Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы


ТПҮ мәні, құрылымы қасиеттері, ерекшеліктері, қызметтері, компоненттері



бет18/26
Дата12.07.2023
өлшемі1,1 Mb.
#104264
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
аза стан Республикасыны білім беру ж йесіні рылымы

10.ТПҮ мәні, құрылымы қасиеттері, ерекшеліктері, қызметтері, компоненттері,
заңдылықтары мен принциптері.

Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе. Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат – принциптер – мазмұн - әдістер – құралдар – форма.


Тұтас педагогикалық процестің басты қасиеттері:
а) педагогикалық процесс – әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың арасындағы іс-әрекеттердің алмасуымен анықталады;
ә) ынтымақтастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, мұғалімдермен, бірбірімен де) оқушы үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы болады;
б) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
в) педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік қасиетін әртүрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады. Педагогикалық процесс өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзінөзі дамыту мәселесі шешіледі.
Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс алға басу, жағдай, белгілі бір нәтижеге жетудегі бірізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Мұнда «процесс» деген ұғымның мағынасы «мұғалім мен оқушы» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бірізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуі керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет