деп аталады. Қосалкы комиссия шартын бекіткен комиссионер қосалқы комиссионердің іс-әрекеті үшін комитент алдында жауапты болып қалады. Комиссионердің қосалқы комиссия шартын бекіту құқығы бұл туралы шартта тікелей көрсету арқылы алынып тасталуы мүмкін.

Қосалқы комиссия шарты бойынша комиссионер қосалқы комиссионермен жасалған мәміле бойынша құқықтарды өзіне беруді талап ету құқығынан басқа қосалқы комиссионерге қатысты комитенттің құқықтарымен міндеттерін иеленеді. Заң актілерінде комиссионер қосалқы комиссия шартын тек арнайы уәкілдік берілген тұлғамен бекіте алады деп белгіленуі мүмкін, мысалы сатылуы арнайы рұқсатты талап ететін затты қосалқы комиссияға қабылдау туралы сөз болса.

Комиссионер орын алған жағдайлар бойынша бұл комитент мүдделері үшін кажет болғанда және осы орайда ол сенім білдірушіден алдын ала сұрай алғанда не өз сұрауына уақытында жауап ала алмаған жағдайларда комитенттің нұсқауларынан ауытқуға құқылы. Комиссионер тапсырма шартындағы сенім білдірілген өкіл сияқты, мүмкіндік туған кезде жол берілген ауытқулар туралы комитентті хабардар етуге міндетті.



Комиссионер әдетте, комитент есебінен жасаған мәмілені үшінші тұлғаның орындамағаны үшін комитент алдында жауап бермейді. Егер мәмілені үшінші тұлғамен орындамау аталған тұлғаны таңдаудағы комиссионердің тиісті сақтық көрсетілуімен байланысты болса, онда ол үшінші тұлғаның әрекеті үшін жауапты болады. Егер комиссионер мәміленің үшінші тұлғамен орындалатынына кепілдік берсе, онда оның орындалмағаны үшін жауапкершілікті комиссионер өз мойнына алады.

Комиссионер мәмілені өзіне жасауға құқылы. Бұл құқық егер комитент шарт жасаса отырып басқаша талап қоймаса комиссионердің иелігінде болады. Мәмілені өзіне жасау дегеніміз - комиссионер комитенттің мүдделері үшін сатып алушы бола отырып сатушы ретінде тауарларды жеткізеді. Ол комитент үшін сатушы ретінде әрекет ететін жағдайларда ол сатып алушы ретінде жеке өзі тауарды иемдене алады. Мәміле жасау сатып алу-сату бойынша мәмілелер бекіту туралы сөз болғанда ғана емес, сондай-ақ комитент мүддесі үшін өзге де мәмілелерді бекіту кезінде де мүмкін болады. Өзіне мәміле жасау механизмі заңнама заңдык аспектіде де комитетті комиссионермен уәкілдік етуді біржақты түрде жоққа шығармайды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Өзіне мәміле жасау кезінде комиссионердің, бір жағынан, комитенттің өкілі болып табылатындығын, екінші жағынан, өз бетінше әрекет ететіндігі туралы фикцияға жол берген жөн. Шартты бір тұлғамен ғана осындай фикцияға жол берусіз бекіту мүмкіндігі күмәнді болар еді.



Сатушы ретінде өз бетінше тауар ұсынған немесе оны сатып алушы ретінде қабылданған комиссионердің жай комиссиялық ақы алуға құқығы бар. Сонымен қатар ол комиссиялық мәмілелерден туындайтын шығындардың орнын толтыру жөнінде шот ұсына алады. Сенім білдірілген өкілге қарағанда комиссионер, егер тапсырмадан бас тарту құқығы оған шартпен берілмеген болса, қабылданған тапсырманы орындаудан бас тартуға құқылы емес. Комитенттің шартты бұзатын және соның салдарынан комиссионер комитенттің нұсқауларына сәйкес тапсырманы орындау мүмкіндігінен айырылатын барлық басқа жағдайларда комиссионер тапсырманы орындаудан бас тарта алады. Тапсырманы орындаудан бас тарту құқығы комиссионерге ол жауап бермейтін өзге де жағдайлардың салдарынан орындау мүмкін болмайтын жағдайларда да беріледі. Бас тартудың барлық жағдайларында комиссионер өзінің бас тартуы туралы комитентке жазбаша хабарлауга және өзіндегі комитент мүлкінің сақталуына шаралар қолдануға міндетті. Комитет комиссия шартын бекіту кезінде комиссионерге қажетті нұсқаулар беруге, егер өзіне тиесілі затты сату туралы сөз болса, сату бағасын келісіп алуға тиіс. Басқа жағдайларда да комитент өз мүддесі үшін бекітілетін мәміле бойынша талап етілетін бағаны нұсқайтын болады.

Комиссия шарты туралы нормаларда, тапсырма шарты туралы нормалардағыдай, комиссионерге тапсырманы орындау үшін барлық қажеттіні беру туралы талаптар қамтылмаған. Комиссионер профессионал ретінде көбінесе комитент үшін мәміле жасау үшін талап етілетіннің барлығын өзі иеленуге тиіс. Бірақ мәміленің комитент есебінен жасалағындығын естен шығармаған жөн, Сондықтан мәмілені жасау үшін алдын-ала төлем талап етілгенде немесе мәмілені тиімді түрде жасау үшін (мысалы кәсіптенген бағалаушы) қажет болатын қосымша қызметтерге ақы төлеу талап етілсе, онда комитент осындай талап етілетін шығындарды алдын ала төлеп қоюға міндетті болады.

Комяссиялық сату пәні болып тасымалдануы оның бүліну мүмкіндігіне байланысты тиімсіз және қауіпті болатын үлкен (қолайсыз) зат табылуы мүмкін. Бұл жағдайда комиссиялық дүкенде заттың барлык шамасы және т.б көруге болатын фотосуреті, бейнетаспасы қойыла алады. Сонымен бірге комиссионердің комитентпен белгілі бір күндері (сағатта) комитенттің зат сатып алу туралы шартты бекіткен тұлғаларға заттың өзін көрсетуді қамтамасыз ету туралы келісімі бекітілуі мумкін.

Егер комиссионер мүлікті комитентпен келісілгеннен жоғары бағамен сатып алса, мұндай затты кабылдағысы келмейтін комитент үшінші тұлғамен мәміле жасалғандығы туралы хабар алған бойда бұл жөнінде комиссионерге кешіктірмей мәлімдеуге міндетті. Олай болмаған жағдайда комитент сатып алынған затты қабылдады деп танылады. Комитент шарт бойынша комиссионер орындағанның барлығын қабылдауға міндетті. Мәміле бойынша құқықтар мен міндеттер кіммен яғни, комиссионермен немесе комитенттің талабы бойынша алынғанына қарамастан аталған құқықтармен міндеттер комиссиялық тапсырма орындалысымен комитентке қайтарылады. Мәміле бойынша қалған құқықтар соның ішінде комиссионерге сатылған тауарлардың атқарылған мердігерлік жұмыстардың сапасына қатысты талап ету құқықтары тікелей комитентке өтетін болады.

Сатып алынған заттың кемшіліктері туралы комиссионермен оны сатушыдан қабылдап алу кезінде не комитентпен оны комиссионерден қабылдап алу кезінде де дереу хабардар еткенде орын алған жағдай екі түрлі бағытта өрби алады. Жалпы ереже бойынша комиссионер тиісті түрде орындалған тапсырма бойынша алынғанды беруге міндетті болғандыктан, комитент затты комиссионер заңнамамен немесе шартпен көзделген тәсілдермен сатушыдан кемшіліктерді жоюға қол жеткізбейінше қабылдамауға құқылы. Екінші жолы,- комитент пен комиссионер арасындағы келісім бойынша комитент сатушыға қоятын талапты өзі жүзеге асыруымен байланысты.

Комиссионер мәміле бойынша алынғанды комитентке беруге міндетті. Бұл комиссия шарты туралы нормалармен тікелей көзделмесе де, комитенттің талабы бойынша ол тапсырманың орындалуы туралы есеп беруге міндетті. Мүлікті комитентпен келіскен бағадан төмен сатқан комиссионер комитентке айырманы өтеуге міндетті. Егер ол мүлікті келісілген бағамен сатуға мүмкіндік болмағанын және неғұрлым төмен бағамен сату бұдан да көп залалдан сақтағанын, сондай-ақ оның нұсқауларынан ауытқуға комитенттің алдын ала келісімін алуға мүмкіндігі болмағанын дәлелдеген жағдайда, комиссионер аталған міндеттен босатыла алады.

Ол тиесілі сыйақыны, сондай-ақ шарт бойынша тиесілі өзге де соманы төлеуді талап етуге құқылы. Комиссионердің аталған құқығы оған ұстап қалу кұқығын берумен байланысты. Ұстап қалу құқығының мазмұны тар мағынада талқыланады, оған комитенттің мүлкін тікелей өндіріп алу құқығы берілмейді. Комиссионер жасасқан мәміле бойынша комитентке не үшінші тұлғаға берілуге тиіс мүлікті комиссионер комиссия шарты бойынша өзіне тиесілі сома төленгенге дейін ұстап қалуға құқылы.

Комитентпен түскен ақша сомасын ұстап қалу құқығының мазмұны біршама басқаша анықталады (ҚР АК 872-бап). Бұл жағдайда ұстап қалу құқығы комитент мүлкін ақша түрінде өз бетінше өндіріп алу құқығы ретінде талқылануға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет