Параграф 2. Заңды тұлғалар
Ескерту. III, IV, V бөлiктер V, VI, VII бөлiктер болып есептелсiн - ҚР
1998.05.10 N 282 Заңымен.
I. Жалпы ережелер
33-бап. Заңды тұлға ұғымы
1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi
бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк
және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра
алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
34-бап. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары
1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн
(коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған
таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға
бола алады.
2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын,
шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана
құрылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық
бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк
нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына
сай келуiне қарай ғана айналыса алады.
3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң
есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы
мүмкiн.
4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (осы Кодекстiң 110-бабы).
5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы
Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.
Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N
154
, 1998.03.02 N
211
,
1998.07.10 N
282
, 1998.12.16 N
320
, 2007.01.12 N
225
Заңдарымен.
35-бап. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi
1. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты
мiндеттердi осы Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк кәсiпорындарды
қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде
немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру
үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге
асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы немесе
шектелуi мүмкiн.
Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерiмен
лицензия негiзiнде ғана айналыса алады.
2. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны
тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет
саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап
пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң
құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.
3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң
есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық қабiлеттiлiгi осы
Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi.
Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.03.02 N
211
, 1998.12.16 N
320
Заңдарымен.
36-бап. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздерi құрған
заңды тұлғалардың мүлкiне құқықтары
1. Заңды тұлғаның оқшау мүлкiне қатысты оның құрылтайшыларының
(қатысушыларының) мiндеттемелiк және заттық құқықтары болуы мүмкiн.
2. Мүлкiне өз қатысушылары (құрылтайшылары) мiндеттемелiк құқықтарын сақтап
қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғам мен
кооперативтер жатады.
3. Мүлкiне өз құрылтайшылары меншiк құқығын немесе өзге де заттық құқығын
сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзушi құқығында немесе оралымды
басқару құқығында мүлкi бар ұйымдар жатады.
4. Мүлкiне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүлiктiк құқықтарын сақтамайтын
заңды тұлғаларға қоғамдық бiрлестiктер, қоғамдық қорлар және дiни бiрлестiктер
жатады.
5. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздерi құрған өзге ұйымдық-құқықтық
нысандардағы заңды тұлғалардың мүлкiне құқықтары Қазақстан Республикасының
заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.07.10 N
282
, 2007.01.12 N
225
Заңдарымен.
37-бап. Заңды тұлғаның органдары
1. Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн
өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды.
2. Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi және
олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.
Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.03.02 N
211
Заңымен.
38-бап. Заңды тұлғаның атауы
1. Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз
атауы болады.
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын
көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн.
Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.
Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына
қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне
сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың
мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға
тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр
фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен
бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап
етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын
толтыруға мiндеттi.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен
мiндеттерi заңдарда белгiленедi.
3.
Алынып тасталды - ҚР 2001.12.24
N 276
Заңымен.
4. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың фирмалық
атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан
Республикасының заң актілерiнде, Президентi мен Үкiметi актiлерiнде белгiленген
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ресми атауларына сiлтемелердi
пайдалануға тыйым салынады.
Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1996.07.15
N 30
, 1998.03.02 N
211
,
1999.07.16 N
440
, 2001.12.24 N
276
Заңдарымен.
39-бап. Заңды тұлғаның тұрған жерi
1. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрған жерi
болып танылады.
2. Заңды тұлғаның тұрған жерi оның құрылтай құжаттарында почталық толық
мекен-жайы жазылып, көрсетiледi.
3. Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзiнiң нақты мекен-жайының
бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайға сәйкес келмейтiнiне сiлтеме
жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттiк тiзiлiмге
енгiзiлген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да почталық және өзге де хат-
хабарлар жiберуге құқылы.
Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.03.02 N
211
Заңымен.
40-бап. Заңды тұлғаның құрылтайшылары
1. Заңды тұлғаны бiр немесе бiрнеше құрылтайшы құруы мүмкiн.
2. Мүлiктi меншiктенушiлер не олар уәкiлдiк берген органдар немесе жақтар,
ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды тұлғаның
құрылтайшылары бола алады. Бұл орайда, мүлiктi шаруашылық жүргiзу немесе оралымды
басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғалар меншiк иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген
органның келiсiмiмен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
3. Заңды тұлғаның құрылтайшылары, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
көзделген жағдайларды қоспағанда, осы заңды тұлғаның құрылтайшылары болып
табылмайтын оның басқа қатысушыларынан қандай да бiр артықшылықтарға ие бола
алмайды.
Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.05.16 N
416
Заңымен.
41-бап. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары
1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше
көзделмесе, заңды тұлға өз қызметiн жарғысы және құрылтай шарты негiзiнде, немесе
eгep заңды тұлғаны бiр тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы
жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге
асырады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда,
коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға ұйымдардың осы түрi жөнiндегi жалпы
ережелер негiзiнде iс-әрекет жасай алады.
Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз
қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының
негiзiнде жүзеге асыра алады.
2. Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары
бекiтедi. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бiр адам болса, құрылтай шарты
жасалмайды.
3. Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтай құжаттарында
заңды тұлға қызметiнiң мәнi мен мақсаты белгiленуге тиiс.
Шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғамы мен өндiрiстiк кооперативтiң
құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн.
4. Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлға құруға
мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тәртiбiн, оның меншiгiне
(оралымды басқаруына) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу ережелерiн
белгiлейдi. Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi туралы заң
актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудiң,
заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың шығуының шарттары
мен тәртiбi де белгiленедi және оның жарғысы бекiтiледi.
Құрылтай шартына құрылтайшылардың келiсуi бойынша басқа да ережелер
енгiзiлуi мүмкiн.
4-1. Жалғыз құрылтайшының шешiмi мүлiктердi меншiкке беру (шаруашылық
жүргiзу, оралымды басқару) шарттарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына
қайшы келмейтiн өзге де шешiмдердi қамтуға тиiс.
Жалғыз құрылтайшының - заңды тұлғаның шешiмiн Қазақстан Республикасының
заңнамасына және осы заңды тұлғаның жарғысына сәйкес оның осындай шешiм қабылдауға
құқығы бар органдары қабылдайды.
5. Заңды тұлғаның жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның
органдарын құру тәртiбi және олардың құзыретi, оның қызметiн қайта құру мен тоқтату
ережелерi белгiленедi.
Егер заңды тұлғаны бiр адам құрса, онда оның жарғысында мүлiктi құру және
кiрiстердi бөлу тәртiбi де белгiленедi.
Жарғыда заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн.
6. Бiр заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар болған
жағдайда:
1) егер олар құрылтайшылардың iшкi қатынастарына қатысты болса, құрылтай
шартының;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен қатынастарында
маңызы болса, жарғының ережелерi қолдануға тиiс.
7. Барлық мүдделi адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.
Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1996.07.15
N 30
, 1997.06.19 N
132
,
1997.07.11 N
154
, 1998.03.02 N
211
, 1998.04.22 N
221
, 1998.07.10 N
282
, 2003.05.16
N
416
, 2007.01.12 N
225
, 2008.07.04
N 54-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2009.12.08
N 225-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-б
. қараңыз)
Заңдарымен.
42-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және
қайта тiркеу
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды
қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс.
Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңдарда белгiленедi. P092121
2. Мемлекеттiк тiркеу деректерi, соның iшiнде коммерциялық ұйымдар үшiн
фирмалық атауы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiне енгiзiледi.
3. Заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылды деп
саналады.
4. Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен
тiркеледi.
Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады.
5. Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның құрылтай
құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға
әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп тiркеуден бас тартуға
жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны
үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн.
6. Заңды тұлға мынадай жағдайларда:
1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған;
2) атауы өзгергенде;
3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде
(шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды
ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға
лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын
шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс.
Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды
тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады.
Құрылтай құжаттарына басқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген ретте
заңды тұлға бұл туралы тiркеушi органды бiр айлық мерзiмде хабардар етедi.
Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1996.07.15.
N
30-I
, 1997.07.11. N
154
, 1998.03.02. N
211
, 1998.07.10. N
282
, 2003.05.16. N
416
, 2005.07.08.
N 72
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05.
N
146
Заңдарымен.
43-бап. Филиалдар мен өкiлдiктер
1. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң бәрiн
немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiк мiндетiн жүзеге асырушы оқшау бөлiмшесi
филиал болып табылады.
2. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мүдделерiн қорғау
мен өкiлдiгiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде
көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге құқықтық әрекеттер
жасайтын оқшау бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады.
3. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерiн құрған
заңды тұлға мүлкi берiледi және оның бекiткен ережелерi негiзiнде жұмыс iстейдi.
4. Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен
өкiлдiктерiнiң) басшылары қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалдары
немесе өкiлдiктерi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады.
Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен
өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни бiрлестiктердiң жарғысында және оның филиалы немесе
өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады.
Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдарды мен өкiлдiктерiнiң басшыларын
заңды тұлға уәкiлдiк берген орган тағайындайды және оның сенiмхаты негiзiнде жұмыс
iстейдi.
Ескерту. 43-баптың 4-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1996.07.15.
N 30-I
, 2005.12.23. N
107
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.
44-бап. Заңды тұлғаның жауапкершiлiгi
1. Арнайы қаржы компанияларынан, құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден,
мемлекеттiк мекемелерден және қазыналық кәсiпорындардан басқа заңды тұлғалар өз
мiндеттемелерi бойынша өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi.
Мекеме мiндеттемелер бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Олар
жеткiлiксiз болған жағдайда мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы
жауапты болады.
Мемлекеттiк мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен
жауап бередi.
Мемлекеттiк мекеме ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның мiндеттемелерi
бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы орган
жауапты болады.
Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен
жауап бередi.
Қазыналық кәсiпорында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның мiндеттемелерi
бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi немесе тиiстi әкiмшiлiк аумақтық бiрлiк
субсидиарлық жауаптылықта болады. Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк
мемлекеттiк кәсiпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды.
Мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуге тиіс.
Мемлекеттiк мекемелер жасасатын, бюджет қаражатын жұмсау көзделмейтiн
азаматтық-құқықтық мәмiлелер тiркелуге жатпайды.
Мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiне ақы олар
тiркелгеннен кейiн төленуге жатады.
Арнайы қаржы компаниясы өз міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының
секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жауап береді.
2. Заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесi
оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал заңды тұлға заңды тұлғаның
құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң мiндеттемелерi
бойынша жауап бермейдi, бұған осы Кодексте, өзге заң актiлерiнде не заңды тұлғаның
құрылтай құжаттарында көзделген жағдайлар қосылмайды.
3. Егер заңды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының)
немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң iс-әрекетiнен туындаған болса, заңды тұлғаның
қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе оның мүлкiнiң
меншiк иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық жауапкершiлiкте болады.
4. Заңды тұлға үшiншi тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтай
құжаттарында белгiленген өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланып қабылдаған мiндеттемелерi
бойынша жауап бередi, бұған осы Кодекстiң 159-бабының 11-тармағында көзделген
жағдайлар қосылмайды.
Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N
154
, 1998.03.02. N
211
, 1998.12.16. N
320
, 1999.11.04. N
472
, 2003.05.20. N
417
, 2006.02.20. N
127
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2007.01.12. N
225
Заңдарымен.
45-бап. Заңды тұлғаны қайта құру
1. Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту)
оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның,
құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай
құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның шешiмi бойынша, не заң құжаттарында
көзделген реттерде сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Заңдарда қайта
құрудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын қайта
құру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру ісі және
сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры және секьюритилендіру
туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының
акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып
жүзеге асырылады. V032214
2. Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының
шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган,
құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк
берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген
мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған
осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған
кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады.
Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны
заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың
бекiтуiне бередi. Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болған заңды
тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болады.
4. Заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын реттердi қоспағанда,
жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тiркелген кезден бастап қайта құрылған деп
есептеледi.
Заңды тұлғаны оған екiншi бiр заңды тұлғаны бiрiктiру жолымен қайта құрған
кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiне бiрiктiрiлген заңды тұлға
қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың бiрiншiсi
қайта құрылған деп есептеледi.
Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгізілді - 1997.06.19 N
134
-I, 2000.12.18 N
128
,
2005.07.08
N 72
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N
127
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2009.12.30
№ 234-IV
(қолданысқа
енгізілу тәртібін
2-б
. қараңыз) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |