Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Мүлік жалдау шарты (аренда)



бет68/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   150
Мүлік жалдау шарты (аренда).



  1. Мүлік жалдау шартының ұғымы, мазмұны, нысаны.

  2. Мүлік жалдау объектілері.

  3. Мүлік жалдау шартының тоқтатылуы.

  4. Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері.



1. Мүлік жалдау шартының ұғымы, мазмұны, нысаны.
Мүлік жалдау шарты бойынша жалға беруші, жалға алушыға мүлікті ақы төлеп, уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 540-б.)
Лизинг, прокат шарттары сондай-ақ мүлікті ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты шарттың өзге түрлері де мүлік жалдау шарттарына жатады.
Мүлік жалдау қатынасы Қазақстан Республикасының Азматтық кодексінің 29-тарауында реттелген, §1 мүлік жалдау туралы жалпы ережелері мазмұндалған. Мүлік жалдау қатынастарын реттеу, тек АҚ-пен шектеліп қана қоймайды, олар сондай-ақ басқа да заңды актілермен реттеледі. Азаматтық құқық нормаларының диспозитивтік мінезі мүлік жалдау шартына да қатысты өзінің көрінісін табады. Сондықтан нақты шарт қатысушыларына алғашқы нормаларды өзгертуге, оларды өздерінің қажеттіліктерін барынша толық қамту үшін лайықтауға мүмкіншілік береді.
Мүлік жалдау және аренда терминдері тепе-тең болып келеді, осыны қоғамдық қатынастардың аталмыш түрін реттейтін Азаматтық кодекстің 29-тарауының өзінен де байқауға болады.
Сатып алу-сату шартында сияқты мүлікті жалдау шартында жалдау нысанасының, шарт орнауының ерекшелігіне сондай-ақ басқа факторлардың әсерінен оның бірнеше түр-түрі қалыптасады.
Аренда шыртының сатып алу-сату, саут рента шарттарынан айырмашылығы, ол мүлікті уақытша иеленуге беруге байланысты қатынасты реттейді. Сонымен қатар, мүлікті жалдау затты пайдалануды болжайтын мұнымен қоса жалдаушының иеленуіне назар аудармайтын, ал негізінен жалдаушы тек затты ұстаушы меншік иесі құқықтарын жүзеге асурыға көмектесетін тұлға ретінде ғана бағаланатын. Түбіріне қарайтын болсақ, қазіргі уақытта да ең басты мақсат, жалдаушыға мүлікті қажетті көлемде пайдалану, оның пайдалы қасиеттерін мүмкіншілігін беру екенін айтуға да болады.
Қатынасты реттеудің түбірлі негізі сақталғанымен өзгерістер де еніп жатыр. Мүліктік қатынастарды жеке құқықпен реттеу жалпылама жетілдірудің әсерін сезген және әрине жетілдіру одан әрі жалғасады. Осының нәтижесінде шарттық қатынастардың мазмұны өзгеріс шегеді, оларды реттейтін нормалар меншік құқығы және өзге заттық құқықтарды реттейтін нормалармен тығыздалу тұйысады.
Аренда тек жалдаушының қажетін, мүддесін қамтамасыз етіп қоймайды. Оның нормаларында жалға берушінің мүдделерін де есепке алу бар. Меншік иесі ретінде ол бәрібір жалға алушыға қарағанда артықшылық жағдайында болып келеді.
Мүлік жалдау шартының нысанасы (объектісі) болып негізінен өозғалатын сондай-ақ қозғалмайтын заттар келеді. Аренда шарты бойынша берілетін заттар жеке сипаттарымен анықталатын тұтынылмайтын заттарға жатады, олар оларды пайдалану барысында өзерінің тұтынушылық қасиеттерін бірте-бірте таиғи тозу салдарынан жо,алтады. Кейбір объектілер пайдалану тәртібі дұрыс болсатіпті өздерінің қасиеттерін жо,алтпауы мүмкін, оларға жер бөлшектері, көп жылдық егістер және т.с.с. жатады. АК. 540-бабына сәйксе, мүліктік жалдауға, кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары берілуі мүмкін. Жалдаудың объектісі өзге де заттар бола алады.
Аренда шартының бағасы шартқа сәйкес анықталады. Егер, ол шартта көрсетілмесе, онда басшылыққа бір немесе өзге жағдайларда төленетін аренданың бағасы алынады.
Мүлікті жалдау шарты нақты анықталған мерзімге жасалуы мүмкін. ҚР АК аренданың ақырғы мерзімін тек оның бөлек түрлері үшін немесе оның бөлек мүлік арендасы үшін қарастырылады. Айтылғандай жердің арендасы 49 жылдан аспауы керек. Прокат шарты бір жылдан аспайтын мерзімге ғана жасалуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет