Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Ортақ үлестік меншік құқығы



бет34/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

4. Ортақ үлестік меншік құқығы.
Ортақ үлестік меншік құқығы ортақ меншік құқығындағы меншік иелерінің әрқайсысының үлестері анықталумен сипатталады. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе барлық меншік иелерінің үлестері тең деп есептеледі. Ортақ мүлікті пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтай отырып, бөлінбейтін жақсартуды өз есебінен жүзеге асырған меншік иесі ортақ мүліктегі үлесін тиісінше ұлғайтуға құқығы бар.
Ортақ мүлікті иелену және пайдалану оның барлық қатысушыларының келісуімен, ал келісімге келмеген жағдайда – сот белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады. Әрбір қатысушы өз үлесіне тең ортақ мүліктің бөлігін пайдалануға құқылы.
Ортақ мүлікпен билік ету оның барлық қатысушыларының келісуімен жүзеге асырылады, бірақ әрбір қатысушы (басқа қатысушылардың үлесті басымдықпен сатып алу құқығын сақтай отырып) өз үлесімен дербес билік етеді. Басқа меншік иелерінің үлесті басымдықпен сатып алу құқығы бұзылған кезде олардың кез келгені үш айдың ішінде сотта өзіне сатып алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы.
Ортақ үлестік меншік құқығындағы мүлік барлық меншік иелерінің келісімі бойынша бөлінуі мүмкін, ал келісімге келмеген кезде – үлесті меншік құқығына қатысушысының әрқайсысы өзінің үлесін сот тәртібімен бөліп шығаруды талап етуге құқылы.
Төмендегі жағдайларды қоспағанда, үлесті бөліп шығару заттай жүргізіледі:

  • ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтірмейінше үлесті бөліп шығару мүмкін болмаса;

  • бөлініп шығушы меншік иесінің үлісіне дәл сәйкес, ортақ мүліктің бөлігін бөліп шығару мүмкін болмаса;

  • заң күшіне орай ортақ меншік объектісі бөлінбейтін кезде (мысалы, бағалы қағаздардың көптігі);

  • бөлініп шығушы меншік иесінің үлесі шамалы болуы және оның ортақ мүлікті пайдалануға онша мүдделі болмауы.

Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығында бөлініп шығушы меншік иесі өзінің үлесінің құнына сай ақшалай өтем алады.
Ортақ мүлікті бөлу әрқашан ортақ үлестік меншік құқығының тоқтатылуына әкеліп соқтырады, ал меншік иелерінің бірінің үлесін бөліп шығару, жалпы ереже бойынша аталған салдарларға соқтыртпайды (мүлік екі тұлғаның ортақ үлестік меншік құқығында болған жағдайларды қоспағанда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет