«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет68/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

Тендер, аукцион. Тендерден немесе аукционнан туындайтын конкурстық міндеттемелерге сәйкес оларды өткізудің бастамашылары оларға қатысу жөніндегі ұсынысты қабылдаған тұлғаларға сыйақы төлеуге міндеттенбейді. Ұйымдастырушылар жеңімпаз болып табылған (қойылған барлық талаптарға сай келетін) субъектімен шарт жасауға міндеттенеді. Бұл өз нәтижесінде жеңімпазға мүліктік пайда (немесе олардың мүддесін өзгеше қанағаттандыру) алып келуге тиіс. Тендер нысанында саудаластық өткізген кезде оның бастамашысы өзі ұсынған бастапқы шарттардың негізінде тендер бастамашысы үшін шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған тендер қатысушысымен шарт жасасуға міндеттенеді. Бұл орайда бастамашы өзін ненің қызықтыратынына қарай, яғни басқаның тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерін иеленуге немесе өз тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерін сатуға байланысты әртүрлі мазмұндағы шарттар бекіте алады. Яғни ол сатушы, сатып алушы, мердігер, тапсырыс беруші, атқарушы, жалға беруші, жалға алушы және т.б. болуы мүмкін.

Тендерлік міндеттеме туындау үшін күрделі заңдық құрылым қажет. Атап айтканда:

- жария етілген талаптардың негізінде оған қатысуға адамдардың белгісіз тобын шақыруға арналған тендер бастамашысының ерік білдіруі;



- тендерге қатысатын тұлғалардың ерік білдіруі талап етіледі.

Соңғы аталғандардың ерік білдіруі заңнамамен белгіленген нысанда жүзеге асады. Олар тендер шарттарында белгіленген мерзімнің шегінде, тендер бастамашысына (ұйымдастырушысына) тендермен ұйғарылған барлық құжаттаманы қоса бере отырып, өз ұсыныстарын жазбаша түрде жібереді. Тендердің шарттарында ұсыныстарды желімдеген конверттермен және девиздермен жіберу көзделуі мүмкін.

Егер тұлға ұсыныстарды беру мерзімін бұзса, онда бұл мерзімді өткізіп алған тұлғаны тендерге қатысушылардың қатарынан шығаруға әкеп соғады. Тендер бастамашысының (ұйымдастырушы) шешімі бойынша оның жазбаша хабарламасымен ұсыныстарды беру мерзімін өткізіп алған тұлға тендерге қатысуға жіберілуі мүмкін.

Тендер шарттарымен тендерге қатысатын әрбір қатысушының кепілдік жарна енгізу міндеті көзделуі мүмкін, Ол тендер қорытындылары шығарылғаннан кейін қатысушыларға (жеңімпаз болмағандарға) қайтарылуға тиіс. Егер тендерге катысушы тендердің мерзімі өткенге дейін өз ұсынысынан бас тартса немесе оны өзгертсе, кепілдік жарна қайтарылмайды. Жеңімпаз өз ұсыныстарына жауап беретін жағдайларда тендер бастамашысымен тиісті шарт жасаудан бас тартқан жағдайда да кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды. ІІІарт жасасқан кезде кепілдік жарна жеңімпаздан шарт бойынша тиесілі төлемнің есебіне жатқызылатын болады.

Тендерге қатысушылардың арасынан оның жеңімпазын таңдауды тендер бастамашысы немесе ол құрған тендер комиссиясы жүргізеді. Тендер шарттарына қарай жеңімпазды таңдау ашық не жабық тәртіпте жүргізілуі мүмкін. Егер тендерге қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге қатысушылардың ұсыныстарын оның бастамашысы тендердің талаптарын қанағаттандырмайды деп таныса, оның бастамашысы тендерді өткізілмеген деп тануы мүмкін. Онда оны өткізу құқықтық маңызға ие болмайды.

Тендердің жеңімпазымен оның бастамашысы тиісті шарт жасасуға міндетті. Егер соңғысының шарт жасасудан бас тартуы орын алса онда тендердің жеңімпазы өзіне келтірілген залалдарды өтетіп алуға құқылы.

Аукцион да, тендер сияқты саудаластық жүргізудің ерекше нысаны болып табылады. Аукцион оның ұйымдастырушысының ал бірқатар жағдайларда пайдасына аукцион өткізілетін үшінші тұлғалардың мүдделерін барынша ескеруге мүмкіндік береді. Аукционнан туындайтын міндеттемеге сәйкес, конкурстық сауда-ластық нәтижелері бойынша сатушы аукционның затын ол үшін не-ғұрлым жоғары баға ұсынатын аукцион қатысушысына сатуға міндеттенеді.

Аукционның пәні болып азаматтық айналымнан шығарыл-маған кез келген қозгалатын немесе козғалмайтын мүлік табыла алады. Бұған қоса, аукциондарда интеллектуалдық меншік объектілеріне деген құқықтар, импорттық, экспорттык және өзге де квоталар мен лицензияларды қоса алғанда, шарттар бойынша және мүліктік құқықтар сатыла алады. Аукцион сатушымен бастапқы кезде жария етілген бағаны көтеру шарттарында ағылшын әдісі бойынша, не бағаны түсірумен голландық әдіс бойынша өткізілуі мүмкін. Бағаны төмендетуге өткізілетін аукционның шарттарымен минималды баға (ең төменгі баға) көзделуі мүмкін. Яғни аукцион пәнінің сатылу бағасы осы төменгі бағадан ары қарай төмендетілмеуге тиіс.

Аукционға қатысу туралы ұсыныстар аукцион пәні туралы мәліметтерді қамтуға, сондай-ақ сол бір немесе өзге сатып алушы қандай аукциондық, саудаластыққа қатысқысы келетінін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір сатып алушы, егер аукционды өткізудің шарттарында өзгеше белгіленбесе, аукцион басталғанға дейін аукционга қатысуға өтініш беруге және кепілдік жарнаның белгіленген сомасын енгізуге тиіс.

Егер аукционға кемінде екі сатып алушы қатысса, ол өткізіле алады. Егер аукционныц затын сатып алушылардың (қатысушылардың) бірде бірі сатып алғысы келмесе, бастапқы баға төмендетілуі (арине егер ол белгіленсе төменгі шекке дейін) немесе аукционның заты осы аукционнан алып тасталуы мүмкін. Егер аукцион шарттарында өзгеше белгіленбесе, аукцион міндет-темесіне сүйене отырып ең жоғары баға ұсынған аукционға қатысу-шымен оған аукционның затын сату туралы шарт жасалуға тиіс.

Егер сатып алушы шартты жасасудан бас тартса, ол аукционға қатысушылардың қатарынан шығарылады, оған кепілдік жарна қайтарылмайды. Сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукционның заты қайтадан саудаластыққа шығарылуы мүмкін. Егер тұлға аукционға қатысып онда ештеңе сатып алмаса оған ке-пілдік жарна қайтарылуға тиіс. Аукционның қандай да болсын затын сатып алған тұлғаға кепілдік жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының есебіне есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет