Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Сенімхаттың тоқтатылу негіздері : 1)



бет28/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   150
Сенімхаттың тоқтатылу негіздері : 1)сенімхат мерзімінің өтуі; 2)сенімхатта көзделген әрекеттердің жүзеге асуы; 3)сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы;4)сенімхат берген адамның одан бас тартуы; 5)өз атынан сенімхат берген немесе оның атына берілген заңды тұлғаның тоқтатылуы; 6)сенімхат берген адамның немесе оған сенімхат берілген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттігі жоқ, әртүрлі қабілеттігі шектеулі немесе хабар –ошарсыз кетті деп танылуы;
Сенімхат берілген адам, оның құқық мирасқоры сенімхат тоқтатылысымен оны дереу қайтару тиіс.
Өкілдің алған өкілеттігінің көлемі мен мазмұнына қарай сенімхаттың түрлері:
1 ) Бас (жалпы) сенімхат, ол өкілді әр түрлі мәмлелер және әдетте өкілдік беру-шінің қызметінің барлық көлемімен байланысты заңды әрекеттер жасауға уәкілді етеді. Мысалы азаматтың мүлкін басқа-руға сенімхат, заңды тұл-ға филиалын басқарушы-сының сенімхаты.
2) Арнайы сенімхат, ол өкілді белгілі бір салада әрекет жасауға немесе бір текті мәселелер мен заңды әрекеттер жасау-ға уәкілді етеді. Мыса-лы, сотта іс жүргізу үш-ін адвокатқа берілген сенімхат не жүктерді алу мен жөнелтуге экспедиторға берілген сенімхат.
3) Бір мәрте берілетін сенімхат, ол бір нақты мәмле немесе заңды әрекет жасауға бері-леді. Мысалы, пош-тадан хатты алуға, бір шартты жасауға және т.с.с. сенімхат.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1.Өкілдік түсінігі және субъектілері


2.Өкілдіктің түрлері
3.Сенімхат және сенімхат нысаны.
4.Сенімхаттың тоқтатылу негіздері

Тақырып - 9.
Мерзімдер.Талап қою мерзімі.

1.Мерзім және мерзімнің түрлері.


2.Талап қою мерзімі.
3.Талап қою мерзімінің қолданылуы.
Мерзім – бұл олардың басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдарлар әкелетін сәт немесе уақыт кезеңдері.
Мерзім түрлері : Заңдармен, өзге құқықтық актілермен белгіленген мерзім; мәмілемен белгіленген мерзім; сотпен тағайындалатын мерзім.

Мерзімнің белгіленуі : 1)Күнтізбелік күнмен; 2)Уақыт кезеңін есептеумен (жылдар, айлар, апталар, күндер, сағаттар,) 3)Сөзсіз болуға тиісті оқиғаны көрсетумен белгіленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет