Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Тұрғын үй құқықтық қатынастары .Тұрғын үй заңнамасы



бет72/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

2. Тұрғын үй құқықтық қатынастары .Тұрғын үй заңнамасы.
Тұрғын үй құқықтық қатанастардың түсінігі тұрғын үй құқықтарының түрлері. Біздің тұрғын үй құқықтық қатынастарымен азаматтық құқық аясында қарастыратынымызға қарамастан, бұл құқық қатынастарының жария құқықтық атап өткен жөн. Сонымен бірге тұрғын үй қатынастарының кешенді құқықтық реттеудің түпкі мақсаттары да жеткілікті түрде айқын болып табылады.
Заңнама жеке тұрғын үй құқықтық қатынастары ретінде тұрғын үй қорын пайдалануымен байланысты құқықтық қатынастарды да ажыратады. Заңнамада тұрғын үй қорының мынандай анықтамасы берілген: « тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағында барлық меншік нысандарындағы тұрғын үйлер». Ол бірнеше түрге бөлінген. Ол өз кезегінде тұрғын үйге меншік құқығын жүзеге асырумен және оларды пайдаланумен байланысты туындайтын жекеленген құқықтық қатынастардың құрылымы үшін маңызды болып табылады.
Қ Р тұрғын үй қорының құрамына жеке қоры мен мемлекеттік тұрғын үй қоры кіреді. Жеке тұрғын үй қоры мемлекеттік емес меншік нысанына негізделген азаматтар мен заңды тұлғаларға меншік құқығы негізінде тиіслі тұрғын үйлерді қамтиды. Мемлекеттік тұрғын үй қорына меншік құқығымен мемлекетке қарасты және жергілікті атқарушы органдардың қармағындағы не мемлекеттік кәсіпорын қармағындағы тұрғын үйлер кіреді. Тұрғын үй заңнамасының мазмұнын туындайтындай мемлекеттік тұрғын үй қоры тұрақты тұру үшін де, уақытша тұру үшінде арналған тұрғын үй жайларды қамтиды . Тұрғын үй қорына тұрғын үйлерді тұрғын емес үйлерді үй жайлар кірмейді.
Сонымен, тұрғын үй қоры - бұл азаматтардың тұрақты тұру үшін және уақытша тұру үшін де арналған барлық үй жайлардың жиынтығы деуге болады.
Тұрғын үй заңнамасы. Тұрғын үйлерді пайдалану бойынша шарттық қатынастар жалпы түрде реттелетін Қ Р Констиуциясы мен Қ Р Азаматтық кодекісімен қатар, тұрғын үй құқықтық қатынастарын арнайы заңдармен реттеледі. Тұрғын үй қатынастарын кешенді түрде реттейтін заңды акті болып Тұрғын үй қатынастары туралы « ҚР 16 сауір 1997 жылы заңы табылады.
Жекеленген тұрғын үй құқықтық қатынастары. Тұрғын үй құқықтық қатынастарының пайда болу негіздерін, элементері мен мазмұнын қарастырмас бұрын тағы бір рет тұрғы н үй қорын пайдалану режимінде тоқталып өтейік. Тұрғын үй тұрғын емес мақсатта пайдалауға тек заңнамада көзделген жағдайда ғана жол беріледі. Тұрғын үй қорын мақсаты бойынша және басқа да мақсаттар үшін пайдаланған жағдайда тұрғын үй қорын бұзуға немесе бүлдіруге жол бермеу талап етіледі. Тұрғын үйлерді пайдаланушылар басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға , қоршаған ортаға залал келтірмеуге тиіс.
Тұрғын үйдегі тұрғын үй -жағдайлар тұрғын емес үй жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй жай иесінің келісімімен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келуіне жауап беретін заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Үй жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау басқа басқа меншік иелерінің мүделерін қозғайтын жағдайда олардың алдын ала жазбаша келісімі талап етіледі.
Тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын барлық дауларды шешу сот тәртібінде жүзеге асырылады.
Меншік иесінің және оның отбасы мүшелерінің қатысуымен болатын тұрғын үй құқықтық қатынастары. Қ Р тұрғын үй заңнамасы тұрғын үй жөніндегі меншік котегориясының тікелей тұрғын үй құқықтық қатынастарына жатқызған, өткені олар тікелей «Тұрғын үй қатынастары туралы » Қ Р заңында реттелген.
Меншік құқығы негізінде тиісілі тұрғын үйді меншік иесінің оны жалға беру жолымен басқаруда тұрғын үй жайлы пайдалану бойынша тұрғын үй құқықтық қатынастарына алып келеді.
Меншік құқығы негізінде тұрғын үйдің болуы адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет деп танылатын азаматтардың категориясына жатқызбайтын фактор ретінде қарастыруға болады. Және оның салдарынан бірқатар тұрғын үй құқықтық қатынастарды қатысушыларының аясы ауысады.
Тұрғын үйдің меншік иесімен бірге тұрып жатқан отбасы мүшелері өздеріне меншік иесі берген тұрғын үйге өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тұрғыза алады. Отбасының басқа мүшелерін , тұрғызуға меншік иесінің келісімімен ғана жол беріледі.
Кондоминиум Көп пәтерді тұрғын үйдегі пәтерге, үйдің бір бөлігіне меншік құқығы әр уақытта барлық меншік иелері мүделерінің өз әрекеттесуімен байланысты . Осыны ескере отырып тұрғын үй заңнамасының меншіктің ерекше нысаны ретінде анықталған кондоминум режимі енгізілген. Кондоминиум қатынастарын бекіту тұрғын үйлер жөніндегі меншіктік қатынастардың бекіту тұрғын үйлер жөніндегі меншіктік қатынастардың бекіту тұрғын үйлер жөніндегі меншіктік қатынастардың өзгеруінің салдары болып табылады, соның нәтижесінде тұрғын үйлермен олардың меншік иелерімен тығыз байланысты барлық мүлікті күтіп ұстау жөніндегі ауыртпалықты көтеруді реттеу қажеттілігі пайда болды.
Сонымен кондоминиумды үлестік меншік сияқты, меншік қатынастарының күрделендірілген нысаны ғана сияқты қарастыруға болмайды. Үлестік меншіктіктің кәдімгі қатынастарында бірінші кезекте үлестік меншік иелерінің құқықтарын бөлу міндеті шығады, ал олардың мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығын жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз ету тек көмекші міндет ретінде ғана көрінеді.
Тұрғын үйді беру жөніндегі шарттық қатынастар. Қ Р әрекет етуші тұрғын үй заңнамасы шарттық қатынастардың әртүрлерімен ерекшеленеді. Олардың бір бөлігі тұрғын үйлерді жеке меншікке беруді көздесе, ал екінші бір бөлігі азаматтардың пайдалануына беруді көздейді.
Тұрғын үйді жалдау. Меншік құқығы негізінде тұрғын үйді иеленбейтін адамдармен тұрғын үй жайларды пайдалануды тікелей көздейтін негізгі құқықтық нысан болып тұрғын үйді жалдау шарты болып табылады. Тұрғын үйді жалдау шартына мүлікті жалдаудың бірқатар ортақ белгілері тән, бірақ ол тікелей тұрғын үй заңнамасымен реттелінеді.
Сонымен тұрғын үйді жалдау шарты консенсуалды , ақылы және екі жақты шарт ретінде жасалады.
Заңнамада тұрғын үйді жалдау шартының негізгі екі түрі нақты ажыратылған: а) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты: б) жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты. Тұрғын үйді жалдаудың бірінші түрін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу, тұпрғын үйлерді беру және мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді пайдалану бойынша кешенді құқықтық қатынастар аясында қарастыру қажет, сондықтан оған талдау кейінрек жасалады.
Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау. Меншік иесі өзі тұратын тұрғын үйді не негізгі мақсатты жалға алушыларға тұрақты немесе уақытша тұру үшін берілу болып табылатын тұрғын үйді жалға беруге құқылы.
Тараптардың және қалған тұрғындардың құқықтарымен міндеттері.Жалға беруші жалға алушының пайдалануына шарт және тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келетін тұрғын үй жайды беруге міндетті тұрғын үйді күтіп ұстау тәртібі тікелей шартпен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет