Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК



бет10/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

Тақырып – 3.
Азаматтар - азаматтық құқық субъектілері ретінде



  1. Жеке тұлға түсінігі және түрлері.

  2. Азаматтардың құқыққабілеттілігі және әрекетқабілеттілігі

  3. Азаматтардың есімі және тұрғылықты жері.

Заң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. Субъектілер жеке тұлға және заңды тұлға болып екі топқа бөлінеді. Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуі екі шартпен тікелей байланысты. Ол — құқыққабілеттілік- пен әрекетқабілеттілік.


Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі әр түрлі уақытта пайда болады. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің анықтамасы Азаматтық кодексте берілген. Құқық қабілеттілігі дегеніміз – ол азаматтың құқықтарға ие болып, міндеттерді атқару қабілеті. Ол барлық азаматтарда бірдей болады, туғанда пайда болып, қайтыс болғанда тоқтатылады (ҚР АК 13 б.). Бірде бір адамды құқық қабілеттілігінен айыруға немесе шектеуге болмайды, тек ғана кейбір жағдайларда құқық бұзушылық (қылмыс) жасағаны үшін сот үкімімен (шешімімен) құқық қабілеттілігі шектелүі мүмкін. Құқық қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәмілелер жарамсыз болып танылады. Және де азаматтардың өздерінің өз құқықтарынан бас тартуы, олардың тоқтатылуына әкелдірмейді (ҚР АК 8, 18 баптары). Азаматтың құқық қабілеттілігінің мазмұны – ол мүлікке, меншік құқығына ие болу, тұрғылықты жерін таңдау, кәсіпкерлікпен айналысу, заңды тұлғалар құру, заң тиым салмаған кез келген мәмілелерді жасау, мүлікке өсиет қалдыру, мұрагер болу, өз міндеттемелері бойынша жауап қайтару және т. б. құқықтар мен міндеттерден тұрады (ҚР АК 14 б.).
Құқық қабілеттілігін жүзеге асыру, яғни азаматтық құқық қатынастарына қатысу қабілеті, ол азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты болады. Әрекет қабілеттілігі – ол өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу, оларды жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындау қабілеті болады. Бұл қабілет азаматтарда толық мөлшерде кәмелетке толғанда ғана пайда болады (ҚР АК 17 б.). 18 жасқа толған азаматтар өз бетімен заң тиым салмаған кез келген мәмілелерді жасауға, өз міндеттемелері бойынша мүліктік жауаптылық шегуге қабілетті болады. Бұл әрекет қабілеттілігінің мазмұны болып танылады. Бірақта, егер жеке тұлға жүйке ауруымен ауыратын болса, немесе оның ес ақылы кем болса, сол себептен өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмай, не істегенін білмесе, онда ол мүдделі тұлғалардың өтінішімен, сот шешімі арқылы әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Оған қорғаншы тағайындалады (ҚР АК 26 б.). Ал 14 жасқа толмаған жас өспірімдер сот шешімімен емес, заң бойынша, әрекетке қабілетсіз деп танылады (ҚР АК 23 б.). Олар өз бетімен, тек қана жасай салып орындалатын, өздерінің жасына лайықты орындалатын, тұрмыстық ұсақ мәмілелерді жасауға құқылы болады. Ал олардың мүліктік жауаптылығы ата аналары мен қамқоршыларына жүктеледі. 14 пен 18 жас аралығындағылар сот шешімімен емес, заң бойынша, әрекетке жартылай қабілетті деп танылады. Олар өз бетімен өз жастарына сай, кішігірім тұрмыстық мәмілелерді жасауға құқылы болады, ал қалған мәмілелерді тек өз табыстарының (кірістерінің) мөлшерінде ғана жасай алады. Өзге мәмілелерді олар ата аналарының, қорғаншыларының келісімімен жасайды. Ол келісімнің нысаны, мәміленің нысанына байланысты болады. Бұл жасөспірімдер, жауапты өз бетімен, табыстары (кірістері) мөлшерінде ғана атқаратын болады, ол болмаған жағдайда, немесе жеткіліксіз болган жағдайда, олармен бірге ата аналары, қорғаншылары атқаратын болады, егер зиян келтірілуде олардың кінәсі жоқ екендігін дәлелдей алмайтын болса (ҚР АК 22 б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет