Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК



бет42/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

Субсидиялы міндеттеме кезінде қосымша борышқор, егер негізгі борышқор несие берушінің талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие беруші одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзімде жауап алмаған жағдайда міндеттемені орындауға міндетті (АК 357-бап). Субсидиялы міндеттеме заң құжаттарымен немесе тараптардың келісімімен белгіленуі мүмкін.
Үшінші жақтың міндеттемеде алатын орны ерекше. Үшінші жақ ретінде міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе өзге құқықтық қатынастары арқылы байланысқан жақтар (АК 270-б.2-т.). Үшінші жақ қатысатын міндетемелердің кемінде үш түрін бөліп алуға болады: 1)регрестік (АК 289-бап); 2)үшінші жақтың пайдасына міндеттемелер (АК 270-б.3-т.); 3)үшінші жақ орындайтын немесе үшінші жаққа орындайтын міндеттемелер, яғни орындауды қайта жолдау немесе қайта тапсыру (АК 276-бап).
Регрестік міндеттеме – бұл, оған сәйкес несие берушімен борышқор үшін (немесе соның кінәсі бойынша) үшінші тұлғаға төлеген (берген) ақша сомасын (немесе өзге мүлікті) беруді борышқордан несие берушінің талап ету құқығы болатын міндеттеме.
Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы (АК 19-тарау). Міндеттемедегі несие берушінің ауысу жағдайлары (алғашқысының орнына жаңа жаңа несие берушінің енуі):

  1. Әмбебап құқықтық мирасқорлық (заңды тұлғаның қайта құрылуы, мұрагерлік);

  2. Жеке (сингулярлық) құқықтық мирасқорлық, яғни қандай да бір нақты құқықтың бір тұлғадан басқасына ауысуы. Бұл келесі жағдайларда болады:

  • несие беруші құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;

  • борышқордың міндеттемесін оның кепіл болушысы, кепілдік берушісі немесе осы міндеттеме бойынша кепілге зат берушісі орындауы нәтижесінде;

  • сақтандырушыға сақтандырылған жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие беруші құқықтарын алып берген кезде (суброгация);

  • талап ету құқығын беру нәтижесінде (цессия);

  • заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда ауысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет