Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Мердігерлік шартының жекелеген түрлері



бет76/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   150
2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері.



  1. Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерін қанағаттандыруға арналған белгілі бір жұмысты орындауға мәндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мәндеттенеді.

Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп танылады.
2. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді.
Құрылыс мердігерлігінің шарты кәсіпорынды, үйді (оның ішінде тұрғын үйді), ғимаратты немесе өзге де объектіні салуға немесе қайта жаңартуға, сондай-ақ монтаждау, іске қосу – жөнге келтіру және салынып жатқан объектімен тығыз байланысты өзге де жұмыстарды орындауға жасалады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы ережелер үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеу кезінде де қолданылады.
Құрылысты толық аяқтау туралы шарт жасау кезінде мердігер өзіне құрылыс және оны қамтамасыз ету жөніндегі барлық міндеттемені алады және шарт ережелеріне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объектіні тапсыруға тиіс.
Аяқталмаған құрылыстың иесі оны тапсырысшыға тапсырғанға дейін және оған төлем жасалғанға дейін мердігер болып табылады.
Жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі үшін мердігер жауапты болады.
Мердігер құрылысты және оған байланысты жұмыстарды жұмыстың көлемі мен мазмұнын және жұмысқа қойылатын басқа талаптарды айқындайтын жобалау құжаттамасы мен жұмыстың бағасын айқындайтын сметаға сәйкес жүзеге асыруға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет