«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет148/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары.ҚР АК 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.

Сонымен зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады: 1) құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекетсіздік); 2) зияннның болуы; 3) тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардын (зиянның) арасындағы себепті байланыс; 4) кінә. Аталған төрт шарт бір-бірінен ажырағысыз орын алады. Олар азаматтық құқық бұзушылықтың (деликтінің) өзара байланысты элементтері болып табылады. Осыған сүйене отырып, біз зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу (азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолданудың) лездемесі болып аза-маттық құқық бұзушылық табылады.

Құқыққа қайшылық түсінігі азаматтық құқықта көп қырлы болып табылады. Құқықка қайшылық ең алдымен тұлғалар іс-әрекетінің (қадамдарының) құқықтық әртүрлі салаларына нормаларына қайшы келуіне сүйене отырып бағаланады. Бұл конституциялық құқық, қылмыстык құқық, әкімшілік құқық және т.б. болуы мүмкін. Іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктің) объективтік құқық нормаларына қайшы келу бел-гілері олардың құқыққа қайшылығын оңай және сенімді бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бірқатар басқа мемлекеттердің құқықтарында сияқты, Қазақстан Республикасының да азаматтық құқығында бас деликт қағидасы әрекет ететіндігін ұмытпаған жөн. Соның салда-рынан, егер зиян келтіруші оған заң актілерімен уәкілденген болмаса немесе тұлғаның оған зиян келтіруге деген келісімі (ниеті) болмаса, кез келген зиян келтірушілік құқыққа қайшы деп танылатын болады.

Егер адамдардың іс-әрекеттері болашақта зиян келтіру қаупін тудыратын болса, онда бұл іс-әрекеттерге тиым салу туралы талап қоюға зиян келтірудің алдын алуға бағытталған талап-арызға негіз бола алады. Әрине, мұндай талап-арызды қою кезінде іс-әрекетпен (әрекетсіздікпен) зиян келтірілу міндетті емес болып табылады. Бұл талап келтірілген зиянды өтеу туралы талап-арызбен бірге қойылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда адамдар (басым жағдайларда бұл кәсіпкерлер) зиянды өтегеннен кейін, өздеріне тиесілі кәсіпорындардың, құрылымдардың қызметін, өзге де өндірістік қызметті жалғастыра береді, ол өз кезегінде зиян келтіруді де жалғастыруы немесе жаңа зиян келтірумен қауіп төндіруі мүмкін, сот мұндай жағдайларда жауапкерді зиянды өтеумен қатар тиісті қызметті токтатуға міндеттеуге тиіс.

Кейбір жағдайларда тұлғаның тиым салуға арызданып отырған қызметтің әлеуметтік маңызын ескере отырып, оның талап-арызын қанағаттандырудан да бас тартуы мүмкін. Егер субъектінің қызметінде заңнаманы бұзу орын алып отырса, мұндай бас тарту негізсіз деп танылады. Сот, егер бұл оны алып отырса, заңнаманы бұзумен жүзеге асырылып отырған іс-әрекеттерге тиым салуға тиіс. Талап-арызын қанағаттандырудан бас тартылған субъект өзіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығынан алдағы уақытта айрылмайды. Зиян азаматтық құқықта материалдык немесе материалдық емес игілікті (адам өмірі, денсаулығы) кеміту (жою) арқылы бағаланады.



Зиян азаматтық құқықта мүліктік және мүліктік емес деп бөлінеді. Өтемеуге жататын зиян нақты залал түсінігімен біріктіріле отырып, мүліктің (қозғалатын немесе қозғалмайтын. жеке анықтауға немесе біртектес белгілерімен анықталған) бүлінуінен, жойылуынан келтірілген шығындардан көрініс табады (ҚР АК 9-бап, 4-т). Сондай-ақ зиян құрамына жәбірленушінің дағдылы айналым жағдайында алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айырылып қалған пайда) да кіреді. Айырылып қалған пайда деп жоспарланған табысты ғана емес, сондай-ақ бүлінген мүліктен нәтижелер төл түрінде алынуы мүмкін болған табиғи өсімдерді де түсінген жөн. Басым жағдайда нақты залал тікелей "бастапқы" зиян бола отырып айқын көрінеді. Бірақ ол жанама түрдегі "кейінгі" зиян ретінде де көрініс беруі мүмкін. Зиян адам өмірі, оның денсаулығы, ар-намысы, іскерлік беделі, жеке өмірге қол сұғушылық, жеке және отбасылық құпия сияқты игіліктер бойынша туындайтын жеке мүліктік емес құқықтарды бұзатын, сондай-ақ атауға, өзіндік бейнеленуіне және басқа да материалдық емес игіліктерге деген құқықтар бұзылған кездегі құқыққа қайшы іс-әрекеттердің салдары болуы мүмкін. Денсаулықты зақымдаумен, адам өмірін айырумен келтіріліген зиян еңбек ақыны, заңды тұлғаны құрумен немесе құрусыз жеке кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты жоғалтудан мүліктік залал түрінде де көрініс табуы мүмкін. Бұл орайда мүліктік зиянның құрамына емделуге, күтімге, тамақтануға, протездеуге, көлік құралдарын алуға, жерлеуге және т.б. кеткен шығындар кіретін болады. Сонымен денсаулықты зақымдаумен келтірілген зиян белгілі бір бөлігінде нақты мүліктік залал болып табылады, бірақ ол алынбай қалған пайда нысанында да көрініс табуы мүмкін.

Мүмкін емес зиян деп қол сұғылатын обьектіге қарамастан мүліктік емес зиян түсініледі. Яғни моральдық зиян жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне де және субъектілердің жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына да қол сұғушылықтың салдары болуы мүмкін.

Себепті байланыс - бұл азаматтық құқық бұзушылықтың элементі. Соған сүйене отырып деликтілік құқық нормаларын қолданатын субъектілер құқықтық және іс жүзінде көзқарастар тұрғысынан зияннның туындаған құқыққа қайшы салдары, тұлғаның жауапкершілікке тарту көзделіп отырган дәл сол іс-әрекеттердің нәтижесі екендігі туралы негізделген қорытынды жасайды.

Себепті байланыс - объективті категория. Бірақ ол белгілі бір материалдык көрініске ие емес, сондықтан оның болу болмауы мен сипаты деликтілік және соған орай туындайтын іс жүргізушілік құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективтік танымы арқылы анықталады. Әрине, деликтінің басқа да қырлары, тіпті іс жүзіндегі шынайылықтың кез келген жағдайы белгілі бір шамада субъективтік тұрғыдан бағаланатындығын айта кеткен жөн, бірақ себепті байланысты бағалаудың мүмкін болатын субъективизациясының дәрежесі елеулі түрде жоғары. Бұл оның ерекшеліктеріне байланысты.

Себепті байланыс, біздің ойымызша, екі түрлі маңызға ие. Біріншіден, ол жауапкершілікті сол бір немесе өзге тұлғаға жүктеу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға көмектеседі. Екінші жағынан, себеп-салдар байланысы зиянды өтеу шектерін белгілеуге мүмкіндік беретін объективті критерийі болып табылады. Қойылған міндеттердің екіншісін шешу үшін себепті байланысты ескеру кезінде тұрған мәселенің мәнісі мынада: субъектіге жауапкершілік жүктеу үшін құқыққа қайшы іс-әрекетпен туындаған нәтиженің зерттеліп отырған себеп-салдар байланыстары ықпалының шынайылық дәрежесін қандай шектерге дейін мойындау жеткілікті болады.


Кейбір жагдайда жеке мүліктік емес игілікті кемігу тікелей кұқык бұзушы мен жәбірлеиуші арасында зиян келтіруден туындайтын мін-деттемелік күкыктык қатынасқа себепші болады, басқаша айтқанда, жеке мүліктік емес кеміту кредитор түлғасымен тікелей байланысты (мысалга. ар-намысты корлаган кезде), Егер де азамат қайтыс болса бұл жагдайда біз оның жеке мүліктік емес игілігін жою туралы айта

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктелген кезде жәбірленген тараптық кінәлігі ескеріледі. Жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан туындаған зиян өтелуге жатпайды.

Егер жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы зиянның пайда болуына немесе ұлғаюына себеп болса, жәбірленуші мен зиян келтіруші кінәсінің дәрежесіне қарай өтеу мөлшері азайтылуға тиіс.

Жәбірленуші өрескел абайсыздық жасап, зиян келтірушінің кінәсі болмаған жағдайда, оның жауапкершілігі кінәсіне қарамастан туындаған кезде егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, өтеу мөлшері азайтылуға тиіс немесе зиянды өтеуден бас тартылуы мүмкін. Азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда зиянды өтеуден толық бас тартуға жол берілмейді.

Жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу кезінде жәбірленушінің кінәсі ҚР АК 937-бабына сәйкес қосымша шығындар бөлігінде ескерілмейді. Азаматтың қайтыс болуы салдарынан асыраудан айырылған тұлғаларға зиян өтелгенде, сондай-ақ оны жерлеуге кеткен шығындарды өтеу кезінде жәбірленуші кінәсінің болуы маңызды болып табылмайды.

Кінәні (оның нысанын) ескерудің тағы бір жағдайын атап өтейік, бұл жолы біз зиян келтірушінің кінәсі туралы айтамыз (кінәні ескеру зиян келтірушінің мүліктік жағдайын ескерумен қатар жүзеге асырылады). ҚР АК 935-бабының 5-тармағына сәйкес, зиян азаматпен келтірілген кезде оның нашар мүліктік жағдайын ескере отырып сот одан келтірілген зиян үшін өндірілетін сома мөлшерін азайта алады. Егер зиян тұлғамен қасақана келтірілсе, бұған жол берілмейді.

Басқа адамдардың іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу жауапкершілік ретінде шартты түрде қарастырылады. Бұл жәбірленуші тараптың мүдделеріне сүйене отырып, анықталатын зиянды өтеу туралы мәселені шешудің мәжбүрлі тәсілі. Мысалы, сот, прокуратура. тергеу және анықтау органдарының кінәсіз іс-әрекеттері үшін сондай-ақ олармен ҚР АК 923-бабында аталған іс-әрекеттерді жасаумен зиян келтірілгенде мемлекет жауапкершілігі туралы сөз болғанда.

Аса қажеттілік кезінде тұлға тікелей өзінің немесе өзге тұлғалардың өміріне, денсаулығына құқықтары мен заңды мүдделеріне қоғам немесе мемлекет мүдделеріне кауіп төндіретін қауіпті жою үшін кейінге қалдырылмайтын іс-әрекеттерді жасау жолындағы жағдайда іс-әрекет етеді.

ҚР АК 920-бабының нормасына сәйкес аса қажеттілік жағдайындағы зиян, зиян келтірушінің өзіне қатер төндіріп тұрған қауіпті жою үшін келтірілген жагдайларда ол мүлік иесіне осы зиянды келтірген тұлғамен өтелуге тиіс. Бірақ, сот бұл жағдайда да, осы құқықтық қатынастар субъектілерінің көңіл аударуға түрарлық мүдделерін ескеруге тиіс. Мысалы, зиян келтіру елеусіз болғанда ал меншік иесі тарапынан мүлікті сақтауда олқылықтар жіберілсе. Кейбір жағдайларда, тағы да тұлғалардың мүдделерін ескере оты-рып, зиян келтірген тұлғамен үшінші бір тұлғаға зиянды үлестік тәртіпте өтеу міндеті жүктеле алады. Олар сот пен келтірілген зиянды өтеуден толығымен немесе ішінара босатылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет