«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет76/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   151
МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫ

Есептер

1. Екі ағаш ұстасы Арлановпен 1 маусымға қарай оның саяжайында ағаштан гараж салып беретіні жайлы келіседі. Жұмыстардың бағасы тараптардың «еңбек келісімі» деп атаған жазбаша құжатында белгіленеді. Онда салынатын құрылысты сипаттамасына (гараж өлшемі, фундамент материалы, темір төбе және т.б.) қатысты барлық шарттар белгіленеді. Құрылыс материалдарын Арланов 10 мамырға дейін жеткізіп беруді міндетіне алады. Ағаш ұсталары жұмысқа уақытында кірісіп, 28 мамырда барлық жұмыс дерлік бітуге таяу болады. Олар Арлановтан 30 мамырға дейін келіп жұмысты қабылдап алуын сұрайды. 29 мамырда қақпаларды орнату ғана қалады. 28-нен 29-на қараған түнде найзағай соққысынан гараж тұтастай өртеніп кетеді. 2 маусымда таңертең жұмыстарды қабылдау үшін келген Арланов сақталған фундаментті және орнатылмаған қақпаны көреді. Өзі мен ағаш ұсталары арасында мердігерлік шарты жасалған деп санап, Арланов жасалған жұмыстың ақысын төлеуден бас тартып, ұсталардың өз материалынан жаңа гараж салуды талап етеді. Барлық жұмыстар (қақпаны ілуден басқасы) толығымен жасалғандықтан ағаш ұсталары сыйақыға құқықтары бар деп санайды, ал олар бірақ жасасқан шарт қандай екенін білмейді. Оларды келісілген сыйақы ғана қызықтырды.

Тараптардың дәлелдерін талдаңыздар. Егер өрт маусымның 1-нен 2-не қараған түні болған болса, шешім өзгерер ме еді?



2. Ережепов тігінші Масатовпен қысқы пальто тігу туралы келісім жасайды. Ережепов тек матасын, ал бар қосымшасын, яғни қара қаракөл жағаны Масатов табатыны жайында уағда-ласады. Ережепов Масатовтың кеңесімен пішінін ескере отырып таңдап алған жағаның құны 5 000 теңге төңірегінде болады. Жұмысты орындау уақыты бір айға белгіленеді. Екінші рет киім өлшеу кезінде Масатов Ережеповқа қымбаттағанына байланысты жағаны 7500 теңгеге алуға тура келгенін айтып, осы жағдайды ақырғы есептесу кезінде ескеруін сұрайды. Ережепов 2500 теңге қосымша төлем жасауға қарсылық білдіреді, бағаның өзгеру салдары оның есебіне жатпауы тиіс деп санады.

Ережепов пальтоны алуға келгенде оның пальтосына жапсырылған қаракөл жағасы айтарлықтай кіші екені анықталады. Тараптар арсында дау туады. Ережепов пальтоны белгіленген баға бойынша бастапқы жағасымен беруді талап етеді. Ал Масатов болса, 2 500 теңге қосымша төлем жасамай, Ережепов пальтосын бастапқыда келісілген жағамен алуға құқығы жоқ деп санады. Дау соттың қаралуына бсріледі. Істі шешіңдер.

3. «Шығыс» акционерлік қоғамы «Монтаж» кооперативімен өнім беру шартын жасайды, ол бойынша кооператив АҚ-ға персоналды компьютер жеткізіп оны орнатып әрі келешекте қажет болған жағдайда жөндеп тұруға келіседі. Шартта қарастырылғандай компьютерлер 1 қыркүйектен кешіктірілмей қойылуы тиіс еді. Бірақ 20 тамызда Кооператив бағалардың өзгеруінен қоғам үшін компьютерлерді дер кезінде алмаған соң, оларды орнатып бере алмайтынын, ал қоймасында бар компьютерлер басқа объектіге арналғанын мәлімдейді. Қоғам компьютерлерді сатып алудың және орнатудың барлық шығындарын «Монтаж» кооперативіне жүктеп, «Сауран» компаниясына компьютерлерді сатып алуды және орнатуды тапсырады.

Жұмыстар орындалып болған соң, қоғам кооперативтен жөнге келтіру, сынақтан өткізу және қызмет корсету жұмыстарын орындауды талап етеді. Кооператив өкілі компъютерлерді сатып алудың және орнатудың барлық шығындарын қоғамның өзі кооперативке жүктеп, шартты бұзғанын, және сондықтан да жөнге келтіру мен сынақтан өткізу жұмыстарын кооператив жасамайтынын айтады. Ал техникалық қызмет көрсету бұл жағдайда қоғаммен жасасқан тапсырма шартында қарастырылмаған, өйткені орнатудан бөлек жөнге келтіру мен сынақтан өткізу жұмыстары кооперативтің мүддесіне кірмейді. Кооперативті шартты орындауға міндеттеуді талап еткен қоғам сотқа талап-арыз береді.

Бұл дауда кім дұрыс?

4. Азаматша Айдарова жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ательесінде шетелде сатып алынған қымбат матадан костюм тігуге тапсырыс береді. Костюм пішіні тапсырыс берушінің матасы мен тұлға ерекшеліктері ескеріле отырып, ателье суретшісінің қолымен жасалған болатын, пішіннің кескіні Айдаровамен келісіліп, шартқа қосымша ретінде тіркеледі. Ателье барлық жұмыстарын уақытында орындайды. Дайын бұйымды алуға келгенде, тапсырыс беруші костюмді киіп көреді де, таңдап алған пішін оны жуандатып және егде етіп корсететін болған соң, оған жараспайды деген ойын айтады. Киім пішуші дайын бұйымға оның сапасына зақым келтірмей өзгерістер енгізу мүмкін еместігін тапсырыс берушіге түсіндіріп береді. Тапсырыс беруші дайын костюмді алудан бас тартады да жаңа пішін бойынша басқа костюм тігіп беруді талап етеді. Ателье тапсырыс берушінің талабын орындаудан бас тартып, өз алдына, істелген жұмымыстың ақысын төлеуді талап стеді. Тапсырыс беруші сотқа барады. Сот мәжілісі барысында Айдарованың қорғаушысы суретші жасап шығарған пішіннің ерекшеліктері жайлы тапсырыс берушіні алдын-ала ескертіп қоюға міндетті екенін айтады. Онымен қоса, мердігер бұйым сапасына әсер ететін жағдайлар жөнінде тапсырыс берушіге алдын-ала айтуға міндетті.

Істі шешіңіздер. Егер де дайын бұйым пішіні жағынан тапсырыс берушінің көңілінен шықпаған жағдайда тапсырыс беруші мердігерге қандай талаптар қоюға құқылы?

5. Кәрімбаев ательеге үйлену той костюмін тіккізуге тапсырыс береді. Той 15 мамырда өткізілуі тиіс еді, ал тапсырысты орындау 10 мамырға келісілген. Тігу барысында пішілген костюмнің бір бөлшегі — жеңі жоғалып кетеді. Материал Кәрімбаевтікі болған соң, ал ательеде ондай мата табылмағандықтан, ателье костюмді мерзіміне қарай бітіруге мүмкіндігі болмады. Кәрімбаевқа телефон арқылы костюмнің мерзімге қарай дайын болмайтыны және егер Кәрімбаев бағасын төлейтін болса, ателье ол үшін басқа матадан костюм тігіп беретіні хабарланады. Костюмнің уақытында дайын болатынына Кәрімбаев сенімсіз болады да коммерциялық дүкеннен шетелдік костюм сатып алып, сол костюмнің және матаның бағасының орнын толтыруды және тапсырысты мерзімінде орындамағаны үшін айып төлеуді, сонымен қоса сатып алынған костюм бағасынан 10 есе артық мөлшеріндей бағалаған моральдық зиянның орнын толықтыруды талап етеді.

Сот ательеге Кәрімбаевтың сатып алған костюмінің құнын төлетеді және моральдық зиян мөлшерін сол сомаға теңдей етіп белгілейді. Басқа талаптарды қанағаттандырудан сот бас тартады.

Сот шешімі дұрыс па? Тапсырысы орындалмаса, сондай-ақ берген матасы жоғалған жағдайда тапсырыс берушінің қандай құқықтары бар?

6. Бексултанов радиотеледидар аппараттарын жөндеу ше-берханасына жөндеуге тасымалданатын түрлі-түсті «Юность» теледидарын алып келеді. Бір аптадан соң ательеде ұрлық болып, оның нәтижесінде Бексултановтың теледидары да ұрланып кетеді. Алдын-ала тергеудің барысында ателье қызметкерінің кінәсі бойынша ателье сигнализация жүйесіне қосылмағаны анықталады.

Бексултанов ательеден теледидарлардың қазіргі бағасына сәйкес құнын төлеуді талап етеді, онымен қоймай айып төлеуді және моральдық нұқсанның орнын толықтыруды талап етеді. Істі шешіңіздер. Егер Бексултанов теледидарды ательеде істейтін танысына беріп, ешқандай қолхат алмаган болса, шешім өзгере ме?

7. Шетелдік фирма «Консульт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен шарт жасасады, ол шарт бойынша серіктестік әр квартал сайын фирманы Алматы нарығындағы темірден жасалған тауарлар маркетингі бойынша ақпаратпен қамтамасыз етіп тұруға міндетті болады. Ақпарат электронды түрде - факсмодемдық байланыс арқылы электронды почтамен берілуі тиіс болатын. Серіктестіктің есеп шотына қаржы түскенде жасалған шарттың заңдылығына салық инспекциясы күмәнданады. Салық инспекциясы серіктестік қызмет көрсеткені үшін сыйақы алады деп санады, ал серіктестік болса, олардың фирмамен мердігерлік шарт жасасқанын айтады. Салық инспекциясы заңгердің кеңесін алуға барады.

Қандай түсініктеме берілуі тиіс? Қызмет көрсету жөніндегі шарт пен мердігерлік шарттың айырмашылығы неде?
ӨТЕЛМЕЛІ ҚЬІЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТЫ

Есептер

1. Шетелдік компания жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен шартқа отырады. Шарт бойынша серіктестік әрбір үш күн сайын компанияға Алматы қаласы бойынша кеңсе тауарларына деген нарықтық сұранысты болжап, ол туралы ақпарат беріп тұруға міндеттенеді. Ақпарат электорондық тасымалдағыш арқылы — электрондық почтамен факсмодемдік байланыс арқылы жеткізілуге тиіс болатын. Серіктестіктің есеп шотына ақша қаражаты келіп түскенде салық инспекциясында жасалған шарттың құқықтық табиғаты туралы сұрақ туындайды. Яғни, жасалған шарт мердігерлік шарт па, әлде өтелмелі қызмет пе, себебі бұл жағдай салық төлеудің мөлшеріне тікелей әсер етеді.

Сіздердің пікіріңізше өтелмелі қызмст көрсету шартын мердігерлік шарттан ажыратуға болатындай қандай да бір бел-гілер бар ма?



2. Бел сырқатына шалдыққан Арынова, ақылы «Шипа» медициналық емханасына емделуге барады. Арнайы дәрігерлік тексеруден өткеннен кейін, Арыноваға массаж бен су процедурасы тағайындалады. Бірнеше рет жасалған емдеу шараларынан кейін, сырқатынан айығады, алайда емдеу кезеңі аяқталғаннан соң бел сырқаты қайта өршиді. Арынова өзінің емдеуге төлеген ақшаларын қайтарып беруді және денсаулығына тигізген зияннан моральдық зардап шеккенін, емдеу шараларынан кейін айығудың орнына оның жағдайынын нашарлағанын айтады.

«Шипа» емханасының өкілі, массаж бен су процедуралары Арыноваға ешбір зиян келтіру мүмкін еместігін, оның бел сырқаты, емдеу шаралары кезінде қосымша асқынған ауруға байланысты екендігін айтады. Егер Арынова емделуді әрі қарай жалғастырса, аурудан айығып кетуі мүмкін.

Арынова заңгерлерге жүгінгенде, ол жұмыс нәтижесі үшін мердігердің тәуекелге барып, жауапты болатынын ескеріп, Ары-новаға тұтынушылар құқығының қорғау туралы заңға сәйкес талап арыз беріп «Шипа» емханасына төленген ақшаны қайтарып алуға және моральдық зардаптың орнын толтыруды талап етуге кеңес береді.

Бұл дауда кімдікі дұрыс? Тараптардың дәлелдерін талқылаңыздар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет