Іс жүзінде зоогигиеналық мәні бар көрсеткіштер-салыстырмалы ылығалдылық, ылғал тапшылығы және шық нүктесі болып табылады



Дата14.10.2023
өлшемі16,51 Kb.
#113987
түріҚұрамы
Байланысты:
ауа гигиенасы


Малдың денсаулығын сақтауда ауаның алатын орны ерекше. Ауаны гигиеналық тұрғыдан бағалауда оның мына төмендегі көрсеткіштері еске алынуы керек: физикалық қасиеттері (температура, ылғалдылық, қысым және т.б.), химиялық құрамы (тұрақты компаненттері және бөтен газдар), механикалық құрамы (шаңның, ыстың және т.б. болуы) және бактериялық ластануы (микробтардың болуы). Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштерінің шектен тыс ауытқуы мал организміне тікелей әсер етіп, оның өнімділігін едәуір азайтып ауруға шалдықтырады. 
Ауа-мал тіршілігі өтетін және олар үнемі қарым-қатынаста болатын сыртқы орта. Ауа тыныс алуға ең қажетті оттегінің көзі, организмнің басқа да функцияларына әсер етеді. Ауа мал тіршілігіне аса қажет және биосфераның маңызды элементі болып табылады. Биосфераға-атмосфераның төменгі бөлігі-бүкіл гидросфера және тірі организм қоныстанған, жер литосферасының үстіңгі қабаты кіреді. Оған В.И. Вернадский «тірі зат-тіршілік ететін аймақ» деген анықтама берген.
Ауа ылғалдылығы мал тіршілігіне және оның өнімділігіне зор әсер етуші фактор. Ылғалдылық деп ауа құрамындағы су буын айтамыз. Температура және ылғалдылық бір-бірімен тығыз байланысты және басты климаттық факторлар. 
Ауадағы бу мөлшері белгілі кең аралықта ауытқиды. 1 кг атмосфералық ауада орта есеппен 2,34 г су буы болады. Атмосферадаға бу негізінен су көздерінің, топырақ пен өсімдіктің булануы нәтижесінде пайда болады. Ауадағы ылғал мөлшері температураға, теңіз деңгейінен биіктікке, су қоймаларының жақындығына, өсімдік сипатына және т.б. жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Ауаның әр температурасына сәйкес оның су буымен қанығу шегі болады. Егер осы шектен асып кетсе ылғалдылық тұман, шық, қырау және т.б. түрінде бөлінеді.
Ауа ылғалдылығының сипаттамасы ретінде метеорологиялық практикада және гигиена саласында мынадай гигрометриялық көрсеткіштер қолданылады: абсолюттік, нақты, максимальдық (ең жоғарғы) және салыстырмалы ылғалдылық, ылғал тапшылығы және шық нүктесі.
Іс жүзінде зоогигиеналық мәні бар көрсеткіштер-салыстырмалы ылығалдылық, ылғал тапшылығы және шық нүктесі болып табылады.
Салыстырмалы ылғалдылық (R)-абсолюттік ылғалдылықтың максимальді ылғалдылыққа қатынасы, яғни ауаның бумен тотығу дәрежесін немесе пайызын сипаттайтын көрсеткіш (R=А:Ех*100). Ол мал қораларында, көбінесе 50-85% аралығында кейде одан да жоғары шамада ауытқиды.
Мал қора ауасындағы салыстырмалы ылғалдылықты бақылап отырудың маңызы өте зор. Оның деңгейі ауаның су буымен (судың газ түрінде болуы) қанығу дәрежесімен мал терлегенде оның қаншалықты қосымша ылғалды қабылдай алатын мүмкіндігін көрсетеді.
Шық нүктесі (Т)-ауадағы будың суға (шыққа) айналу температурасы. Ол абсолюттік ылғалдылықтың максимальдық ылғалдылыққа жақындауын көрсетеді.
Мал қоралары ауасының ылғалдылығы. Мал қораларының ішкі ауасындағы бу мөлшері әдеттегідей атмосферадағы буға қарағанда көп. Атмосфералық ауа ылғалдылығы қора ауасының 10-15% құрайды. Қора-жайлар ауасында будың негізгі мөлшері ылғал еденнен, қабырға мен төбеден, суарғыштан және канализация жүйесінен пайда болады. Мал бөлетін бумен салыстырғанда оның үлесі небары 10-30% ғана тиеді. Қора-жай ауаысына мал организмінен бөлінетін будың (теріден, тыныс жолдарынан шығарылған ауамен және т.б.) пайызы едәуір (60-80 %).
Ауа ылғалдылығының мал организміне әсері. Ауа ылғалдылығының гигиеналық мәні өте зор. Ылғалдылық, көбінесе қоршаған ортаның климат пен микроклимат жағдайын көрсетеді. Соған орай ауа, өсімдік, топырақ, қора кострукциясы мен заттардың жай-күйі және микроорганизмдер арқылы мал организміне тікелей және жанама әсер етеді. Ауада ылғалдың мол болуы жоғары температура жағдайында организмге жылудың жиналуына (гипертермия), ал төменгі температурада жылуды көптеп шығаруға (гипотермия) ықпал жасайды. Жоғары салыстырмалы ылғалдылық организмге, оның жылу шығаруына ауа температурасы ыстық кезде де, суық кезде кері әсер етеді. Мал организмінен ылғал тері және тыныс жолдары арқылы шығады. Ылғал тері арқылы тер түрінде және газ түрінде де шығады. Әдеттегі жағдайда жақсы күтіп-баққанда мал организмі ылғалдың булануына жалпы жылу шығынының 20-25% жұмсайды. Алайда ауа құрамында бу көп болса жылу организмнен булану жолымен шықпайды. Сондықтан да ылғал көп, температура ыстық кезде әрі ауа қозғалысының жылдамдығы төмен болса (қапырық, нашар желдетілген қораларда) организмнен жылу шықпай, қызады, ыстық өтеді. Ылғал ауаның сыйымдылығы құрғақ ауа сыйымдылығынан 10 есе үлкен. Соған орай ауа ылғалды әрі суық болса, оның үстіне ызғырық соқса организм тез мұздайды.
Мал қораларының жоғары ылғалдылығына қарсы мынандай шаралар жүргізу қажет: мал қораларын жобалағанда және салғанда құрылыс материалдарын дұрыс таңдау, оларды пайдалану кезінде зоогигиеналық талаптарды сақтау, құрғақ сабаннан төсеніш төсеу (сонда салыстырмалы ылғалдылық 8-12%-ға азаяды), сөндірілмеген әк қолдану (салыстырмалы ылғалдылық 6-10%-ға төмендейді), асыл тұқымды мал шаруашылықтар мен мал өсіретін өндірістерде малды қыста серуендетіп, жазда жайылымға шығарған дұрыс.
Ауа қозғалысы топырақтың, содан соң оған жақын ауа массасының біркелкі қызбауының салдарынан болатын құбылыс. Мәселен, ауаның жылырақ массалары жоғары көтеріледі де, ал олардың орнын температурасы төмен жылжыған тасқындары басуға тырысады. Жылжи отырып олар өздерінің жылдамдықтары мен бағытын өзгертеді. Мұндай қозғалыс ауаның турбалентті құйынды қозғалысы деп аталады. Оны құйын, жел кезінде бақылауға болады. Ауаның жер бетіне параллель тегістіктегі қозғалысын жел деп атайды. Сол желдің жылдамдығы секундына метрмен (м/с) өлшенеді. Ауаның жылдам қозғалысын, яғни желдің күшін сипаттайтын жылдамдық Бофорттың он екі баллдық шкалаыс бойынша анықталады. Бүкіл республика территориясына тән қасиет-желдің күштілігі. Қыс және күз айларында олар кейде дауылға айналады. Сондықтан қыста боран, жазы мен көктемде шаңды дауыл жиі кездеседі. Желдің күштілігі топырақты эрозияға шалдықтырып, егінді жояды. Қазақстанда желдің (жер бетінен 12 м биіктікте) жалпы энергиясы 1 млрд киловатт құрайтыны есептелген.
Ауа қозғалысы жылдамдығының секундына 0,1 м артуы оның суыту күшінің бір шаршы метрде секундына 0,19 мкал өсуіне әкеп соқтырады. Сондықтанда да зоогигиеналық нормаларда қора-жайлардағы ауа қозғалысының ең аз жылдамдығы қыста төл үшін секундына 0,02-0,03 метр, сақа мал үшін-0,2-0,5 м/с ұстау қарастырылған. Жазда немесе бордақыдағы бұқалар ұсталатын жабық мал қоралары немесе құс қоралары ауасының қозғалу жылдамдығы секундына 0,5 және 1 метрге дейін, ал сырттағы ауаның температурасы 31-35°С кезде малға салқын болу үшін секундына 1,5 метрге дейін арттырылады. Кейбір авторлар ауа тасқынының бағытын малдың басына бағыттаған дұрыс деген пікір айтады. Ауа қозғалысының жылдамдығын арттырған кезде, әсіресе ауа температурасы мен ылғалдылығы тәрізді микроклимат факторларын қатаң түрде ескеру керек.
Мал қораларында ауаның салқындату күші (катаиндекс) мына төмендегідей болуы керек: сиыр қорада-7,2-9,5 мкал/(см .с); бұзауханада-6,6-8; ат қорада-8,2-9,5; шошқа қорасында-6,5-8. Жас төлдерге арналған қораларда катаиндекс төмен болуы керек (4-5).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет