3. Баланың ата-анасын туу туралы жазба кітабында жазу және әкелікті даулау. . Бір-бірімен некеде тұратын әке мен ана туу туралы жазбалар кітабына олардың кез келгенінің арызы бойынша баланың ата-анасы болып жазылады. Егер ата-ана бір бірімен некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба – анасының арызы бойынша, ал баланың әкесі туралы жазба баланың анасы мен әкесінің бірлескен арызы бойынша немесе баала әкесіінің арызы бойынша (НОТЗ 46-б. 4-т.) жүргізіледі немесе әкесі соттың шешіміне сәйкес жазылады. Бала некеде тұрмайтын анадан туған ретте, ата-ананың бірлескен арызы болмаған жағдайда немесе әке болуды анықтау туралы сот шешімі болмаған жағдайда туу туралы жазбалар кітабында бала әкесінің тегі анасының тегі бойынша, бала әкесінің аты – жөні бала анасының көрсетуі бойынша жазылады.
Әкелікті (ана болуды) даулау(НОТЗ 50-бап).Туу туралы жазбалар кітабында ата-аналар жазбасы тек сот тәртібімен даулануы мүмкін. Талап-арызды баланың әкесі немесе анасы ретінде жазылған адамдар, баланың іс жүзіндегі әкесі немесе анасы болып табылатын адамдар, бала қорғаншысы (қамқоршысы), сот әрекет қабілетсіз деп таныған ата-ана қорғаншысы, сондай-ақ бала кәмелетке толғаннан кейін оның өзі беруі мүмкін.
НОТЗ 49-б. 2-т/ның негізінде баланың әкесі болып жазылған адамның әке болуына дау туғызу талабы, егер жазу кезінде бұл адамға оның іс жүзінде баланың әкесі емес екендігі айқын болса, қанағаттандырылмайды(НОТЗ 50-бап). Әкелікті ерікті тану – бұл, оны жоюға болмайтын мәміле, сондықтан АХАХ органына мұндай арызды берген еркек, кейіннен мұндай жазбаны даулау құқығынан айырылады, егер тек арызды беру сәтінде ол баланың әкесі емес екендігі жөнінде оған белгісіз болған жағдайларды қоспағанда. Бірақ бұл тұлғаның жүргізілген жазбаны ішкі ерік пен ерік білдіру процессіне қандай да бір факторлардың ықпал ету мотивтері бойынша (мыс., егер әкелікті белгілеу туралы арыз қорқыту, күш қолдану не талапкер өзінің әрекетінің мәнін түсіне алмау не оларды басқара алмау жағдайында берсе) даулау құқығынан айырылмайды.
4. Баланың құқықтары.