Ақшаны пайдаланғаны үшін сый ақы. Банктегі ақшаны пайдаланғаны үшін банк шартында белгіленген мөлшер мен тәртіп бойынша сый ақы төлейді.
Банктік шот шартын бұзу. Банктік шот шарты, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, клиенттің өтініші бойынша кез-келген уақытта бұзылады.
Ақша аудару туралы шарт. Ақша аудару туралы шарт бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша клиентке бір ыңғайландырылған дербес код бермей-ақ үшінші тұлаға ақша аударуға міндеттеледі.
Егер банк қызметтің реттейтін заң ақтілерінде өзгеше көзделмесе, егер банк осындай банктік қызмет көрсету туралы ұсыныс жасаған кезде орындауға қабылдаған жағдайды, банктік шот ашпай-ақ ақша уадару туралы шарт жасалған болып есептеледі.
Банк салымы. Банк салым шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сый ақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді.
Банк салымы шарты салым сомасы банкке келіп түскен күнней бастап жасалған болып саналады.
Талап етілмелі банк салымы шарты мерзімсіз болып табылады.