Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК



бет67/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

Шарт мерзімі. Шарттың мерзімі асырауды алушының өмірінің ұзақтылығымен шектеледі. Төлемдердің мезгілдігін анықтау үшін ҚР АК 532 бабы қарастырған ережелер қолданымды болып келеді.
Шарт мазмұны. Ғұмырлық рента шарты бойынша рента төлеушісі көбінесе құрамасында бірнеше “бөлшегі” бар асырауды жүзеге асыруды міндеттенеді.
Рента төлеуші де оған өмір бойы асырауды қамтамасыз ету үшін берілген мүлікті иеліктен шығаруға, келісе салуға және мүлікке өзге жолмен билік иелік етуге құқығы бар, бірақ осының барлығына рента алушының алдын ала келісімі қажет. Өмір бойы асырауды берген кезеңде рентаны төлеуші рента төлеу үшін берілген мүліктің құны табиғи тозу құнынан асып төмендемеуіне қажетті шараларды қолдануы қажет. Сондықтан рентаны алушыға өмір бойы асырауда ұстау шартының осындай жағдайы сақталғанын бақылау құқығы беріледі. Өмір бойы асырауды алатын тұлға өзге рента шарттары бойынша рентаны алушыларға қарағанда артықшылық жағдайында болып келеді. Рентаны сатып алған кезде рентаны төлеуші рента алушыны асырау үшін жұмсалған шығындардың өтелуін талап ете алмайды.
Өзінің міндеттемеерін рентаны төлеуші елеулі бұзған реттерде рентаны алушы өзіне оның өмір бойы асыруды қамтамасыз туї үшін берген мүлкін қайтаруды талап ете алады. Рента алушының басқа құқығы, осындай бұзушылықтар орын алса, рентаны сатып Алу бағасын төлеуді талап етуде болып келеді. Рентаны сатып Алу жағдайлары ҚР АК 528 бабына сәйкес анықталады.
Өмір бойы асырауды алатын тұлға өзге рента шарттары бойынша рентаны алушыларға қарағанда артықшылық жағдайында болып келген. Рентаны сатып алған кезде рентаны төлеуші рента алушыны асырау үшін жұмсалған шығындардың өтелуін талап ете алмайды. Заңнамадағы осы шешім, рента шарте рентаны сатып Алу жолымен тотатылатын реттерге қатысты соның заңды негіздеріне мұқият қарауды талап етюді. Барлық орын алған жағдайлар да бағалануы қажет. Бұны жасамаса, онда рента алушының тарапынан құқықтарын теріс пиғылдармен пайдалануына жол берілуі м.мкін.


Тақырыпты пысықтау сұрақтары:



  1. Рента шартының ұғымы және нысаны.

  2. Тұрақты рентаның ұғымы және нысаны.

  3. Ғұмырлық рента.

  4. Өмір-бойы асырауда ұстау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет