Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы


Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар



бет21/26
Дата12.07.2023
өлшемі1,1 Mb.
#104264
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
12. Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар.

Жеке адамның дамуының ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол – адам қалыптасуында жетекші фактор. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордың ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды.
Tәрбие – аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол – баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине, бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады.
Орта – адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Жеке тұлғаның дамуы әсер ететін факторлар және олардың ішкі, сыртқы деп бөлінуі төмендегі 47- суретте толық ашылды.
Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына, әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен, ал солтүстікте балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтарында ерекшеліктер байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет