Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Заем шартының ұғымы және нысаны



бет81/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

1. Заем шартының ұғымы және нысаны.
Заем шарты.
Заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне ақша немесе тектік белгілерімен айқындалған заттарды береді, ал АК-те немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге міндеттенеді, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді.

Орындалуы ақша немесе тектік белгісімен айқындалған заттарды беруге байланысты шарттарда заем, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе және тиісті міндеттемелердің мәніне қайшы келмейтін болса, аванс, алдын ала ақы төлеу, тауарларға мерзімін ұзартып және бөліп-бөліп төлеу түрінде беру көзделуі мүмкін.


Заңды тұлғалар мен азаматтарға кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан заем түрінде ақша таратуға тыйым салынады және мүндай шарттар олар жасалған кезден бастап жарамсыз деп табылады.
Бұл тыйым салу заемшылар депозиттер қабылдауға ҚР-сы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банктер болған жағдайларда сондай-ақ шығарылуы заңдарда белгіленген тәртіппен тіркелген бағалы қағаздарға ақшаны айырбасқа қабылдау жағдайларында қолданылмайды .
Заем шартының нысаны.
Заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушінің белгісі, бір соманы немесе заттардың белгілі бір мөлшерін бергендігін куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиісті жазбаша нысанда жасалды деп танылады.


Заем нысанасын беру.
Заем нысанасы шартта көзделген мерзімде, мөлшерде және жағдайда беріледі. Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заемшыға бергеы заемшыға бергенктік шотына тиісті ақша қаражаты есептелген кезден бастап берілген деп есептеледі.
Тектік белгілермен айқындалатын заттарды заемға берген кезде олардың саны, түр-түрі жинақтылығы, сапасы, ыдысы және буып-түйілуі туралы шарттарды орындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарларды сатып алу-сату шарттары туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.


Нысаналы заем.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасыз болады және заемшы алынған заем нысанасын өз қалауы бойынша пайдаланады.
Шарт заемшының заем нысанасын белгілі бір мақсатқа пайдалануы шартымен (нысаналы заем) жасалған жағдайда, заем берушінің заемның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар. Заем берушінің осындай бақылады жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет