«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет151/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

Міндеттеме мазмұны. Бұл міндеттеме мүліктік түрғыда біржақты болып табылады (бұған ҚР АК 959-бабында аталған жағдайлар, яғни белгілі бір міндеттер жәбірленушіге жүктелуі мүмкін болатын жағдайлар кірмейді).

Мүлікті иеленуші негізсіз байлықты құрайтын мүлікті жәбірленушіге заттай қайтаруға міндетті. Мүлікті иеленуші баюының негізсіздігі туралы ол білгеннен немесе білуге тиісті болғаннан кейін болған, оның ішінде негізсіз иеленілген немесе жинақталған қандай болса да мүліктің кездейсоқ кем шыққаны немесе бүлінгені үшін жәбірленушінің алдында жауап береді. Бұған дейін ол тек өрескел абайсыздығы үшін ғана жауап береді. 955-баптың 2-тармағының талаптарына орай, мүлік иеленушінің міндетіне негізсіз алынған немесе жинақталған мүлікті заттай қайтару жөніндегі міндетпен қатар, жоғарыда атап өткеніміздей, егер ол орын алса, мүліктің сақталмағаны үшін өтемақы төлеу міндеті де енгізілуі мүмкін.

Негізсіз алынған немесе жинақталған мүлікті заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда мүлікті иеленуші жәбірленушіге осы мүліктің оны алған кездегі нақты құнын өтеуі, сондай-ақ егер мүлікті иеленуші оның құнын баюдың негізсіздігі туралы білгеннен кейін дереу өтемесе, мүлік құнының кейінгі өзгеруі арқылы келтірілген шығындарды өтеуге тиіс.

Мүлікті негізсіз алған немесе жинақтаған тұлға мұндай баюдың негізсіздігі туралы білген немесе білуте тиісті болған уақыттан бастап осы мүліктен өзі алған немесе алуға тиісті болған барлық кірістерді жәбірленушіге қайтаруға немесе өтеуге міндетті. Негізсіз ақшалай баюдың сомасына ақшаны иеленушіге ақша алудың немесе жинақтаудың негізсіздігі туралы білген немесе білуге тиісті болған уақыттан бастап бөтеннің ақшасын пайдаланбағаны үшін тұрақсыздық айыбы есептелуі мүмкін. Жәбірленушіге қайтаруға жататын мүлікке кеткен шығындарды өтеу жөніндегі міндет жүктелуі мүмкін.

Негізсіз алынған немесе жинақталған мүлікті қайтарған немесе оның құнын өтеген кезде мүлікті иемденуші өзі алған пайданы есептей отырып, кірісті қайтаруға өзі міндетті болған уакыттан бастап мүлікті ұстауға және сақтауға қажетті шығындарды өтеуді жәбірленушіден талап етуге құқылы, ал соңғысы өз кезегінде сол талапты орындауға міндетті. Мүлік иеленушімен алған табыстар ол талап ететін шығындарды өтеудің есебіне кіруі мүмкін. Шығындарды өтеу құқығы мүлікті иеленуші қайтарылуға жататын мүлікті қасақана ұстап қалған жағдайларда жойылады.



ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ


  1. Сату-сатып алу шартының түсінігі мен маңызы

  2. Сату-сатып алу шартының мазмұны

  3. Сату-сатып алу шартын орындау және оны бұзған үшін жауапкерішілік

  4. Бөлшектеп сату-сатып алу шартын құқықтық реттеу ерекшелігі.

  5. Тауар жеткізілімі шартының түсінігі мен маңызы.

  6. Тауар жеткізілімі шартын жасасу және өзгерту. Тауар жеткізілімі бойынша шарттық қатынастардың құрылымы.

  7. Тауар жеткізілімі шартының мазмұны және оның орындалуы.

  8. Контрактация шарты: түсінігі, құқықтық реттеу ерекшелігі.

  9. Энергиямен жабдықтау шарты.

  10. Кәсіпорынды сату-сатып алу.

  11. Айырбас шарты, түсінігі, мазмұны

  12. Сыйға тарту шартыныңы ұғымы, жалпы сипаттама.

  13. Сыйға тарту шартының мазмұны.

  14. Садақа берудің құқықтық ерекшелігі.

  15. Ренита шарты, жалпы ережелер.

  16. Тұрақты рентаның құқықтық ерекшелігі.

  17. Ғұмырылық рентаның түсінігі, құқықтық реттелуі.

  18. Өмірлік асырап-бағуында ұстау шарты.

  19. Мүліктік жалдау шартының түсінігі, құқықтық қамтамасыз етілуі.

  20. Мүліктік жалдау шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.

  21. Мүліктік жалдау шартын орындау, оны бұзғаны жауапкерішілік.

  22. Кәсіпорынды жалдау шарты.

  23. Лизингтік қатынастардың құқықтық ерекшелігі.

  24. Ғимараттар мен құырылғыларды жалдау шарты.

  25. Көлік құралдарын жалдау шартының ерекшілігі.

  26. Прокат қатынастарын құқықтық реттеу.

  27. Тұрғын-үйге меншік құқығы. Жалпы ережелер.

  28. Мүлікті ақысыз пайдалану туралы шарт.

  29. Тұрғын-үйді жалдау шарты. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.

  30. Мердігерлік шартының түсінігі. Мердігерлік шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері.

  31. Бас мердігер және қосалқы мердігер.

  32. Мердігерлік шартын орындау шартының ерекшеліктері.

  33. Сапасыз орындалаған жұмыс үшін мердігердің жауапкерішілігі.

  34. Тұрмысытық мердігерлік шартының ерекшелігі.

  35. Құрылыс мердігерлік шарты: түсінігі, мазмұны, ерекшеліктері.

  36. Құрлыс мердігерлік шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері.

  37. Жобалау-зерделеу, ғылыми-зерттеу, конструкторлық және технологиялық жұмыстарына мердігерлік шарттар, құқықтық ерекшелігі.

  38. Ақысыз қызмет көрсету шартын құқықтық қамтамасыз ету.

  39. Тасымалдау шартына жалпы сипаттама.

  40. Жүкті тасымалдау шарты, түсінігі, мазмұны.

  41. Жолаушыларды тасымалдау шартының құқықтық ерекшелігі.

  42. Тасымалдау ұйымдары туралы шарт.

  43. Ортақ пайдалану көлігімен тасымалдаудың құқықтық ерекшелігі.

  44. Көліктік экспедиция шарты.

  45. Қарыз шарты, түсінігі, мазмұны.

  46. Қарыз шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері.

  47. Қарыздық қатынастарына жалпы сипаттама.

  48. Қарыз алушының міндеттемені орындауын қамтамасыз ету.

  49. Банкілік заем шартының ерекшелігі.

  50. Факторинг шарты. Жалпы ережелер.

  51. Банкілік қызмет көрсету шарты, түсінігі, жалпы сипаттама.

  52. Банкілік салым шартының ерекшелігі.

  53. Банкілік шот шартының құқықтық ерекшелігі.

  54. Сақтау шарты, түсінігі, мазмұны.

  55. Договор хранения, понятие, содержание.

  56. Арнайы сақтау шартына жалпы сипаттама.

  57. Тауар қоймасында сақтауды құқықтық реттеу.

  58. Сақтандыру шартының түсінігі. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.

  59. Сақтандырудың нысаны мен түрлері.

  60. Сақтандыру құқықтық қатынастарының негізгі ұғымдары.

  61. Сақтандыру шартын орындау, тоқтату ерекшелігі.

  62. Сақтандыру шартының жарамсыздығы.

  63. Екі рет сақтандыру, топтық сақтаныдру. Бірлесіп сақтаныдру. Қайта сақтаныдру.

  64. Тапсырма шарты, түсінігі, мазмұны.

  65. Тапсырмасыз бөтеннің мүддесінде әрекет ету.

  66. Комиссия шарты: ұғымы, тараптардың құқықтары мен міндеттері.

  67. Комиссия шартын орындау ерекшеліктері.

  68. Мүлікті сенімгерлікпен басқару, жалпы ережелер.

  69. Франчайзинг шарты, түсінігі, мазмұны.

  70. Конкурстық міндеттемелерге жалпы сипаттама.

  71. Зиян келтіру салдарынан пайда болатын мән-жайлардың түсінігі мен маңызы.

  72. Зиян келтіргені үшін жауапкерішіліктің жалпы шарттары.

  73. Кәмелетке толмағандармен және әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғалармен келтірілген зиян үшін жауапкершілік.

  74. Жоғарғы қауіп көзімен келтірілген зиян үшін жауапкерішілік.

  75. Мемлекеттік органдармен, жергілікті басқару органдарымен, сонымен қатар лауазымды тұлғалармен келтірілген зиян үшін жауапкершілік.

  76. Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілік.

  77. Тауар, жұмыс, қызмет көрсетудің жетіспеушілігі салдарынан келтірілген зиянды өтеу.

  78. Моральдік зиянды өтеу.

  79. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттеме.

  80. Интеллектуалдық меншік құқығы, жалпы ережелер.

  81. Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқықтар, оларды қорғау.

  82. Авторлық құқық, жалпы сипаттама.

  83. Авторлық құқық субъектілері мен объектілері.

  84. Автордың жеке және мүліктік құқықтары.

  85. Авторлық шарттар, түсінігі, мазмұны, түрлері.

  86. Интеллектуалдық меншік құқығындағы лицензияланған шарттар.

  87. Сабақтас құқықтарға жалпы сипаттама.

  88. Туындыға құқық, жалпы сипаттама.

  89. Пайдалы модельге құқық, құқықтық реттеу ерекшелігі.

  90. Өндірістік үлгі, түсінігі, жалпы сипаттама. Оны пайдалануға құқық.

  91. Патент, түсінігі, түрлері, әрекет ету мерзімі.

  92. Патентті иеленушілердің құқықтары, оларды қорғау.

  93. Автордың селекциялық жетістіктерге құқығы.

  94. Топология мен интегралды микросхемаға құқық.

  95. Ашылмаған ақпаратты құқықтық қорғау.

  96. Азаматтық айналым, тауар, қызмет қатысушыларының дараландыру құралдары, оларды құқықтық қорғау.

  97. Мұрагерлік құқық ұғымы мен маңызы. Мұраның түрлері.

  98. Мұрагерлер. Қасиетсіз мұрагерлер. Мұрагерлік мирасқорлықтың объектілері.

  99. Мұрагерлік құқықтың негізгі ұғымы.

  100. Өсиет бойынша мұрагерлік. Өсиеттің нысаны. Өсиеттің жарамсыздық жағдайлары.

  101. Өсиетті орындау. Өсиет бойынша бас тарту (легат).

  102. Заң бойынша мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлердің шеңбері. Олардың мұраға ие болу тәрітібі.

  103. Мұрадағы міндетті үлес.

  104. Мұраны қабылдап алу. Мұрадан бас тарту.

  105. Мұрагерлік құқықты рәсімдеу. Мұрагерлік мүлікті қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет