«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет66/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   151
Конкурстық міндеттемелер. Конкурстық міндеттемелер біржақты іс-әрекеттерден туындайтын міндеттемелердің тағы бір түрі болып табылады. Оларда шетелдік мемлекеттердің жеке құқығында квази келісім-шарттық деп аталатын міндеітемелердің белгілері жақын көрініс тапқан. Осы айтылған сөз, жоғарыда қарастырылып өткен басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міндеттемелерге де қатысты.

Қазақстан Республикасының міндеттемелік құқығында топтастырудың мұндай негізі қолданылмайды, алайда квази келісім-шарттық міндеттемелерді атап өту конкурстық міндеттемелерді дұрыс түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді. Олардың кейбіреулері шарттық міндеттемелерге өте ұқсас, өйткені конкурстық міндеттемелер қатысушылардың еріктерін іс жүзінде келістіру алдағы уақытта бәрібір орын алады, бірақ заңнама сол бір немесе өзге нысанда конкурсқа бастамашылдық білдірген субъектінің еркіне ғана және егер оның ерік білдіруі құқықтық қатынастың негізі ретінде жеткілікті болса, басымды құқықтық маңыз береді.

Қалған субъектілердің еркі есте ұсталады және олар көмекші маңызға ие болады (олардың міндеттемелерге қатысуы, бірқатар жағдайларда олармен конклюденттік іс-әрекеттерді жасаумен қамтамасыз етілуі мүмкін, алайда олардың белсенді іс-әрекеттерді де жасауды, конкурстың барлық талаптарын сақтауы жоққа шығарылмайды).



Осы міндеттемелердің мазмұны конкурстық тапсырма бойынша конкурсанттардың әдетте борышқорлармен бірқатар азаматтық-құқықтық шарттарды мердігерлік тапсырма, комиссия және т.б жасалатын іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін. Конкурсант-тардың заңдық қылықтарды – ғылым, әдебиет және өнер туындысын жасауы жоққа шығарылмайды.

Бірінші жағдайда конкурсанттармен конкурсты жария еткен субъектінің пайдасына заңдық маңызы бар іс-әрекеттерді іс жүзінде жасау туралы емес, сол конкурсты жария еткен тұлғамен өз талапта-рын сақтаудың орнына өздерінің заңдык міндеттеуге дайын екендігі туралы сөз болып отыр. Егер конкурсанттардың қайсібірімен іс-әрекеттер жасалса (жұмыс орындалса, тауарлар берілсе, қызметтер көрсетілсе) және конкурс жария еткен тұлға оны қабылдаса(олармен келіссе) және соңғысының мүліктік аясы конкурсант іс-әрекеттерінің салдарынан белгілі бір игіліктермен толықса, онда тараптардың ара-қатынасына белгілі бір шарт туралы ережелер қолданылуға тиіс.

Конкурс жария еткен шарттарды бекітуге қатысты тұлға оферталар жасауды ұсынуды және өзіне ең жақсы жағдайлары бар офертаға қосылу міндеттемесін алады. Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасауға конкурс жария еткен кезде, нақты іс-әрекеттерді жасау талап етіледі. Конкурстық міндеттемелердің көмегімен тараптардың ара қатынасы және қажет болған кезде шарттар мен интеллектуалдық меншіктің әртүрлі обьектілерін жасаудан басқа өзге де заңдық маңызы бар іс-әрекеттер реттелуі мүмкін.

Конкурстық міндеттемелер туралы нормалар ҚР Азаматтық кодексінің "конкурстық міндеттемелер" деп аталатын 46-тарауында (910-914-баптар) қамтылған. Аталған баптардың нормаларымен сыйақы беруге көпшілік алдында уәде беруден туындайтын конкурстық міндеттемелер және саудаластық негізінде (тендерлер, аукциондар) туындайтын міндеттемелер реттеледі. Конкурстық міндеттемелер Қазакстан Республикасының өзге заң актілерімен де реттелуі мүмкін. Біз Қазақстан Республикасының 16 ма-мыр 2002 жылғы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңын атап өткен болатынбыз. Сондай-ақ, міндеттемелердің аталған түрлері үшін ма-ңызды болып табылатындардың қатарын Қазақстан Республикасы Президентінің 23 желтоқсан 1995 жылғы "Жекешелендіру туралы заң күші бар Жарлығы және басқа да бірқатар заңды актілер кіреді.

Конкурстық міндеттемеде оның бастамашысы оның пәнін,. сондай-ақ конкурстың бастапқы шарттарын өзі немесс заңнама талаптарына сәйкес анықтайды. Ол осының негізінде тұлғалардың белгісін немесе белгілі бір тобына оған қатысуға ұсыныс жасайды және конкурстың жеңімпазына белгіленген сыйақы төлеуге және (немесе) онымен конкурстық міндеттемелердің мазмұнына сәйкес шарт жасауға міндеттенеді.

Конкурсқа қатысу туралы ұсынысты конкурстық бастамашысы тікелей өзі немесе конкурстық делдал - ұйымдастырушысы арқылы жасауы мүмкін. Конкурсты ұйымдастыру тәсіліне қарамастан ол бойынша міндеттеме конкурстың бастамашысында пайда болады. Делдал мен бастамашының құқықтары мен міндеттері олардың арасындағы шартпен анықталады, ол шарт, өз кезегінде, табиғаты жағынан комиссия немесе тапсырма шарты болады. Конкурс ашық болуы мүмкін. Ол бойынша конкурс бастамашысының конкурсқа қатысу туралы ұсынысы барлық тілек білдірушілерге арналады. Мұндай ұсыныс баспасөз немесе өзге де бұқаралық ақпарат құарыл арқылы хабар жолдаумен жасалады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші тұлғаларға алдын ала іріктеу жүргізгенде ашық конкурс оған қатысушылардың біліктілігімен байланыстырылуы мүмкін. Ашық конкурсқа қарағанда, конкурсқа қатысуға шақырған ұсыныс конкурс бастамашысының таңдауы бойынша тұлғалардың белгілі бір тобына жалданғанда жабық конкурс жариялануы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет