П а т е н т т і к ш а р т. Патенттік құқық.Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге құқықтар алдын ала патент, патент беру, ал пайдалы модельге-тек патент беру жағдайында қорғалады. Жаңа,өнертапқыштық деңгейі бар және өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешім құқықтық қорғау берілетін өнертабыс болып танылады. Жаңа және өнеркәсіпте қолдануға болатын өндіріс күралдары мен түтыну заттарын конструкторлық орындау күқықтық қорғау берілетін пайдалы модель болып танылады.
Бұйымньщ сыртқы түрін белгілейтін, жаңа, түпнүсқалық және өнеркәсіпте қолдануға болатьш көркемдік-конструкторлық шешім құқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі болып танылады. (991-бап)
Патент иесінің өнімді қорғалған шешімдерді қолдану арқылы өндіру, патентпен қорғалған технологиялық процестерді өз өндірісінде қолдану, қорғанған шешімі бар бұйымдарды сату немесе сатуға үсыну, тиісті бұйымдарды импорттау құқықтарын қоса алғанда, патентпен қорғалған өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні өз қалауы бойынша пайдалануға айрықша құқығы болады (992-бап). Патентті және алдын ала берілетін патентті алуға кұқық, өтінімді тіркеуден туындайтын құқықтар, патентті және алдын ала берілетін патентті иеленуге күқық, және патент пен алдын ала берілетін патенттен туындайтын құқықтар басқа тұлғаға толығымен немесе ішінара берілуі мүмкін (993-бап).
Өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің авторына авторлық құқық және өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге арнайы ат қою құқығы беріледі. Авторлық құқық және өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге басқа да жеке құқықтар патентке негізделген құқықтардың туындаған кезінен бастап пайда болады. Өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі авторына заң актілері арнайы құқықтарды, әлеуметтік сипаттағы жеңілдіктер мен артықшьшықтарды бекітіп бере алады. Өтінімде автор ретінде көрсетілген тұлға өзгешс дәлелденгенше автор болып есептеледі. Дәлелдемелер ретінде құқық пайда болганга дейін орын алған фактілер мен мән-жайлар ғана тартылуы мүмкін (994-бап).
Өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің тең авторларының өзара қатынасы олардың арасындагы келісіммен белгіленеді. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні жасауға шығармашылық емес жәрдем (техникалық, ұйымдастырушылық немесе өзге де көмек, құқықтарды ресімдеуге жәрдемдесу және т.б.) тең авторлыққа әкеп соқпайды (995-бап).
Қызметкер өзінің қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындаган кезде жасаған (қызметтік өнертабыс) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патентке берілетін құқықты, егер олардың арасындаға шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс беруші иеленеді (996-бап).
Авторға қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін берілетін сыйақының мөлшсрі, төлеу талаптары және тәртібі оның және жұмыс берушінің арасындағы келісіммен белгіленеді. Келісімге қол жетпеген жағдайда шешімді сот кабылдайды. Егер қызметтік өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні жасаудағы автор мен жұмыс берушінің үлесін мөлшерлестіру мүмкін болмаса, автордың жүмыс беруші алған немесе тиісті пайдасының жартысына құқығы танылады (997-бап).
Қазақстан Республикасы аумағында уәкілетті орган берген алдын ала патент, өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге патент, пайдалы модельге патент қолданылады. Шет мемлекет немесе халықаралық ұйым берген патенттер, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда қолданылады. Егер белгіленген тәртіпте мәлімденген шсшім өнертабыстарға, пайдалы модельдерге немесе өнеркәсіптік үлгілерге Қазақстан Республикасының заң актілері қоятын талаптарға сай келсе, шетелдік азаматтар мен шетелдік занды тұлғалар немесе олардьщ құқыктық мирасқорлары Қазақстан Республикасында алдын ала патент пен өнертабыска және өнеркәсіптік үлгіге арналған патент, пайдалы моделъге патент алуға күқылы (998 -бап).
Алдын ала берілетін патент пен патент патенттік органына (үйъшына) өтінім түскен күннен бастап қолданылады және заң актілерінде талаптар сақталған жағдайда:
1) өнертабысқа алдын ала берілетін патент-бес жыл бойы, патент иесінің отініші бойынша бүл мерзімде патент органы (ұйымы) үзартуы мүмкін, бірақ үш жылдан аспауы керек;
2) өнертабысқа патент -жиырма жыл бойы;
3) пайдалы моделъге патент -бес жыл бойы, патент иесінің өтініші бойынша бүл мерзімде патент органы (ұйымы) үзартуы мүмкін, бірақ үш жылдан аспауы керек;
4) өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патент-бес жыл бойы;
5) өнеркәсіптік үлгіге патент-он жыл бойы күшін сақтайды, патент иесінін өтініші бойынша бүл мерзімді патент органы (үйьшы) үзартуы мүмкін, бірақ бес жылдан аспауы керек (999-бап).
Алдьш ала патент пен патентті алуға деген құқықты беру туралы, сондай-ақ алдын ала патент пен патентті беру туралы шарттар жазбаша нысанда жасалуы тиіс және патенттік органында (ұйымында) тіркелуге тиіс. Жазбаша нысанньң немесе тіркеу туралы талаптъщ сақталмауы шарттың жарамсыздыгына океп соғады (1000-бап).
Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлггіні пайдалануға лицензиялық шарт пен қосалқы лицензишіық шарт жазбаша нысанда жасалады және патенттік органында (ұйымъшда) тіркелуге тиіс. Жазбаша нысанның немесе тіркеу туралы талаптьң сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Лицензиялық шарттың мазмұны Азаматтық Кодекстің 966-бабында жазылған талаптарға сәйкес келуге тиіс (1001-бап).
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар (авторлық құқық объектiлерi)