Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Әкеліктің ерікті белгіленуі және сот тәтібімен белгіленуі



бет115/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

2. Әкеліктің ерікті белгіленуі және сот тәтібімен белгіленуі.
Әкеліктің ерікті белгіленуі. Баланың ата-анасы өздерінің қатынастарын ресми рәсімдемесе, бірақ бала әкесі өзінің ата аналық міндеттерінен бас тартпаса, мұндай жағдайда баланың әкесі және шешесі бірлесіп АХАЖ органына арыз берулері қажет. Егер еркек қандай да бір себептер бйынша анасыны келісімін ала алмаса , мыс. анасының қайтыс болуы, әрекет қабілетсіз деп танылуы, анасынаң тұратын жерін анықтау мүмкін болмауы немесе ол ата-ана құқықтарынан айырылуына орай ала алмаса, қамқоршы және қорғаншы органның келісімін ала отырып, бала әкесінің арызы жеткілікті (НОТЗ 46-б. 4-т.).
Әкелікті сот тәртібімен белгілеу келесі жағдайларда орын алуы мүмкін: 1)әкелікті ерікті тану мақсатысен АХАЖ органына баланың іс жүзіндегі әкесі бала анасымен бірлесіп арыз беруден бас тартқан кезде; 2)әкелікті ерікті тану туралы анасы бірлесіп арыз беруден бас тартқан кезде; 3)қамқоршы және қорғаншы органдары НОТЗ 46-б. 4-т. белгіленген өкілеттіктеріне орай, әкелікті ерікті тануға келісім бермеген кезде. Бұның ішінде бірінші жағдай кең таралған.
Бұрынғы 1969жылғы Неке және отбасы туралы кодекс дәлелдемелік мәні бар тек үш мән жайды белгілейтін:
1. Бала туғанға дейін бала анасының және жауапкердің бірге тұруы және ортақ шаруашылық жүргізуі;
2. Еркек пен әйелдің баланы бірлесіп тәрбиелеуі немесе асырауы;
3.Жауапкердің әкелікті тануын шынайы куәландыратын дәләлдемелер
1969 ж. НОТК-де көзделеген дәлеледемелердің біреуін ұсына алмау, тарапты арызды қанағаттандыру құқығынан айырады. Талапкер 1969ж. НОТК-де көзделген даусыз дәлелдемелерді ұсынып, бірақ жауапкер бұрынғысынша , контраргументтерді келтіре отырып, әкелікті танымаса, сот мұндай жағдайда жауапкердің талабы бойынша сараптама тағайындауға құқылы. Бұрынғы уақыттарда қан сараптамасы және акушерлік-гинекллогиялық сарамтама біршама қол жетімді болатын, бірақ олар баланың нақты тұлғадан шыққандығы туралы тікелей жауап бермейді, мұны қазіргі заманғы генетикалық сараптама бере алады. Сотта генетикалық сараптаманың қорытындылары әкелікті анықтау туралы шешім шығару кезінде шартсыз негіз болып табылады. Бірақ бұл сараптаманың қымбат болуына орай ол әлі кең таралған жоқ. Тараптардың бірінің қандай да бір сараптамадан жалтаруы , әдетте басқа тараптың пайдасына қарастырылады.
Әкелікті сот тәртібімен белгілеуден соттың әкелікті тану фактісін анықтауын ажырату керек. Мұндай фактіні белгілеу қажеттігі өзін баланың әкесі деп таныған, бірақ тірі кезінде өзіінің әкелігін тануды үлгермеген немесе ерік білдірмеген тұлғаның қайтыс болу жағдайында туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет