Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған.
Қазақстандағы өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады.
Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда.
Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.
Пандемияның салдары планетаның барлық елдерінің экономикасы мен ЖІӨ-не тікелей әсер етіп, жаһандық іскерлік белсенділік пен халықаралық сауда көлемінің бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін төмендеді. Covid-19 пандемиясының салдары соңғы онжылдықтардағы қаржы-экономикалық дағдарыстармен салыстырғанда Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсер еткен. /
Оның төмендеуіне әсер еткен негізгі факторлар – ішкі санитарлық шектеулер, сыртқы сұраныстың төмендеуі, инвестициялық белсенділіктің азаюы, мұнай бағасының төмендеуі, сондай-ақ ОПЕК+келісімдері аясында мұнай өндіру қарқынының төмендеуі болды. Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) Қазақстан экономикасының тұрақтылығы мен ЖІӨ өсіміне қатысты оң болжам жасаған.