4. Сыйға тарту шартының нысаны, сыйға тарту шарты бойынша жауапкершілік. Сыйға тарту шартының азаматтық айналымдағы ерекшеліктеріне қарай
заң шығарушы шарт нысанына арнайы талаптар қояды. Егер нақты сыйға тарту шарт жасалса, жалпы ереже бойынша ауызша нысанда жасалады, бұл жағдайда ҚР АК 151,152 баптарының нормалары қолданылады. Сыйға тарту шартының нысаны:
Ауызша
Жазбаша.
Мынандай жағдайларда сыйға тарту жазбаша болады:
Заңды тұлға сый беруші болған және сыйдың құны заң актілерінде белгіленген 10 айлық есептік көрсеткіштен асатын болса;
Шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде еткен жағдайда.
Сыйға тарту шарты реалды да, консенсуалды да болады.
Сыйға тарту шартына да жауапкершіліктер туралы жалпы ережелер қолданылады, бірақ жауапкершілік үшін басқа шарттарға қарағанда сыйға тарту шартында негіздер аздау болады. Сыйға тартушы сый орындамағаны үшін жауапты болады. Ғ.А. Жайлиннің пікірі бойынша ақша сыйлауға уәде берілген болса, сыйға тартушыға ҚР АК 353-ші бабы қолданылуы тиіс және өзге жағдайларда да оның жауаупкершілік сый алушы шеккен нақты зардабы м нақты зардабы мк.
Егер сыйға тарту жазбаша жасалатын болса, сый алушы сыйды алудан
бас тартса онда оло сый берушіге келтірілген нақты нұқсанды өтеуі керек.
Заң кейбір нақты сыйға тарту шартын жазаша түрде жасауды талап етеді. Жазбаша нысаны жасау, егер сыйға тартушы заңды тұлға болып және сый мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен асатын болса талап етіледі. Мұндай талап заңда тұлғаның балансындағы мүліктің тіркелу ержелерімен байланысты. Егер мүлік заң негізінде қайтарымсыз берілсе онда тиісінше дәлелдемелерде болу керек (чек немесе құжаттардың болмауы анық) ал кері жағдайда заңды тұлға органдарды (материалды жауапты тұлғалар) жетіспеушілік үшін жауапты болады. Бірақ бұл міндетті талап емес, сыйға тартудың жазбаша нысанын сақтамаған жағдайда шарт жасалғаны басқа да жазбаша жасалған құжаттармен дәлелденуі мүмкін. Сыйға тартуды заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұратын ижұмысшыларды материалдық нысанындағы көтермелеуден ажырата білу керек, бірақ та мұндай қатынастар еңбек заңымен реттелмеген бөлігінде сыйға тарту нормаларымен реттелуі мүмкін (ҚР АК 1-бабы, 3-тармағы).
ҚР АК нормаларында дәл көрсетілмегеніне қарамастан, егер сыйға тарту шартын мемлекеттік тіркеу талап етсе, ол жазбаша жасалады. Өйткені қозғалмайтын мүлікке құқықты беретін құжаттар керек («Қозғалмайтын мүлік және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығының 14-бабы 2-тармағы 25 желтоқсан, 1995).
Алдағы уақытта сыйға тартуға уәде беру – консенсуалды шарт болып табылады және әрқашан жазбаша түрде жасалады. Осы шарттың заң талап ететін жай жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады (ҚР АК 508-бабы 2-тармағы).
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1.Айырбас шартының ұғымы және мазмұны.
2.Айырбас шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.
3.Сыйға тарту шартының ұғымы және тараптары.
4.Сыйға тарту шартының нысаны, сыйға тарту шарты бойынша жауапкершілік.