4.Қызметтік тұрғын үйлерді және мемлекеттік тұрғын үй қорының жатаханаларындағы тұрғын бөлмелерді пайдалану. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы қызметтік тұрғын үйлер жалдау шарты бойынша өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиісті азаматтарды тұрғызуға арналады. Оларға , мәселен аула сыпырушы тұрғын үйді пайдалану ұйымның басқа да қызмет көрсетуші персонолы , полициясының учасклік испекторлары және т.б .Қ Р Үкіметімен белгіленеді. Тұрғын үйлер жергілікті атқарушы органдардың шешімімен қызметтік тұрғын үйлердің қатарына кіргізеді және олардың қатарынан шығарылады .
Мемлекеттік тұрғын үй қолынан қызметтік тұрғын үйді беру және пайдалану тәртібі де заңнамамен анықталады. Тұрғын үйді жалдау қытынастарының нысаны қызметтік тұрғын үй жайда тұрып жатқан қызметкерге қызметтік тұрғын үйді ұстауға қажет шығындары көтермеу мен оны тиісті түрде пайдалану үшін қолданылады.
Жатақханалар беру және оларды пайдалану. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй – жай кәсіпорын мекеме әкімшілігінің шешімі бойынша мерзімді еңбек келісіммен жұмыс істейтін адамдарға жұмыс кезеңінде, сондай – ақ студенттерге, курсанттарға, аспиранттарға және оқушыларға оқу кезеңінде түру үшін беріледі. Жатақхананы беру туралы шешімде жатақханадан тұрғын үй – жай берілетін адамменбірге тұрғызылатын барлық адамдар аталуға тиіс. Шешімде аталған басқа адамдарды тұрғызуға тиым салынады.
Жатақханалардағы тұрғын үй – жай төсектік және бөлмелік үлгілерде болуы мүмкін. Төсектік үлгідегі жатақханалар мерзімді еңбек келісімшартымен жұмыс істеутін мен оқудағы тұлғаларға беріледі. Бөлмелік үлгіде жатақханалар кәсіпорындарда, мекемелерде тұрақты түрде жұмыс істейтін тұлғаларды пәтер үйлермен қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайлар берілмейді.
5. Тұрғын үй және тұрғын үй құрылыс кооперативтік мүшелерінің және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй құқықтары. Азаматтар тұрғын үй өқұрылыс кооперативтерін құра алады және соларға кіре алады. Кооперативтердің аталған екі түрінің арасында елеулі айырмашылықтар жоқ. Тұрғын кооперативтері дайын тұрғын үй сатып алу үшін азаматтардың қаражатарын біріктеу үшін арналған. Одан әрі оның мүшелеріне одан пәтер – үйлер немесе өзге де тұрғын үй жайлар беріледі.
Тұрғын үй құрылыс кооперативтері тұрғын үй салып, оны кейіннен кооператив мүшелерінің тұруына, тұрғын үй – жайлар ретінде пайдалану үшін құралады. Салық салдарынан тұрғын үй құрлыс кооперативтерінде олардың қатысуымен құқықтық қарым қатынастар пайда болмай тұрмайды, олардың негізгі мақсаты азаматтардың тұрғын үйге деген негізігі қажеттілігін жүзеге асыруға әсер ету боп табылады. Олардың қатарына мендігерлік қатынастарды, құрылыс материалдарын сатып алу – сату қатынастарын, ұйымдастырушылық – басқарушылық қатынастарды жатқызуға болады. тұрғын үй құрлысы аяқталғаннан кейін тұрғын үй – құрлыс кооперативінің мәртебесі алады. Негізінен тұрғын үй кооперативін басқару режимі тұрғын үй иелерінің кооперативін де басқару сияқты. Яғни, кооператив қызметінің мәселелерін оның мүшелерінің дауыстары мен жарналық түрде шешуге артықшыл беріледі. Алайда оның ағымдағы қызметінің мәселелері және дара атқарушы органмен де шешілуі мүмкін.
Тұрғын үй немесе үй – құрылыс кооперативінің мүшелері еңгізілген немесе еңгізілетін пай жарналарына пропорционалды түрде тұрғын үй – жайларды өзара бөлуге құқылы.
Тақырыпты пысықтау сқрақтары:
1. Тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасы мен оны жүзеге асыру механизмдері.
2. Тұрғын үй құқықтық қатынастары
3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін пайдалану.
4. Қызметтік тұрғын үйлерді және мемлекеттік тұрғын үй қорының жатаханаларындағы тұрғын бөлмелерді пайдалану.
5. Тұрғын үй және тұрғын үй құрылыс кооперативтік мүшелерінің және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй құқықтары.