Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру



бет73/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

3.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру.Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін пайдалану.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын тұрғын үйге мұқтаж осы елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қ Р азаматарының пайдалануына беріледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй, сондай –ақ, тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге , бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне , әскери қызметшілеріне және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға беріледі. Оларға берілетін тұрғын үй қызметтік тұрғын үйге теңестіріледі.
Азаматтар мына жағдайларда тұрғын үйге мұқтаж деп танылады, егер:
1)олар ҚР аумағында меншік құқығы бойынша тұрғын үйге ие болмаса:
2)олар тиісті елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан , сондай ақ меншіктің мемлекеттік емес нысанына негізделген заңды тұлғаларға тиесілі үйлерге , соның ішінде , тұрғын үй кооперативінің үйлеріне тұрақты түрде пайдаланылатын тұрғын үйге ие болмаса:
3)отбасы тұрып жатқан тұрғын үйді нормативті санитарлық және техникалық талаптарға сай келмесе:
4)аралас, оқшауланбаған тұрғын үй жайларда екі немесе одан да көп отбасылар тұрып жатса:
5)отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлеріне шалдыққан аурулар болса, және сол аурулармен бір тұрған үйде тұру мүмкін болмайтын болса.
Азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап , тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Әлеуметтік қорғауға жататын табысты аз азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер , өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер жергілікті атқарушы органдар кезектіліктің бөлек тізімін жүргізеді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй әр адамға кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын пайдалы алаң мөлшерінде беріледі. Тұрғын үйді бір азамат алатын барлық жағдайларда оған, алаң мөлшеріне қарамастан, жеке бір бөлмелі пәтер берілуі тиіс.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй мүгедектерге , қарттарға, жүрек қан тамырлары және басқа ауыр науқастармен ауыратын адамдарға берілетін жағдайларда тұрғын үй оларды таңдауы бойынша төменгі қабаттардан немесе лифтісі бар тұрғын үйлер алынады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарты бір жағынан жергілікті атқарушы орган немесе мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігі мен азамат арасында бекітіледі. Шарт жазбаша нысанда бекітіледі. Мұндай жолдау шарты мәні бойынша жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтарды бекітетін шарт болып табылатынына қарамастан , мемлекеттік тіркеуге алуға жатпайды. Заңнамада бұл шарттың жазбаша нысанын сақтамаудың салдары көрсетілген . Тәжірибиеде бұл шарттар бірқатар жағдайларда бекітілмейді, мұндай жағдайларда тараптардың құқықтары мен міндеттері заңнамаға сәйкес анықталады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрған үйді жалға алушы берілген тұрған үй жайда, сондай –ақ отбасы мүшелеріне тұрақты түрде бірге тұратын ерлі зайыптар мен олардың балалары кіреді. Жалға алушымен тұрақты түрде бірге тұратын ерлі зайыптылардың ата аналары , сондай ақ өз отбасылары бар балалар өзара екі жақты келісім бойынша отбасы мүшелері ретінде танылуы мүмкін. Ерекше жағдайларда меншік иесінің отбасының мүшелері болып басқа да тұлғалар танылуы мүмукін, егер олар меншік иесімен бірге тұратын болса және онымен бірге ортақ шаруашылық жүргізіп жатса. Отбасы мүшелері болып жалға алушымен бірге тұратын еңбекке жарамсыз асырауындағы тұлғаларда, табылады.
Отбасы мүшелері тұрғын үйді пайдалану бойынша жалға алушымен бірдей құқықтары пайдаланылады. Олар мемлекеттік түрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартынан туындайтын міндеттемелер бойынша жалға алушымен бірге ортақ мүліктік жауапкершілікте болады.
Тұрғын үйді жалдау шартын тоқтату. ҚР « Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 14 тарауымен мемлекетттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді пайдалану құқығын тоқтату және оларды шығару тәртібі көзделген. Тұрғын үйді жалдау қатынастарын тоқтату негіздерін бөлудің басты белгісі -қайсыбір негіздер бойынша тұрғын үйдің шығару кезінде бұрынғының орнына жаңа тұрғын үй беріле ме немесе берілмейме? Тұрғын үй бұрынғының орнына берілмейтін жағдайларда шығару негіздері ретінде жалға алушылар құқыққа қайшы тәртібін , мемлекеттік тұрғын үй қорындағы сол немесе өзге бір тұрғын үйдің құқықтық режимін ескереді.
Басқа тұрғын үй – жай берместен шығару. Жалдаушы, оның отбасы мүшелері, олармен бірге тұратын басқа адамдар басқа тұрғын үй берілмей шығарылуы мүмкін, егер:

  • Олар тұрғын үйді үнемі қиратса немесе бүлдірсе

  • Олар тұрғын үйді заңнамамен белгіленген талаптарды бұза отырып пайдаланса:

  • Олар жатахана ережелерін үнемі бұзу арқылы басқалардың өздерімен бір бөлмеде немесе бір тұрғын үйде тұруына мүмкіндік бермейтін болса,

  • Олар дәлелді себептерсіз тұрғын үйді пайдаланғалы үшін ақы төлеуден қатарынан 6 ай бойы жалтарса,

  • Олар ата аналық құқықтарынан айырылған болса және олардың ата аналық құқықтарынан айырылуына байланысты балалармен бірге тұруына мүмкін емес танылса:

  • Олар тұрғын үйге өз беттерімен басып кіріп алса:

  • Олар құқыққа қайшы әрекет жасап , соның салдарынан тұрғын үйді жалға алу шарты жарамсыз деп танылса

  • Олар меншік құқығымен орналасқан жеріне қарамастан өзге тұрғын үй сатып алған болса:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет