Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК



бет56/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

2. Шарттың мазмұны.
Басқа да құқықтық қатынастар сияқты, стап алу-сату шартының элементтері болып субъект, объект және мазмүн болып табылады. Шарттың мазмұны 3 элементтен тұрады:

  1. объект

  2. субъект

  3. тараптардың құқықтары мен міндеттері.

Объектісі – азаматтардың күнделікті тұрмыстық қажетіне керекті материалдық дүние заттары.
Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу, сатуға, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе сатып алу шартының ережелері қолданылады.
Азаматтық айналымда шектелген мүліктерді (тауарларды) сатып алу, сату тәртібі заң актілерінде белгіленеді. Оларға: улы заттар, қару-жарақтар, радиактивті заттар жатады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың меншігіндегі мүліктердің саны және мөлшері шектелмейді.
Сатып алу, сату шартының объектісіне тән қасиеті:

  • шарт объектісі тауар түрінде болуы керек;

  • мүлік бір адамнан, екінші адамға еркін өтуі керек.

Құқықтық қатынастар (шарттар) мазмұнын қарайық. Ол екі мәнде түсіндіріледі. Біріншіден, құқықтық қатынастар мазмұны бұл – құқықтық реттелетін қоғамдық қатынас. Сонымен бірге мазмұн деп екі жақты құқықтарымен міндеттерін қарастырады.
В. А. Тархов мынадай мысал келтіреді: Бір субъект екіншісіне қандай да бір затты сатады және олардың арасында материалды экономикалық қатынас қалыптасады, сатып алушы ақша төлеп қажетті затты алады, баламалы айырбас жүреді. Айырбасқа қатысушылар шарттың қандай құқықтар мен міндеттер шығатынын ойламауына болады. Ал Ғ.А. Жайлин мұнымен келіспейді. Ақырында заңдық мазмұн меншік құқығына иемденудің жалпы заңдық мақсатымен анықталады. Шарт мазмұнына қатысты жалпы көзқарастар осындай. Осыдан әрі біз оны сатып алушы мен сатушының құқықтары мен міндеттерін жекелеп талдауға көшеміз.
Жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жаалатын мәмілелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет. ҚР Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге жатады. Азаматтық кодекстің 494-бабы кәсіпорынның сатып алу-сату шартының бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған: инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құны мен құрамы туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік тіркеу кезеңінен жасалған деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет