«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет55/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

11 тақырып. Комиссия

Комиссия шартының түсінігі мен элементтері

Комиссия шарты бойынша бір тарап (комиссионер) екінші тараптың (комитент) тапсыру бойынша сыйақы үшін комитет есебінен өз атынан бір немесе бірнеше мәміле жасауға міндеттенеді (ҚР АК 865-бап, 1-т).

Комиссия шарты да материалдық емес қызмет көрсетулерді туындататын шарттарға жатады, осыдан оның тапсырма шарттарымен ұқсастығы байқалады. Сонымен бірге комиссия шарты тар аяда әрекет етеді, ол комиссионермен комитенттің арнайы барлық заңи маңызы бар іс-әрекеттерді емес, ал тек мәмілелерді ғана жасауды реттеуге арналған.

Кеңестік азаматтық құқықтың әрекет ету кезеңінде нарықтық қатынастардың тапшылығы кезінде комиссия шарты азаматтардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуға деген құқық қабілеттілігінің жоқ болған элементтерінің орнын толтыратын. Олар өз тауарларын (өз өнімдерін) базарларда, ал қалған тауарларды мемлекетпен құрылған комиссиялық сауда дүкендері арқылы сатуға тиіс болды. Осы сауда кәіпорындарының қызмет ету мүмкіндігі бірқатар тауарлардың, соның ішінде киім-кешектің жетіспеушілігі немесе жеткіліксіз ассортиментімен себептелетін қазір, кәсіпкерлік қызмет субъектілері әртүрлі тауарларға деген сұранысты толығымен қанағаттандыратын кезде комиссиялық сауда дүкендерінің қызмет ету негіздері бұрынғы күйіндегідей өмір сүрмейді.

Осы айтылған сөз комиссиялық сауда немесе өзге де комиссиялық қатынастар қазіргі жағдайларда өз маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Комиссиялық қатынастар енді жаңа шектерде анықталды. Мысалы, еркін қоғамға өтуімізге орай шығармашылық кәсіп (суретшілер, халықтық кәсіп мамандары, мүсіншілер және т.б.) адамдары белсенділік таныта түсті. Жеке сурет салондары, өнер салондары, халықтық кәсіп заттарын сататын дүкендер пайда болды. Мұнда комиссия қатынастары толық қанды қолданылуға ие болады. Бұл сирек кездесетін заттарды, кітаптарды ювелирлік бұйымдарды сатумен айналысатын дүкендерге де қатысты. Кейбір жағдайларда, олар аталған заттарды сатып алып, содан кейін оларды қайта сатады, ал кейбір олар меншік иелері мен комиссия шартын бекітеді.

Бұл орайда меншік (өнер туындысының) иесі сатылатын заттың мамынымен бағаланатындығына сенімді болады. Әрине, меншік иесі затты бағалауға ғана жүгініп, оны өз бетінше сату туралы шешім қабылдауы мүмкін, бірақ бұл ол үшін жоғары қауіпті тәуекел мен байланысты болуы мүмкін.

Комиссия шарты комиссионер шартты орындауға байланысты комитентке затты сақтау бойынша қызмет көрсетуге тиіс болатын қатынастарды бекітуге мүмкіндік береді. Кәсіпкер коммиссионер комиссияға тапсырылған мүлікті сақтандыруға міндеттенуі мүмкін. Комиссия шарттары бағалы қағаздардың табиғи ресурстардың -мұнай, газ, көмір және т.б. айналымы кезінде қолданыла алады. Олар біздің кәсіпкер азаматтар сатып алушылардың "тапсырысы бойынша" автокөлік сатып алу үшін шетелге жүретін кезде де осы шартты жасаса алады. Осы жағдайларда азаматтардың, кәсіпкерлердің қызмет көрсетуіне жүгінулерінің себебі болып шетелдік мемлекеттің нарықтық конъюктурасын білмеу, автокөлікті талдап алу үшін қажетті арнайы білімдерді білмеу, уақыт жетіспеушілігі және т.б. факторлар табылады. Комиссия қатынастары аралас шарттар аясында да орын алуы мүмкін. Мәселен, тапсырыс беруші өзінің кәсіптенген маман екеніне сүйене отырып онымен оның өз атынан бірақ тапсырыс берушінің есебінен құрылыс материалдарын сатып алатындығы туралы келісе алады.

Комиссиялық келісімдерді бекітудің осыған ұқсас жағдайлары мүмкін болады. Комиссияның заңдык құрылымы тапсырмамен өтелмелі қызмет көрсету сияқты аралас азаматтық құкықтық институттар мен ортақ белгілерге ие. Оның өтелмелі қызмет көрсетуді туындататындығынан басқа, оны тапсырмамен жақындастыратындығы комиссия кезінде комиссионер де комитент мүддесі үшін әрекет ететіндігінде. Бұл өз кезегінде оны өтелмелі кызмет көрсету шартынан ерекшелендіреді. Өтелмелі қызмет көрсету кезінде атқарушы өз бетінше әрекет етеді, оның көрсететін қызметі сырттай орын алады, ал комиссия қызметі "комитент еркінің жалғасы" сияқты болып табылады. Комиссияның өтелмелі қызмет көрсетуге ұқсастығы мынада: екі жағдайда да тиісті субъектілердің, яғни комиссионермен аткарушының қызметтері (қызмет көрсетулері) мүліктік құндылықпен жүзеге асырылатын болып табылады.



Комитенттің мүддесі үшін әрекет ету екі жағдайда да тапсырма мен комиссия шарттарының мазмұнына әсер етеді, оларда бір-біріне сәйкес келетін тараптардың құқықтары мен міндеттері бар. Комиссия шартын тапсырма шартынан ерекшелендіретіні - комиссионердің заңдық аспектіде комитенттің өкілі болып табылмайтындығы.




Комиссия қатынастары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 43-тарауының 865-882-баптарымен реттеледі. Соңғы жылдары комиссиялық саудаға қатысты нормативтік актілер онша көп қабылданған жоқ. Бірақ биржалық сауданың ұйымдастыруға қатысты заңнаманың бірқатар актілерінің нормалары комиссиялық шарттарға да қатысы бар екенін ескерген жөн. Комиссия қатынастарын реттейтін арнайы актілердің біріне 2 қазан 1995 жылы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің № 195 бұйрығымен бекітілген. Көлік құралдары мен ауылшаруашылық техникасымен және олардың қосалкы бөлшектерімен комиссиялық сауда жасау ережелерін жатқызған жөн.

Комиссиялык сауда кезінде жекелеген тауарлардың, соның ішінде азаматтық қаруды көркемдік және тарихи құндылығы бар бұйымдарды және т.б. сату тәртібін реттейтін заңнама нормаларын сақтау талап етіледі.

Комиссия шарты консенсуалды ақылы және екі жақты шарт. Тапсырма шартына қарағанда ол жеке сенім білдірушілік сипатқа ие емес. ҚР АК 865-бабының 2-тармағына сәйкес ол жазбаша нысанында жасалуға тиіс. Заңнамамен көзделген сол бір немесе өзге жағдайларда комиссия шартының бекітілген нысандары қолданылуы мүмкін. Осындай нысандардың (комиссиялық келісімнің) бірі Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және сауда министрлігінің жоғарыда аталған бұйрығына тіркелген 2 қосымшада келтіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет