Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Сенімгер басқарушы сеніп тапсырылған мүлікті шарт мақсаттарына сай басқаруға міндетті. Мысалы, кәсіпорынды сенімгерлікпен басқару кезінде сенімгер басқарушы оның өзімен анықталатын әрекеттер мен іс-шаралар кешенін жасауға міндетті. Оларды қаржыландырудың қайнар көзіне жеке өзінің, заемдық немесе өзге де жолмен біріктірілген соның ішінде қайта инвестицияланған қаражаттар жатады. Қолға алынатын барлық шара-лар кәсіпорынды қаржылық экономикалық сауықтыруға, дамытуға, қайта құруға, техника-технологиялық қайта жабдықтауға, кәсіпорынның тұрақты және шығынсыз ағымдағы өндірістік қызметін қамтамасыз ететін жарқын ұйымдастырушылық - техникалық және әлеуметтік- экономикалық бағдарламалар кешенін жүзеге асыру үшін қолайлы қаржылық жағдайды қалыптастыруға бағытталады. Қызметтің аталған бағыттары мүлікті өзінің кәсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін алатын, кез келген сенімгер басқарушы қызметін жеткілікті түр-де көлемді түрде сипаттайды. Осы тұста мүлікті оның өсімін алу үшін беру қазіргі жағдайларда мүлікті сенімгерлікпен басқаруға берудің негізгі себептерінің бірі болып табылатынын айта кеткен мүлікке күтім көрсету, оны қалыпты күйінде ұстап тұру, яғни мүлікті сақтау, әдетте қамқорға алынғанның мүлкін сенімгерлікпен басқару және кейбір басқа да шектелген жағдайлар кезінде негізделеді. Сенімгер басқарушының мүлікті дұрыс басқару мақсатында сеніп тапсырылған мүлікпен меншік иесі жасай алатын кез келген іс-әрекетті жүргізуге құқығы бар. Егер субъектінің өзге құқықтарын сенімгерлікпен басқару туралы сөз болып отырса, онда тиісінше, ол басқа құқық иесінің құқықтарын толық көлемде жүзеге асыруға құқылы болады. Кез келген іс-әрекет жасай отырып, сенімгер басқарушы тиісті түрде басқару критерийлеріне сүйенуге тиіс.
Кейбір жағдайларда сеніп берілген мүлікке деген сенімгер басқарушының құқықтары заң актілерімен, шартпен немесе сенімгерлікпен басқару пайда болғанда негізге алынған өзге де актімен шектелуі мүмкін. Осылайша, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша қамқоршының немесе корғаншының құқықтары шектеледі. Қамқорлықтағы тұлғаның кірістері, соның ішінде қамқорлықтағы тұлғаға оның мүлкін басқарудан тиесілі кірістер қамқоршымен немесе қорғаншы мен тек қана қамқорлықтағы тұлғаның мүддесі үшін және қамқорлықпен қорғаншылық органының алдын ала рұқсатымен ғана жұмсалуға тиіс. Қамқорлықтағы тұлғаның мүлкін иеліктен айыру жөніндегі мәмілелер шектеледі. Кәсіпорынды акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлікпен басқару кезінде сенімгер басқарушылар мүлікке билік етуге өз құқықтары жағынан шектелетін болады. Сенімгер басқарушының өзіне берілген қозғалмайтын мүлікк билік ету құқығы тікелей Азаматтық кодекспен шектеледі. Ол қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру мен кепілге салуды сенімгерлікпен басқаруды белгілеу туралы актіде тікелей көрсетілген жағдайда жасауға құқылы.
Сенімгер басқарушы құрылтайшыға және пайда алушыға мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша өз қызметі туралы есеп беруге міндетті. Егер оған қандай да бір себептер түрткі болса, құрылтайшының және (немесе) пайда алушының талап етуі бойынша сенімгер басқарушының қызметі туралы есеп өзге жағдайда да дереу берілуге тиіс.
Сенімгер басқарушының өзі үшін белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілесі жарамсыз деп танылады. Егер мұндай мәмілеге қатысушы үшінші тұлғалар ондай шектеулерді білмесе және білуге тиіс болмаса, ол жарамды деп танылады. Сенімгер басқарушы өзіне берілген құқықты асыра пайдаланып немесе өзі үшін белгіленген шектеулерді бұзып жасаған мәміле бойынша міндеттемені сенімгер басқарушы өз мүлкі есебінен мойнына алады. Сенімгер басқарушының мүлкі жеткіліксіз болған кезде және орын алып отырған құқық бұзушылықтар туралы үшінші тұлғалар мәлімделмеген жағдайда, міндеттемелер меншік иесі мүлкінің өзге құқық иесінің есебінен де орындала алады. Бұл жағдайларда сенімгер басқарушы құрылтайшы алдында шартқа және заң актілеріне сәйкес жауап береді. Сенімгер басқарушы мүлікті жеке өзі басқаруға міндетті.
Заңнама мағынасы бойынша сенімгер басқарушы мүлікті басқаруға өзі тапсырған тұлғаның әрекеттері үшін жауап бермейді. Егер ол қайта сенім білдіруге тиісті актімен уәкілденген болса және қайта сенім білдіретін тұлға құрылтайшымен келіспеген болса, егер аталған тұлға сенімгер басқарушының өзінің таңдап алынған болса, онда ол аталған тұлғаның іс-әрекеттері үшін өзі іс-әрекет ететіндей жауап береді.
Сенімгер басқарушы сенімнің ауысуы туралы алғашқы мүмкіндік туысымен құрылтайшыға хабарлауға міндетті. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, құрылтайшы сенімнің ауысуы туралы білген сәтте мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тоқтатуды мәлімдеуге құқылы. Шартты осылай тоқтатудың салдарынан сенімгер басқарушыға оның бұрын жасаған шығындары өтелуге тиіс. Сенімгерлікпен басқару кәсіпкерлік қызмет аясында жүзеге асырылғанда, оған көтерген шығындарынан басқа шеккен залалдары да өтелуте тиіс. Жоғарыда атап өткеніміздей, кейбір жағдайларда акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенімгерлікпен басқару жүзеге асырыла алады. Сенімгерлікпен басқарудың осы түрі, кейбір арнайы аяларды қоспағанда мысалы акциялардың мемлекеттік пакетін басқару және т.б. қоспағанда әзірге кеңінен таралған жоқ, бірақ өзінің дамуы үшін үлкен перспективаларға ие, өйткені бағалы қағаздарды кәсіби басқарудың потенциалды қажеттіліктері өзге мүлікті басқару қажеттілігінен де жоғары.
Сенімгерлікпен басқарудың осы түрінің ерекшеліктері сенімгер басқарушының акциялар мен өзге де бағалы қағаздар мен операцияларды сенімгерлікпен басқарудың мақсаттарына сәйкес және бағалы қағаздар айналымы аясындағы қатынастарды реттейтін арнайы заңнаманы ескере отырып жүзеге асырылатындығында. Аталған объектілерді басқару екі жағдайда жүзеге асырылады: 1) егер олар сенімгерлікпен басқаруға бас кезінде яғни сенімгерлікпен басқаруды құру кезінде берілген болса; 2) егер олар сенімгер басқарушының шаруашылық жүргізуі нәтижесінде алынған болса. Мысалы, ол өзіне сеніп берілген мүлік немесе оның бір бөлігі есебінен бағалы қағаздар алып кірістердің түсінуінің жоғары және тұрақты деңгейін, пайда алушы мүлкінің өсуін камтамасыз ете алады. Кейбір жағдайларда бағалы қағаздар сеніп берілген мүлікті пайдаланудан түскен кірістердің есебінен алына алады.
Басқа да жағдайларда сиякты бағалы қағаздардың сенімгер басқарушысы өз атынан іс-әрекет ете алады. Акциялар сенімгерлікпен басқаруға берілгенде акционерлік қоғам акционерлер тізімінде сенімгер басқарушы туралы жазба жасалуға тиіс.
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың тоқтатылуы. Оны тоқтатуға міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздері де қолданылады. Сонымен қатар, сенімгерлікпен басқару шарты егер оның әрекет ету мерзімі өтіп кетсе токтатылады. Кейбір жағдайларда заңнама мүлікті сенімгерлікпен басқарудың әрекет етуінің шекті мерзімдері шектейді. Мысалы, кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімгерлікпен басқаруға беру шарты, өндірістік сектордың құрылымдық салалық маңыздылығына қарай он жылға дейінгі мерзімге бекітілуге тиіс. Жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану құқықтарын, мерзімді бағалы кағаздарды және өзге де мерзімді құқықтарды сенімгерлікпен басқару уақыты жағынан сенімгерлікпен басқаруға берілетін құқықтардың өмір сүру мерзімдерімен объективті түрде шектелген.
Аталған негіздерден басқа сенімгерлікпен басқару міндеттемесі мына жағдайларда тоқтатылады:
а) сенімгер басқарушы - азаматтың қайтыс болуы, оны өлді деп жариялау, оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектелген, хабар-ошарсыз кеткен деп тану; Заңды тұлға сенімгер басқарушының таратылуы;
б) сенім берілген мүлікті басқаруды жеке жүзеге асыру өзі үшін мүмкін болмауына байланысты сенімгер басқарушы немесе құрылтайшы бас тартқанда;
в) сенімгер басқарушыға залалдар және шартта көзделсе сыйақы төленген жағдайда құрылтайшы шартты орындаудан бас тартқанда;
г) кепіл ауыртпалығымен берілген мүлікті басқаруға беру туралы сенімгер басқарушыға хабарланбаған жағдайға орай ол бас тартқанда.
Бұл орайда сенімгер басқарушы, егер ол бастапқы кезде шартпен көзделген болса, өзіне сыйақы төлеу құқығын сақтап қалады. Егер шарт тараптардың бірінің бастамасымен тоқтатылатын болса, онда екінші тарап бұл туралы шарт тоқтатылғанға дейін кемінде үш ай бұрын хабардар етілуге тиіс. Бұл ереже қандай да бір тараптың бас тартуы сенімгер басқарушының мүлікті жеке өзінің басқара алмайтындығына сондай-ақ шарттан сенімгер басқарушы бас тартқан және оның бас тартуы оны басқаруға берілген мүліктің ауыртпалығы туралы хабардар етпеуге байланысты болатын жағдайларға таралмайды.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты тоқтатылған кезде сеніп тапсырылған мүлік шартта көрсетілген тұлғаға берілуге жатады. Құрылтайшы банкрот болған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару тоқтатылады және сеніп тапсырылған мүлік конкурстық массаға беріледі. Жеке тұлға-құрылтайшы қайтыс болған жағдайда сеніп тапсырылған мүлік мұрагерлік массасына келіп түседі.
Сеніп тапсырылған мүлікке меншік құқығының немесе өзге де құқықтың ауысуы мүлікті сенімгерлікпен басқаруды токтатпайды. Мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімгерлікпен басқаруға беруге бекітілген шарттың тоқтатылуына тоқталайық. Ол да жалпы ереже бойынша жүргізіледі. Бірақ оның кейбір өзіне тән сәттері де бар. Сенімгерлікпен басқару шарты тараптардың бірімен мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда мемлекеттік қызметші бұл туралы жұмыс орны бойынша кадр қызметтерін хабардар етуге тиіс. Сенімгерлікпен басқаруға берілуге тиіс мүлік, шартты тоқтатқаннан кейінгі бір айлық мерзімде қайтадан сенімгерлікпен басқаруға берілуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |