Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы


Педагогикалық мамандыктың пайда болуы, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы



бет3/45
Дата31.12.2021
өлшемі1,1 Mb.
#22150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
пед рубеж 1

Педагогикалық мамандыктың пайда болуы, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы.

Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар Ежелгі Грек, Мысыр, Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, М.Ф.Квинтилиан және т.б. ғалымдардың еңбектері мен идеяларында көрініс табады.

Еуропада ең бірінші болып балаларға және мұғалімдерге арналған оқу құралдарын жазған неміс педагогы В.Ратке (1571-1635 жж.) болды.

Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды А.Дистерверг, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар өз еңбектерінде жан-жақты қарастырылады.

К.Д.Ушинский: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істердің бірі» – десе, П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, оқыту мен тәрбиелеу процестерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» кағидасының сақталуын қатаң талап етеді.

Я.А.Коменскийдің ізбасары К.Д.Ушинский (1824-1870 жж.) «Орыс мұғалімдерінің мұғалімі» атанды.

Ы.Алтынсарин (1841-1889 жж.) – көрнекті ағартушы-педагог, орыс алфавитіне негіздеп, қазақ алфавитін шығарушы. Ол мектеп жұмысын сабақ уақытымен ғана шектеп қойған жоқ, сабақтан тыс сағатты енгізді.

Мұғалім мамандығы – табиғаты жағынан гуманистік сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, әлеуметтік-мәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуметтік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты – оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі – жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.

Мұғалім – оқушының интеллектуалдық негізін және рухани дүниесінің қалыптасуына жауапты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық әлеуеті мол тұлға.

В.А.Сластенин педагогикалық кәсіптің жалпы сипатын және жеке мамандығына байланысты сипаттарын қарастыра отырып, төмендегідей мұғалімнің профессиограммасын ұсынады:

1) Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бұған ол мұғалімдердің идеялық, кәсіптік-педагогикалық, танымдық бағыттылығын жатқызады.

2) Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығына қойылатын талаптар. Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын біріктіреді.

3) Арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы.

4) Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны.
Профессиограмма – мұғалім, тәрбиешінің идеалды үлгісі, моделі, эталоны. Педагог профессиограммасы төмендегідей сапаларды қамтиды: қоғамдық-саяси; әлеуметтік-психологиялық және ұстаздың жеке басының тұлғалық сапалары; психологиялық және педагогикалық дайындық; мамандық бойынша кәсіби дайындық; пән бойынша дайындық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет