Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК



бет30/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   150
Талап қою мерзімі – тұлға (адам) құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі.(177-б).
Талап қою мерзімі мыналарға қолданылмайды(187-бап):

  • заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға;

  • салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына;

  • азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға қолданылмайды. Алайда талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар талап қойыла бастаған соң үш жылдан асырылмай қанағаттандырылады;

  • егер құқықты бұзу иеліктен айыруға байланысты болмаса, меншік иесінің немесе өзге заңды иеленушінің өз құқығының кез-келген бұзылуын жою туралы талабына (АК 264, 265-б/р)

  • заң құжаттарында белгіленген басқа да талаптарға қолданылмайды. (Мыс, банктер және банктік қызмет туралы жарлыққа сәйкес (37 бап) банктердің заем алушыларға несиелік шарттарды тиісті түрде орындамау бойынша талаптарына талап қою мерзімдері қолданылмайтындығы белгіленген).

Талап қою мерзімінің өтуінің басталуы (180-бап): 1. Тұлға құқық бұзушылық тура-лы білген не білуге тиіс болған күннен бастала-ды. Бұл ережеден айыру АК-пен және өзге заң құжаттарымен белгіленеді. 2. Орындалуы белгіленген мерзімге байланысты міндеттемелер бой-ынша-орындалу мерзімі аяқталған күннен басталады.

  • Егер орындалу мерзімі белгіленбеген немесе талап еттіру кезімен белгіленген міндеттемелер бойынша - міндеттемені орындау туралы талап қойылған кезден басталады, ал егер борышқорға сондай талаптарды орындау үшін жеңілдік мерзімі берілсе - аталған мерзім аяқталғаннан кейін басталады.

  • Регресстік міндеттемелер бойынша - негізгі міндеттемені орындау кезінен басталады.

  • Міндеттемедегі тұлғалардың өзгеруі талап қою мерзімі мен оны есепету тәртібін өзгертуге әкеліп соқтырмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет